Көркем шығарма элементтерін салыстыру №2 (3 сынып, I тоқсан)

 Көркем шығарма элементтерін салыстыру №2 (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Көркем шығарма элементтерін салыстыру №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру
3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен мысалдың үзіндісін иллюстрация нұсқасымен салыстырып, өз сөзімен толық (таңдауына қарай) сахналап, әдеби көркемдегіш құралдарды (кейіптеу) табады
Көптеген оқушылар: көркем-бейнелі сөздерді қолданып сахналай алады.
Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Сабақтың басы
Ширату. «Суреттер сөйлейді».
1. Оқушылар тақтада көрсетілген суреттердің сабаққа қандай қатысы бар екенін болжап айтады.
Оқу мақсатын анықтау: Мұғалімнің көмегімен мысалдың үзіндісін иллюстрация нұсқасымен салыстырып, өз сөзімен толық (таңдауына қарай) сахналап, әдеби көркемдегіш құралдарды (кейіптеу) табады.
Сабақтың ортасы
Оқиық. «Детектив» әдісі. (Ұ) Оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжа.
А. Байтұрсыновтың «Аққу, Шортан, һәм Шаян» мысалы бөліктерге бөлініп таратылады.
1. Бірінші бөлік. Іштей оқиды.
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу көкке, Шаян – кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
2. Оқып болған соң таладау жасалады, түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.
ҚБ: Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Салыстырайық. (Т,Ұ). Мысалдың үзіндісін иллюстрация нұсқасымен салыстырып, әрі қарай не болатынын болжа.
1. Тақтада мысал бойынша иллюстрация сурет көрсетіледі.
2. Сурет бойынша ойларын ортада талдап, әрі қарай не болатынын болжайды.
3.Әр топ өз нұсқаларын жазып көрсетеді
ҚБ:«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.
Оқиық. (Ө). «Жалғастыр» әдісі.
1. Мысалды әрі қарай жалғастырып оқиды.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай- ақ,
Асылы, жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірін көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.

2.Сурет бойынша жасалған болжам бойынша қаншалықты сәйкестік бар болғанын анықтайды.
3. Жүктің неге орнынан қозғалмағаны жөнінде өз ойларын айтады.
3. Өз жұмыстарын қортындылап, өзіндік баға береді.
ҚБ: Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.
Мен …………. туралы көп білдім.
Мені …… таң қалдырды.
Мен … сездім.
Мен………… басқаша қарайтын болдым
Анықтайық. (Т,Ұ). «Аққу, Шортан, һәм Шаян» мысалындағы әдеби көркемдегіш құралды (кейіптеуді) тап.
1. Мысалдың кейіптеу екенін табуға мұғалім көмек береді. Жетекші сұрақтар қойылады:
 Мысал әдеби көркемдегіш құралдың қай түріне жатады?
 Оған қандай дәлел келтіре аласыңдар?
Кейіптеу деген не? (Кейіптеу – әр түрлі табиғат құбылыстарын, жансыз нәрселерді адам кейіпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттеу).
 Ақын бұл мысал арқылы адамдардың қандай әрекеттерін сынайды?
 Сен бұл адамдардың орнында болсаң не істер едің?
ҚБ: «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.
Сахналайық. (Т,Ұ). Мысалдың мазмұны бойынша өз сөзідеріңмен (таңдауыңа қарай) сахналаңдар.
1.Топпен мысал кейіпкерлерінің маскасын (бет пердесін) әзірлейді.
2. Топ ішінде рөлдерді бөліп, сахналық қойлымның мазмұнын әзірлейді.
3. Барлық сыныпқа қойылымдарын көрсетеді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 929



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі