С әріпінен басталатын есімдер ұл балаға

С әріпінен басталатын есімдер ұл балаға

САБАЗ - иран тілінен алынған шаһбаз — ер, азамат, батыл; сұңқар. Біріккен тұлғалы есім — Сабазбек.

САБАНШЫ - көне түркі соқашы, егінші, дихан, көктемде егін айдау кезінде туған балаға қойылған есім.

САБАТАЙ – қазақ сөзі саба — қымыз ашыту, сақтау үшін жылқы терісінен істелген кен ыдыс; ауыспалы мағынасы бір нәрсенің мөлшері, шегі яғни баланың ой-өрісі, білім дәрежесі кең, болсын деп қойылған есім.

САБИҒАТ - араб тілінен — жаңа, жас; сұлулық, әдемілік. Фонетикалық түрі. — Сәбиғат.

САБЫР - араб тілінен — шыдамды, төзімді.

САБЫРЖАН - сабырлы, шыдамды, төзімді кісі. Синонимі — Сабырқан.

САҒАДАТ - араб тілінен - бақыт, құт.

САҒАТ - араб тілінен алынған саад - бақытты сәт, уақыт.

САҒИ - араб тілінен — бақытты, ырысты, құтты; мырза.

САҒИТ - араб тілінен — бақытты; ырысты; аман-есендік, саулық.

САҒЫМ - көне түркі тілінен саг — ақыл + тәуелдік жалғауы ым, яғни менің ақылдым, ойшылым деген мәнде қойылған ескі есім. Біріккен тұлғалы есім — Сағымбай.

САҒЫН - қатты аңсау, құмарту, көруге ынтық болу, яғни ата-ана ұлға зар болып жүргенде көрген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сағынбай, Сағынғали, Сағынтай.

САҒЫНДЫҚ - ұзақ уақыт сағынып, сарғайып жүріп көрген ер бала.

САҒЫР - араб тілінен — кішкене, кенже бала.

САДАН - моңғол тілінен— туыс, туған-туысқан.

САДЫБАЙ - (қараңыз: Жақсыбай).

САДЫҚ, СЫДЫҚ - араб тілінен - шын, адал, таза, ашық; сенімді адал дос.

САДЫР - араб тілінен алынған — кеуде, көкірек; басшы, бірінші; ұлы мәртебелі. Біріккен тұлғалы есімдер — Садырбай, Садырбек, Садырқан, Садыралы.

САЙБАҚ - араб, моңғол тіліндегі жақсы, оңды деген мағынаны білдіретін сайын сөзіне араб тіліндегі бақ - бақыт сөзін қосу арқылы жасалған есім. Яғни, аса бақытты, жақсы ғұмыр деген мағынаны білдіреді.

САЙДАР - моңғол тілінде - сай (сайын), иран тілінде ие болуды білдіретін + дар қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Мағынасы «жаксылық, қайрымдылық иесі» дегенді білдіреді.

САЙЛАУ - жаңа есім, халық депутаттарын сайлау кезінде дүниеге келген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Сайлаубай.

САЙМАСАЙ - бала әкесінен не анасынан аумайды, қатты ұксайды, дәл өзі сияқты деген мәнді есім.

САЙРАН - бала өмірде бақытты өмір сүрсін, сайрандап жүрсін деген тілекпен қойылған есім.

САЙРАМБАЙ - Сайрам қаласында туылған адам.

САЙЫН - моңғол тілінен— жақсы, онды. Біріккен тұлғалы есім — Сайынбек.

САҚТАР - бале-жаладан сақтасын деген мәнді есім.

САДЫБАЙ - (қараңыз Жақсыбай).

САҚЫП - араб тілінен алынған — сахиб — серік, жолдас, дос, таныс.

САЛАМАТ - араб тілінен - бейбітшілік, тыныштық, саулық; сәлем.

САЛАУАТ - араб тілінен - қаттылық, беріктік, табандылық, тұрақтылық; қажырлылық, жігерлілік.

САЛЫҚ – араб тілінен салиг — жақсы, ізгілікті, рақымды, тауфикты; адал.

САМАТ, СӘМЕТ - араб тілінен - мәңгі, тұрақты. Қысқарған түрі — Саматай.

САМҒА - аспанға ұшу, шарықтау.

САМҰРАТ - иран тілінен алынған шах + араб тілінен алынған мурад, Мақсатына жеткен шах. Синонимдері — Шахмұрат, Шаймұрат, Шамұрат.

САНА - бала ынталы, ақылды, парасатты болсын деген тілекпен қойылған есім.

САНАТ - араб тілінен алынған - өнер, сәулет, жарасым; ұлылық, дәреже.

САНДЫБАЙ - қазақ тілінен алынған санды — әдеттен тыс, сирек кездесетін + бай.

САНЖАР - араб тілінен - патша, император. Түркі тілдерінде — тесіп, түйреп өтуші деген мағынаны білдіреді.

САНСЫЗБАЙ - (қараңыз: Байсан).

САПА, САФА - араб тілінен - тазалық, ашықтық; адалдық; тыныштық.

САПАБЕК - адал.

САПАР - араб тілінен алынған сафар - саяхат, алыс жол.

САПАРБАЙ - араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бай. Өмір жолы ұзақ, мол болсын деген тілекпен қойылған есім.

САПАРБЕК - араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бек. Өмір жолы берік, мықты болсын деп қойылған есім.

САПАРҒАЛИ - араб тілінен — сапары, алған беті әркашан биік, жоғары болсын деп қойылған есім.

САПИ , САФИ - араб тілінен сафа — таңдаулы, адал дос.

САРДАР - иран тілінен алынған сар — сардар, генерал, бастық, қолбасшы; туркі тілінде — батыр. Біріккен тұлғалы есім — Сардарбек.

САРИ - араб тілінен — атақты, мейрімді, асыл.

САРМАН - моңғол тілінен сар — ай + ман - кісі аттарындағы қосымша, яғни «ай туды» деген мағынаны білдіреді. Синонимдері – Айтуды, Айтуған.

САРЫ - ауыспалы мағынасы — кең-байтақ; көп нәрсені білетін, қоғам өмірінен хабардар, білгір.

САРЫБАЙ - баланы алтынға балап немесе өмірде кең пейілді болсын деп қойған есім.

САРЫБАС - бала өңі сары немесе шашы сары болғандықтан қойылған; бала алғыр, білімді болсын деген тілекпен қойылған есім.

САРЫН - қатты дыбыс, үн; қатты ағын үні, екпін.

САСАН - иран тілінен — мүсәпір, тілекші. Ирандағы сасанидтер династиясы басшысының есімі.

САТАЙ - моңғол тілінен садан — туыс, туған, туысқан, жақын.

САТТАР - араб тілінен алынған — кешірім етуші, жасырушы; қорғаушы.

САУРАН - сый, тарту; ескіше екінші ай аты, сол айда туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сауранбай, Сауранбек.

САУРЫҚ - үйірге түспеген жас айғыр. Жас, жеткіншек деген мағынада.

САУЫҚ - араб тілінен — тамаша, ойын-күлкі, сауық-сайран; даңк, құрмет.

САУЫТ - батырлар киетін кіреуке. Бала мықты, берік болсын деп қойған есім. Біріккен тұлғалы есім – Сауытбай.


САФИ - араб тілінен — тандаулы, адал дос.

САФУАН - араб тілінен - тазалық, пәктік; қатты гранит тас.

САХИ - араб тілінен — жомарт, мырза.

САЯ - иран тілінен - қорғаныш, пана.

САЯТҚАН - араб тілінен алынған — саят — аңшылық, аң аулаушылық + хан.

САЯН - Саян тауы атынан қойылған есім.

СӘБИҒАТ - араб тілінен алынған - сұлулық, әдемілік.

СӘБИТ - араб тілінен алынған - мықты, тұрақты, табанды, адал.

СӘДУАҚАС - араб тілінен алынған сәйд - бақытты, ырысты, құтты + уа қосымша + хас — нағыз; яғни нағыз бақытты, ырысты адам. Қысқартып айту түрлері — Сәду, Сәкен, Оқас.

СӘЛМЕН - иран тілінен — есейген, ер жеткен, үлкен.

СӘЛІМ - араб тілінен алынған сәлим — сау, бүтін, толық, аман-есен; нағыз, шын, табиғи, аман-сау; қарапайым, адал. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәлімбай, Сәлімбек, Сәлімгерей.

СӘМЕН - иран тілінен — байлық, молшылық; күш, қуат, тәртіп, тыныштық.

СӘМЕТ – араб тілінен — мәңгілік, өмірлік, берік; бас ие, қожайын.

СӘМИ - араб тілінен — жоғары, биік, көтеріңкі, зор, асқар.

СӘРСЕНБІ - иран тілінен алынған шәһар — төрт + шәмбе — күн, төртінші күн, яғни бейсенбі, бейсенбі күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәрсенбай, Сәрсенбек, Сәрсенәлі, Сәрсенғали, Сәрсенқан. Еркелетіп, ықшамдала қысқартылған түрлері - Сәрсек, Сәрсен, Сәрсекей, Сәркеш.

