Ауыл күзі (3 сынып, II тоқсан)

 Ауыл күзі (3 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Ауыл күзі
Оқу мақсаттары: 3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары: - шығарманы дауыстап, мәнерлеп оқиды;
- шығарма мазмұнын бойынша сұрақатарға жауап береді;
- өлеңнін көркемдеуіш сөздерді табады;
-көркем сөздерді түріне қарай ажыратыды;
-төрт жолды шығарма мазмұнына сәйкес келетін өлең, сурет, мәтін құрастыра алады.
Сабақтың басы
Психолгиялық ахуал орнату. «Қошеметтер бұрқасыны». Әр оқушы кішкентай қағаздың бөлігіне 1 жылы сөз жазады. Жазып болған соң, барлығы ортаға шығып қағаздарды жоғарыға лақтырады, кез келген қағазды ұстап алып, ішінде жазылған жылы сөзді дауыстап оқиды.
Топтастыру. Жоғарыдағы тапсырма арқылы топтастыру жүргізуге болады. Тарататын қағаз бөліктері бала санына сай әртүсті болу керек: 5 қызыл, 5 көк, 5 сары, 5 жасыл с.с. Жылы сөздерді оқып болған соң, түстер бойынша 5 топқа топтасады.
Сабақтың ортасы
Алдыңғы сабақта оқыған мәтінді еске түсіру.
-М.Дулатовтың қандай шығармасымен таныстық?
-Күз мезгілінің қандай басты белгілері бейнеленген? -Қандай мақал-мәтелдермен таныстық? Әр мақал –мәтелдің мағынасын сұрауға болады.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
1-тапсырма
(Ө,ЖЖ) Өлеңді тыңда. Мәнерлеп оқы.
Оқулықтағы Т.Жароковтың «Ауыл күзі» өлеңін үнтаспадан тыңдатыңыз немесе өзіңіз мәнерлеп оқып беріңіз. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады Сөздіктен түсініксіз сөздердің мағынасын қарайды, дәптерлеріне жазады. Эпитет сөздер: сұрша бұлт, күміс моншақ шық, сарғылт тартып жапырақ, қоңыр күз,
Теңеу сөзде: беті қызыл алмадай, кемедей, маржан бидай. Кейіптеу сөздер: жел үрсе қалтырап,маужырап, қол бұлғаған, сүзіп жүр . Оқушылар жеке түсініп оқиды, жұпта өлеңді мәнерлеп оқиды, бірін-бірі тыңдап, бағалайды.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, бағалайды.
Бағалау. Оқушылар жұпта бірін-бірі өзара «Шапалақ бұрқасыны» әдісі арқылы бағалайды.
2-тапсырма.
(Т) «Ыстық картоп» әдісі арқылы оқушылармен өткен тақырыптарды (терминдерді) қайталау көзделеді. Шеңбер жасап тұрған оқушылар бір-біріне кезек доп лақытарыды, доп лақтырған оқушы сұрақ қояды, қағып алған оқушы жауап береді, мысал келтіреді.
Сұрақтары әдеби жанрлар, олардың ерекшеліктері мен түрлеріне, көркемдегіш құралдар, т.б. байланысты болады:
- Қара сөз деген не?
- Өлең мен қара сөздің айырмашылығы неде?
- Эпитет деген не деп ойлайсың?
Ұмытып қалған оқушылар болса қабырғаларда ілулі турған анықтамаларды оқып, естеріне түсіруге болады.
Қара сөз (проза)- көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден (поэзиядан) бір айырмасы- онда сөз ырғағы еркін, әдебиеттегі сөзді саптау қалпына сәйкес келеді, өлеңдегідей белгілі өлшемдер сақталмайды.
Өлең- шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен буыны белгілі белгілі тәртіпке бағынған мағыналы сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, эллегия, баллада, сонет, т.б.
Эпитет (грек. «қосымша») – заттың немесе құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын, бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, айқындаушы сөз. Мысалы қазақ поэзиясында «алтын» сөзі эпитет ретінде көп қоданылады. Оның мағынасы да сан алуан:
- Түсті (алтын күз)
- Әдемілікті- (алтын қасықтай) – бұл эпитет –теңеу.
- Құтты мекенді- (алтын бесік-туған жер)
- Атақ-дәрежені (алтын жаға)
- Қазына-байлықты (алтын сандық)
- Жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам).
- Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады.
Теңеу, эпитет- затты,нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап,бағалайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.
3-тапсырма
(Ұ) Салыстырайық. Мұғалім тақтаға Венн диаграммасын сызады.
М. Дулатовтың «Күз» мәтіні мен Т.Жароковтың «Ауыл күзі» шығармаларын салыстырады, ортақ қасиеттерін анықтайды.
Саралау: тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, сондықтан барлығы қатысып отыруын қадағалап отыру ұсынылады. Уақыт болған жағдайда топта орындатуға болады. Оқушылардың әр жауабына кері байланыс беріп отырыңыз.
4-тапсырма
(Ө,ЖЖ,Т) Кестені толтырайық. Әр топ А4 қағазында берілген кестені толтырады. Өлеңнің шумақтарын топтарға бөліп беріп, сол шумақтар бойынша кестені толтыртуға болады. Мысалы: 1 мен 4 топ: 1-2 шумақ; 2 мен 5 топ: 3-4 шумақ; 3 топ: 5-6 шумақ. Толтырып біткен соң, «Галлереяны шарлау арқылы» бірін-бірі тексеріп, дескриптор бойынша бағалайды.
Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркесі эпитет теңеу
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Келіспеушілік те туындауы мүмкін, бастысы оқушының әр пікірі құнды екенін есте сақтаңыздар.
(ҚБ) дескрипторлар:
- Өлеңді мәнерлеп оқиды;
- Мәтіннен көркемдеуіш сөздерді анықтады;
- Эпитет немесе теңеу екенін дұрыс белгіледі;
5-тапсырма
(Ө) Берілген сызбаға сай, күзге қатысты көркем бейнелі сөздерді қолданып, жеке дәптерлерінде өлең құрастырады. Сөздер мен сөз тіркестерін беріңіз. Бұл тапсырма оқушылардың жазылым және айтылым дағдыларын жетілдіреді. Тапсырма арқылы оқушы өз ойын көркем бейнелі сөздер арқылы жеткізуді үйренеді.
Үлгі:
......................... күркіреп,
......................... сіркіреп.
......................... албырап,
......................... дамылдап.
Дескрипторлар:
- өлең тақырыбына сай;
- өлең ұйқастары сақталаған;
- көркем сөздерді қолданған;
- өлеңді мәнерлеп оқып берді;
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап,бағалайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Барлық баланы бағалау үшін мұғалім дәптерлердегі өлеңдерді оқып, кері байланыс беріпшығуға болады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 203



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?