Қанатты достарың Жүсіпбек Аймауытов Қараторғай (3 сынып, I токсан)

 Қанатты достарың Жүсіпбек Аймауытов Қараторғай (3 сынып, I токсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Қанатты достарың. Жүсіпбек Аймауытов. Қараторғай
Оқу мақсаты: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру;
3.1.4. 2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:. мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды, мәтін бөліктеріне тақырып қояды;
Көптеген оқушылар: мәтіннен нақты ақпаратты табады және сызба түрінде көрсетеді,
Кейбір оқушылар: әңгімелеу барысында иллюстрациялар/суреттер қолданады, жоспар құрады.
Сабақ барысы:
Сабақтың басы
0-4 Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды құстардың суретін көзді жұмып таңдау арқылы 5 топқа бірігеді.
1-топ: «Қараторғай»
2-топ: «Қарлығаш»
3-топ: «Үйрек»
4-топ: «Бозторғай»
5-топ: «Тырна»
«Жарнама жасау» әдісі арқылы өзі таңдаған құстары жайлы сипаттама береді .Біздің құстарға қандай көмегіміз бар? (оқушы үнін тыңдау)
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК, ЖЖ) «Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша оқушылар тыйым сөздерді құрастырады, мағынасын түсіндіреді.
Үлгі: Аққуды атуға болмайды, досыңды сатуға болмайды.
Құстардың жұмыртқасын жарма. Құсқа тас атуға болмайды.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
(МК, Ұ)
«Пікірлер ағашы» стратегиясымен Жүсіпбек Аймауытов туралы не білетінін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)
1.Ол кім?
2.Қайда туған
3.Қандай қызмет атқарған?
4.Қандай шығармаларын білесің?
Автор туралы: Жүсіпбек Аймауытов - жазушы, ғалым, қоғам қайраткері. (1889 – 1931). Ол 13 - 14 жасынан қисса, дастан жаттап, өлең шығара бастаған. Жүсіпбек балаларға арнап ертегілер, әңгімелер жазған. Оның «Шығармалар топтамасы», «Шернияз», «Жаман тымақ», «Ақбілек», «Психология» атты кітаптары бар.
2-тапсырма
(МК, Т) «ДЖИГСО» әдісімен мәтінмен жұмыс жүргізіледі. «Ашық микрофон» әдісі арқылы мәтінге сүйеніп, суреттегі кейіпкерлер арасында диалог құрады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
 мәтінді түсініп оқиды;
 ақпаратты сызбаға түсіреді;
 суреттерді қолданып, мазмұндайды;
 мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
 мәтіннің әр бөлігіне тақырып қояды.сипаттап жазады;
 ертегіге жоспар құрады.
3-тапсырма
(МК, ЖЖ) «Детальдарын қосу» әдісіне сүйеніп алдын ала құрылған мәтіннің жоспар бөліктерін ретімен қосады.
Дәптермен жұмыс: Сөздік жұмыс: Қаумалап, отағасы, сырғауыл.
Үлгі:
Қараторғайдың ауылға келгендегі әрекеті.
Атайдың қараторғай жайлы айтқан сөзі.
Көктемгі дала көрінісі айтылған тұс.
Балалар мен Қамбар атаның диалогы
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.
4 - тапсырма
( МК, Т) «Сия жұмсаушы» әдіс арқылы табиғатты қорғау туралы кластер құрастырады. Топ алдында қорғайды.
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 739



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?