Ғашықтар күніне орай астаналық өрен қымыздан "махаббат коктейлін" ойлап тапты

Ғашықтар күніне орай астаналық өрен қымыздан "махаббат коктейлін" ойлап тапты

Инновациялық жобалар байқауында Астананың жас тұрғыны қымыздан коктейль жасаудың жаңа әдісін ойлап тапты.

Бүгін Астана қаласы жастарының арасында өткен инновациялық жобалар байқауының марапаттау рәсімінде аталмыш идея комссия мүшелерімен жоғары бағаланды. Бұл шара бір жарым ай бұрын басталған-ды.

Елорда қаласының жасампаз жастарының арасында үздік инновациялық жобаларды таңдау бойынша өткен байқауда 4 аталым жарияланған болатын. Осы аталымдар бойынша үздік жобаларды арнайы комиссия іріктеді.

"Барлық жобаларды үздік деп санауға болады, себебі бұл жастардың тұңғыш бастамасы", - дейді Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.

"Жас инноваторлардың көпшілігі студенттер мен оқушылар. Бұл әрине, бізді қуантады. Жастарымыздың осындай инновациялық жобаларға жасампаздық танытып, өздерінің ойларымен бөлісіп, осындай үлкен ортаға салғаны үлкен жетістік болып табылады. Жастардың инновациялық еңбектерінің арасында күрделілері де, түрлі арман мен қиялды ұштастырып жасаған жобалар да бар", - деп атап өтті ол.

Т.Рахманбердінің айтуынша, үздік жобалар "Astana innovation" мекемесіне жолданады. Ол жерде қаржыландыру мәселесі шешіліп, ғалымдардың тезінен өткен еңбектер жылдың соңына дейін қолданысқа енгізілуі ықтимал.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі