Балабақша ойындары топтамасы

Балабақша ойындары топтамасы

Бөрік жасырмақ ойыны

Ойынға қатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайына жасырынуы керек.Қалған ойыншылар тығылған ойыншылардың тыққан затын іздеуге кіріседі.Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып алуға қам жасаса онда иесі бермеуге тырысады.Бермеудің жаңдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады.Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып,бөрікке жібермеуге тырысады.Бермеудің жағдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорқып, бөрікке жібермеуге тырысады.Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсауына болмайды.Қайткендеде алдап жүріп алып, оны жүргізушіге ертіп келулері керек.Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да , ойынаушының уақыттары жеткенше ойын жалғаса береді.


Не өзгерді

Психолог балаларға үлкендігі бірдей бірнеше жұмсақ ойыншықтарды көрсетеді.Балалар олардың атын атайды.Содан соң психолог балалардан көздерін жұмуын өтінеді де,ойыншықтардың біреуін алып тастайды.
Балалар көзін ашып, қандай ойыншық жоқ екендігін айтады.Ойын 3-4рет қайталанады.


Орын тап

Екі жұп арқасын түйістіріп қойған екі орындыққа айналып музыканың сүймелдеуімен билейді.Музыка кілт тоқтағанда, тұрған екі орындыққа отырып үлгеруі керек,орын алмай бос қалған екі адам айып төлейді, ән салу,би билеу, жұмбақ , жаңылтпаштар кайту.


Асау көк

Кешкі астан кейін мейманға ән салғызу, әңгіме-ертегі, жұмбақ, немесе жаңылтпаш айтқызу мақсатында ұйымдастырылады.Әуелі үй иелері «ауылдың алты ауызын» айтады да, онан соң «қонақ кәдесі» деп мейманның өнер көрсетуін сұрайды.Түк білмейтін қонақты айып ретінде мінгізетін керме арқан «Асау көк» деп аталады.Кермеге мінген қонақ әрі-бері сүрінбей жүруі керек.


Қарамырза

Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.
Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді.


Тасымалдау

Екі-екіден қарама-қарсы 3-4 жерге 4 орындық қойылады.Сол орындықтың екеуінің үстіне бес-бестен қасық қойылады.Ойын бастаушы екі адамның ортаға шығарып ойынның шартын түсіндіреді.Шарт : 5 қасықты әр қайсысында тұрған бос орындыққа бір-бірлеп көшірлкі керек.Ол үшін екі ойыншының көзін таңып қояды.Әр ойыншы өз қасығын өзіне тиісті орындыққа көшіру ,егер қарсыласының орындығына қойса, онда шатасқаны.Шатаспай бұрын көшірген адамға сыйлық беріеді.


Үш табан

Бұл ойынды үш-төрт баладан топтап екі-үш жерде ұйымдастыруға боладыОйын шарты бойынша әр балаға бір-бірден асық,бір-бір сақа беріледі.(Бұл ойынның жылдам әрі қызықты өтуіне сеп)Көмбеге бір-бірден асық тіккен әр топтың ойыншылары өз алаңдарында жеке-жеке сақаларын үйіріседі.Сақасы алшы түскен бала бірінші болып одан кейінгілері рет-ретімен (тәйке,бүк,ішік) «ұшуға» кіріседі.Ұшу дегеніміз-көмбеден алшақтау жерге барып сақа үйіру.Сақасы алшы түскен ойыншы бірден көмбедегі тігіулі асықты атуға жолдама алады.Осылай болмаған жағдайда асқ ату бәрі ұшып болған соң бастапқы кезек бойынша жалғасадыАлысқа ұшқан мергендер тигізе алмаса,көмбеде қалған ойыншыға кезек тиеді.Көздеген асығына дәл тигізіп және оны көмбеге жиегін алып өлшегенде үш табан артық қашықтыққа ұшырған ойыншыны қашан келесі асыққа тигізе алмай қалғанша атауды жалғастыра береді.Болмаса атқан асығы үш табаннан аспай қалғанда ғана ойынды тоқтатып,өзінен кейінгі бәсекелесіне кезек беруіне мәжбүр болады.
Ережебойынша ұтылған бала ойыннан шығып қалады.Сөйтіп айналасы екі-үш айналымның ішінде әр көмбеден бір-бір жеңімпаз шығып,олар енді орталық көмбеде ақтық (финал) сайысқа түседі.Бұл шешуші жарыса бірінші,және екінші орынға ие болған мергендерге арнаулы арнаулы жүлделер тапсырылса нұр үстіне нұр.


Ұйқыдағы аю

Ұйқыдағы аю.
Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады.
Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізі\п лорындыққа отырғызып қояды.Балалар орманда серуендеп келе жатып,ұйқыдағы аю көреді.Аю болса балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп,балаларды қуа жөнеледі.Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғыузып қояды.ойын қайта жалғаса берекді.
К\Құраладар:Аю бетпердесі.


Боран

Бұл үлкен кең залда болады.Бұл ойынға қажетті заттар «боран» киімі (ақ түсті беп перде,гимнастикалық қабырға болуы тиіс)
Ойын шарты:ойынға 8-10 бала қатыса алады.Бір баланы боран киімін кигізіп,қалған балалар боран алып кетпеуі үшін,Боран у-у-у деп келе қалғанда гимнастикалық қабарғаға өрмелеп шығуы керек.Боран соғып балаларды бір айналып өтеді.Ұсталып қалған баланы,боран алып кетеді.Ойын 2-3 рет қайталанып ойналады. К\Құралдар: Боран киімі ақ матадан тігілген жамылғы бептерде.


Тышқан мен мысық

Ойын мақсаты:балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету.
Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады.Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.
К\құралдар: мысық,тышқан бетперделері.


Арқан түю

Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да:-ойын бастайды –деп дауыстайды.Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады,арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді.балалар арқан үстімен секіріп тұрады.Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп,секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді,тақпақ,өлең айтады немесе билеп береді.Ойын осылай жалғаса береді.


Алақан соқпақ

Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге жиналады да дөңгелене отырады.Орталарынан бастаушы белгілейді.Оған сүлгі (орамал)беріледі.Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге –Алақанды тос!-дейді.Ол тосқан кезде бастаушы оның алақанына сүлгіні тигізіп-Сүлгі қайда?-деп сұрайды.Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын атайды.АКты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын тосады.Бастаушы-сүлгі қайда?-деп атын айтады.Ойын осы ретпен жалғаса береді.Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды.


Қара құлақ

Ойынға 5-10 бала қатысады.Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді.Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады.Басқалары әрі кетеді.Содан кейін ойынға қатысушылапр қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі
Таяп келіп мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады.Біреуі ойбай бұл қарақұлақ қой!-деп қаша жөнеледі.Қалғандары да –қарақұлақ,қара құлақ!-деп бытырай қашады.Қарақұлақ біреуін ұстау үшін тұра қуады.Ұсталған бала қарақұлақ болып,ойын әрі қарай жалғасады.


Әуе таяқ

Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5-тен 10 –ға дейін ойыншы. Болады.Екі топқа екі таяқша (жұмсақ)беріледі,жерге түзу сызық сызылады.Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады.
Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса,ойынды бастаушы сол болады.Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады.Осы кезде қасындағы таяғын лақтырады да,қасындағы баланың таяғын қағып түсіруі шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі.


Асау мәстек

Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға
Былай дейді.
Ер екеніңді білейін
Ешкі сойып берейін
Тақия алсаң еңкейіп
Құламасаң теңкейіп
Ерлігіңе сенейін
Ойын шартын қабылдап ,ортаға шыққан бала:
Асау мәстек бұл болса
Үйретейін көріңіз
Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек.Ойынды келесі бала осылай жалғастырады.


Қажет суретті тап

Қажет суретті тап
Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластелиннен жасаған заттар , конфет, бауырсақ, т.б.
Ойын ережесі:Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші-мұғалім үлкен суреті балалардың бәрі көрсетіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады.
Ойынның соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады ( өз қалаулары бойынша нан, құант тоқаш т.б.).


Қойма ойыны

«Қойма» ойыны . Мына жерге салыңдар!
Тәрбиеші « Әй, бүлдіршін! Қасқырлар мен лақтарды жинаңдар дейді. Мына жерге салыңдар деп 2 қорап ұсынады .Балалар ойыншықтарын,карточкаларын жинай бастайды ,Сол кезде тәрбиеші сен тағы қасқырлар мен лақтарды бір жерге жинап қойдың ба? Сенің лақтарыңнана түк те қалмас: қасқырлар лақтарды жеп қояды ғой !» ,- деп баланы заттарын жүйелеп жинауға үйретеді.


Бері -Кері қарай айтыспақ ойыны

Бері -Кері қарай айтыспақ ойны
Балаларға белгілі бір ертегіні («Шалқан», «Бауырсық») «артынан алдына», «соңынан басына» қарай айтып беруді ұсыныңыз. Ертегіде кездесетін кейіпкерлерді ретімен айтып шығу .Егер бала қиналса, оған көмек ретінде үстел үсті сахнасының пішіндерін немесе ертегі бойынша желілік бейнелер топтамасын беруге болады.


Мен не жасырдым? ойыны

Мен не жасырдым? ойыны. Балалардың алдына 3-4 түрлі заттар немесе қос суреттер қойылған. Балаларға сұрақ қою арқылы мен айтқан карточкамды немесе затты табуы керек. Әрбір сұрақтан кейін, әрі қарай қарастырылмайтын карточканы алып тастатып отырамын Мысалы, «Ол тірі ме?» деген сұраққа «иә» деп жауап берілсе, тірі емес заттар бейнеленген карточкаларды төңкеріп немесе алып тастаған жөн, ол баланың әрі қарай ізденуін және сұрақ қоюын жеңілдетеді.


Мені анықта ойыны

Мені анықта ойыны ( маңызды белгілер – анықтау негізі)
Әрбір заттың, тірі жанның көптеген белгілері бар. Мен мынадай ойын ойнатамын. Тәрбиеші айтады «Балалар,мен қазір белгілерін атай отырып, сендердің біреулеріңді суреттеуге тырысамын, ал сендер менің кім туралы айтып тұрғанымды анықтауларың керек.Кәне бастаймыз. Ол ұл. Оның шаштары қара түсті, көздері қоңыр,шалбарында 2 дәу түйме бар. Ол футбол ойнағанды жақсы көреді. Ол бүгін джинсы және тор көзді көк көйлек киіпті.Кім ол?
Балалар кім екенін ойлай бастайды да бір-біріне қарай бастайды.Бұл ойын аңғарымпаздыққа үйретеді.
«Иә, бұл Асқар. Асқар мен Арманның қандай қандай ұқсастықтары бар? Олардың қандай айырмашылықтары бар? Енді Кәмшат біреуді суреттеп берсің.».


Ортақ бір белгісіне қарай жіктей біл ойны

Ортақ бір белгісіне қарай жіктей біл ойны
Сабақ өткізу үшін карточкаларды немесе заттарды топтауға арналған қатты қағаздан кесілген және түрлі түсті сымнан жасалған әр түсті үш шеңбер баулар дайындау қажет.
Жіктеудің ең қарапайым түріне нақты заттардың атаулары бойынша жіктеу жатады: мысалы, балалар ойыншық топтарының ішінен көліктерді, аңдарды, қуаршақтарды, доптарды және т.б. таңдай алады.Кіші топ жасының ерекшелігін ескере отырып ең оңай түрі – жалпы ойыншықтардың іштерінен көліктерді таңдап алу, ойыншықтарды көлеміне, ақшыл түстісінен қоңырқай түстісіне қарай бөлу,яғни түс ажырата білу.


Жылға

Ойыншылар шыңбер жасап тұрады. Жүргізуші сайланады. Музыка әуенімен жүргізуші шеңбердің ішімен аралап кез келген бір ойыншының жанына келіп, оны ертіп алады. Солай еку, сосын үшеуі, сосын бәрі бірінің артынан бірі тіркеліп, музыка әуенімен жылғаны бейнелейды.


Көкпар

Екі топтан бірдей көлемде балалар шығады. Олар салт атты адамды бейнелейді. Ортада лақтың муляжы. Сигнал бойынша ойыншылар ортадағы лақты жерден іліп алып жөнеледі. Қалғандары оны тартып алуға әрекеттенеді. Қай топтың ойыншысы көкпарды тартып алса сол топ жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Балалар мына үнге құлақ салындаршы, бұлақтың сылдыры сияқты. Қандай тамаша!


