Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық-борышың» (3 сынып, I тоқсан)

 Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық-борышың» (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық-борышың»
Оқу мақсаты: 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Өлеңді іштей саналы түрде түсініп оқиды;
Көптеген оқушылар: өз ойы мен сезімін көркем бейнелі сөздермен жеткізе алады, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады;
Кейбір оқушылар: өз ойын дәлелдер келтіріп айтады, өлеңді мәнерлеп оқиды .
Сабақтың басы
1-5 минут Ширату тапсырмасы
«Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру)
Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді.Гүлдің түстеріне қарай топтарға бөлінеді. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1- тапсырма
(Ж) Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық-борышың» өлеңін оқушылар оқи отырып, қажетті ақпаратты белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі. Мәтіннен қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды. Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады.
Кестені толтыр
Жақсы деген немене?
Жаман деген немене?
Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.
ҚБ Түстер(жасыл,қызыл) арқылы бағалау
Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр оқушы өз жұмысында нені толықтыру керек, қандай өзгертулер енгізу керектігін анықтайды
2-тапсырма
(ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі.
Мұғалім жұмыстың орындалуын түсіндіреді. Оқушылар өзінің мәтіннен стикермен белгілеп жинаған мәліметтерін көршісімен бөліседі. Оқушылар көршісімен түсініксіз сөздердің мағынасын талқылайды. Өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойы анықталады.
Саралау:. Белсенді тыңдау, талқылаудың көп жақтарын көрсетеді.
ҚБ «Топ белсенділіктерін бақылау»
Топпен жұмыс және ұжыммен жұмыс кезінде тапсырманы орындау барысында топ мүшелерінің бірлесіп жұмыс жасауы мен белсенділіктерін бақылай отырып тапсырманың орындалуын бағалау.
3-тапсырма
(Т) «Мозайка» әдісі арқылы суретпен жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға сурет қиындылары таратылады. Топ болып сурет қиындыларынан сурет құрастырып, сол суретке қарап әңгіме құрастырады.Топтар өз суреттерін ортаға шығып қорғайды
Саралау: Топтар тез және үйлесімді жұмыс жүргізеді. Топта барлығы бірге жұмыс жасайды
ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.
4- тапсырма «Жалғасын тап»
Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады. Бұл әдісті сабақты бекітуге қолдануға болады.
Ата-ананы қадірлеу..............
Отанды қорғау..............
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
ҚБ «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 648



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі