Жер астында қала бар Алтын мүйізді киік (3 сынып, II тоқсан)

 Жер астында қала бар Алтын мүйізді киік  (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Жер астында қала бар Алтын мүйізді киік
Оқу мақсаты: 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау;
3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: кейіпкерге мінездеме береді.
Көпшілік оқушылар: мәтіннен кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды және бағалайды.
Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс – әрекетіне, мінез-құлқының өзгеру себептерін бағалайды, өз ойын көркем –бейнелі сөздерді қолданып жеткізеді, мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Ойды жалғастыр» әдісі бойынша оқушылар берілген тірек сөздерді жалғастыра 5 топқа біріктіру.
Үлгі: көне, шахар, су құбыры, күмбез, монша т,б.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК, ОТ, Ұ) «Ой бұлты» әдісіне сүйеніп тақырыпқа қатысты ойды жоғалтып алмай, «Жер астында қала болуы мүмкін бе?» сұрағына ұжымда бірлесе жауап беру арқылы тақырыпқа болжам жасайды. «Өз болжамына сәйкес жерасты қаласында не болуы мүмкін?» сызбасын салып, әңгімелеп береді.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
2-тапсырма
(Т; ОТ; МК) «Әдеби шеңбер» әдісі бойынша ертегі мазмұнымен оқып танысады. Ертегі бойынша топтық жұмыс жасайды.(ертегіні түсініп оқу)
Топтың бірінші мүшесі: Талқы себепшісі
Топ талқылайтын ертегі туралы 3 немесе 4 сұрақ құрастырады. Бұл сұрақтарда ертегінің түрлі бөліктері мен басты тақырыбы қамтылуын қадағалау керек. Құрылған сұрақтар талқыға және сараптамаға себеп болатын ашық сұрақ болуы тиіс. Талдау кезінде жеңіл болу үшін осы сұрақтарға жауаптарын жазады.
Ертегіні түсіне отыра 3-4 сұрақ құрастырады, сұрақтар ертегінің мазмұнын сай құрылады. Құрастырған сұрақтарын басқа топтарға қояды.
Үлгі:
 Бұлдырмерген нені байқады, оның іс-әрекеті қандай болды? Ойыңды дәлелде
 Бұлдырмергеннің іс-әрекетіне қандай баға берер едің?
 Бұлдырмергеннің орнында сен болсаң, не істер едің?
Топтың екінші мүшесі: - Белгілеуші
Ертегіге көз жүгіртіп, ертегінің жалпы тақырыбы мен маңызына қатысты 3 немесе 4 маңызды бөліктерін белгілейді. Кейіпкерді анықтайды, мінездеме береді
Топтың үшінші мүшесі: Байланыстырушы
Ертегі мен шынайы өмір арасындағы 2 немесе 3 байланысты анықтайды. Бұл оқиғаларға өзінің жеке өмірінен, мектепте болып жатқан іс-шаралардан, басқа адамдар өмірінен, күнделікті жаңалық тақырыптарынан немесе тіпті теледидар бағдарламаларынан алынған оқиғалар жатуы мүмкін. Оларды тізіп жазады, тобымен пікір алмасады және сынып алдында жұмысын қорғайды.
Топтың төртінші мүшесі: Қорытындылаушы "Шың" әдісі арқылы ертегінің мазмұнын қорытындылайды. Ертегі композициясына тоқталады және ертегінің бөліктеріне ат қояды. Ертегінің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратып кестеге жазады.
Топтың бесінші мүшесі: Суреттеуші
Ертегіге қатысты нақты немесе абстрактілі сурет салады. Сурет салу қабілеті бұл жерде маңызды емес: ертегінің басты оқиғасын немесе кейіпкерін суреттеп жеткізе алуы маңызды. Мультфильм бейнелерін, диаграмма, сызбанұсқа, кесте арқылы беруге де болады.
(ҚБ ) Дескриптор
-кейіпкерге мінездеме береді;
-мәтіннен кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды және бағалайды;
-мәтінді құрылымдық бөліктерге (басы, ортасы, соңы) бөледі;
-мәтіннің әр бөлігіне ат қояды.
3-тапсырма
(ЖЖ; ОТ; МК) «Бірлесіп жазу» әдісі арқылы мәтінге сүйеніп немесе суретке қарап Бұлдырмергенге мінездеме жазады.
Киімі-
Аңшылығы-
Батырлығы-
Халқына құрметі-
Саралау: Жұбының жұмысын бағалау арқылы әр оқушы жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.
(Б) «Бір- бірін бағалау» ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 5 082



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Динара Умирзакова
    0 + 0 -
    9 мамыр жеңіс күні
  2. Ду
    Ду 22.12.2020 13:59
    4 + 1 -
    2. Мәтінге сүйеніп және суретке қарап, Бұлдырмергенге мінездеме бер.
    Көмектесініздерші. Пж
    Әдебиеттік оқудан 2 тапсырма 112 бет 3 сынып