Көрпе

Балалар залдың ортасында шығып, әр топтан 5-6 баладан бірінің артына бірі тұрады. Сигнал бойынша олар өз сандықтарының үстінде жиналып тұрған көрпеден бір-бірден алып, шеңбер жасайды. Содан кейін сандықты ашып, қыздар бір-бір орамал, ұлдар тақияны алып бастарына киіп, көрпеге отырады. Екінші сигнал бойынша бәрін керісіше орнына қойып, жинайды. Қай топ бірінші болып аяқтаса солар жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Аулада көктем күлемдеп тұр,
Гүлдер бүршік ата бастады.
Би: «Көктемгі гүлдер»
Тәрбиеші: Біз би тамашалап, демалып қалдық, енді ойнымызды жалғастырайық.


Ұшқыштар

Ұшқыштар
Ойын алаңын төрт бөлікке бөліп, жалаушалар мен белгі қойылады. Жалаушалардың артына балалар қатарға төрт топқпа бөлініп тұрады.
Балалар тік ұшақ жүргізушісі болады «Ұшуға дайындал» деген кезде, балалар қолдарын майыстырып ұшуға дайындалып «бж,бж,бж» ете бастайды. Енді «Ұш!» деген бұйрық берілгенде, қолдарын түзу ұстап ойын алаңын айналып ұшады.
Біраз ұшқаннан кейін «Қонамыз!» деген бұйрық беріледі. Сол кезде ұшқыштар өз орындарына келіп қонады. Қай топ бірінші болып қонғанын тәрбиеші байқайды.


Жұптық эстафета «допты беру»

Мақсаты: Жылдам қозғалып, допты дәл қолға беруді, шапшаңдыққа үйрету.
Кұрал-жабдықтар: Доптар, топтардың санына байланысты.
Ойын барысы:
Ойыншылар бір-біріне қарама қарсы жұп жұбымен тұрады. Бір ойыншыда доп. Ойыншылар жүгіріп келе жатып бір біріне допты беріп отыруы тиіс. Эстафеталық ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз атанады.


Өртті сөндіру

Өртті сөндіру
Мақсаты: Икемділіктерін дамытып, кеңістікті бағдарлай білуге үйретіп, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Су құйылған шелек, қызыл түсті кішкентай кемелер, майонездің бос шелегі, тазик.
Ойын барысы:
Белгілі бір ара қашықтықта балалар сапқа тұрады
1. Шелекке су толтырады
2. Су толтырылған шелекті бір-біріне береді
3. Өрттерді сөндіреді
4. Өшіріп су құйған бала бөгеттерден өтіп саптың басына барып тұрады.
«Секіртпелі жолдар»
Мақсаты: Балаларды белгі бойынша алға жылжуға, тізені бүгіп аяқ ұшын көтеріп секіруге үйрету, нақтылық пен шыдамдылық танытуға дағдыландыру.
Барысы: Балалар бір дөңнен екінші дөңге секіреді. Іздерді басып, қолдары белде болады.


Қасқыр қақпан ойыны

Тіл дамыту сабағында қолданылатын ойын
«Қасқыр қақпан» ойыны.
Ойын барысы: балалар екі топқа бөлініп, үлкен топ «қақпан», екіншісі «қасқырлар» болады.Үлкен топтағы балалар қол ұстасып шеңбер құра жүріп өлең айтады.
Қане, қане, халайық.
Қасқыр қақпан құрайық.
Қане, қақпан берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр, - дегеннен кейін, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Осы сәтте шетте тұрған қасқырлар шеңбер тасасындағы қой қораға лап қояды. Егер ойын басқарушының «жат» деген сөзінен кейін барлығы қолдарын төмен түсіріп отырып қалса, ортада қалған қасқырлар қақпан тобына қосылады. Ал, өтіп кеткендері ойынды жалғастырады. Сөйтіп, ойын ең соңғы қасқыр қалғанша жалғасады. Ойында қолданылатын өлең жолдары балалардың тілін жаттықтырады, әрі сөзді бірлесіп анық айтуға тәрбиелейді.
Басқа ұлттың мәдениетін, тілін меңгеру үлкен адамға қарағанда балаларға оңай түседі - бұл ақиқат. Балалар есте сақтауға аса көп күш жұмсамайды,олардың қызығушылықтары жоғары, ойына және мінез-құлықтарында әртүрлі стереотиптермен салмақ салынбаған. Сондықтан «жаңа ойынның» шартын оңай қабылдайды. Сауатты және қисынды түрде ұйымдастырылған ойын, үлкен нәтижеге және мақсатқа жеткізеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?