СӘТ - араб тілінен - сад — бақыт, құт, ырыс.

СӘТБАЙ - араб тілінен — құтты бала (бай).

СӘТЖАН – араб тілінен алынған сәт, иран тілінен алынған жан — бақытты, ырысты адам.

СӘТІМ – араб және қазақ сөздері қосылған — менің бақытым, құтым, ырысым.

СӘУІР - араб тілінен алынған — жыл мерзіміндегі екінші ай аты, сол айда туған бала. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәуірбек, Сәуірқұл.

СЕЗІМ – жаңа есім - достық, адалдық, махаббат сезімдер балаға серік болсын деген қойылған есім.

СЕЙДАХМЕТ - араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + Ахмет, яғни әмір, бастық Ахмет.

СЕЙДӘЛІ - араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + ғали — жөғары, биік. Демек, жоғары, үлкен бастық, әмір. Синонимдері — Сейдәлі, Сейітқали.

СЕЙДУӘЛИ - араб тілінен алынған — мырзаның, бастықтың орынбасары, орындаушысы.

СЕЙДІЛДА, СЕЙДОЛЛА – араб тілінен алынған - мырза, орындаушы. Қысқартып айту түрлері — Сейдін, Сейділ, Сейдім.

СЕЙСЕНБАЙ - иран тілінен алынған се - үш, сенбі (шамбе) — күн + бай, яғни айдын үшінші күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сейсенбек, Сейсенби, Сейсенғали, Сейсенхан.

СЕЙІЛ - араб тілінен алынған - көктем мерекесі; халық серуені.

СЕЙІТМЕТ, СЕЙІТМӘМЕТ – араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайық адам.

СЕЙІТ - араб тілінен алынған сейидь — мырза, бастық, әкім; құрметті. Құрделі тұлғалы есімдер — Сейітәлі, Сейітбаттал, Сейітбек, Сейітжан, Сейітмұрат, Сейітқожа, Сейіткерей, Сейітмұкамбет.

СЕЙФОЛЛА - араб тілінен алынған саифи — қылыштан өткір, кесіп түскіш + олла, алла - яғни қылыштай өткір перзент.

СЕКСЕНБАЙ - мұндай есім көбіне бала әкесі 80 жасқа келгенде туған балаға қойылады.

СЕМБАЙ - иран тілінен алынған шамбе + бай, яғни сембі күні туған бала.

СЕМБІ - иран тілінен алынған шамбе — алтыншы күн, сөл күні туған балаға қойылған есім.

СЕНІМ - үміт, сенім.

СЕҢГІРБАЙ - көне түркі тілінен келген сеңгір - таудың биік төбесі + бай, бала таудай биік болсын деген мәнде қойылған есім.

СЕРӘЛІ - иран тілінен алынған сер, шер + әлі, ғали, яғни арыстан сияқты батыл. Еркелетіп айту түрі — Сертай.

СЕРҒАЗЫ - араб тілінен алынған - сер - басшы, бастық + араб тілінен алынған ғази — жауынгер; жауынгер, әскер, басшы.

СЕРҒАЛИ - иран тілінен алынған сер + араб тілінен алынған ғали; Басшы Ғали.

СЕРКЕ - қой бастайтын серке; ауыспалы мағынасы басшы, жетекші, көсем. Біріккен тұлғалы есім — Серкебай.

СЕРКЕБАЙ - (қараңыз: Байсерке).

СЕРІК - араб тілінен алынған шәрік — жолдас, серіктес. Біріккен тұлғалы есімдер — Серікбай, Серікбек, Серікқали, Серіктұр.

СЕРІКБОЛ - көптің серігі, досы бол деген тілекпен қойылған есім.

СИРАЖ - араб тілінен алынған - шырақ; жарық.

СОЛТЫБАЙ - араб тілінен алынған солдо — күш, өкім, билік; күшті, мықты; + бай. Демек, күшті, мықты адам.

СОМБЕЛ - белі мықты, күшті, балуан тұлғалы бөлсын деген тілекпен қойылған есім.

СҰЛТАН - араб тілінен — өкімет, билеуші, әкім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сұлтанбай, Сұлтанбек, Сұлтанғали.

СҰЛТАНГЕЛДІ - дүниеге, өмірге билеуші әкім бала келді деген мәндегі есім.

СҰЛТАНМҰРАТ - бала сұлтан боп тілегіне, мұратына жетсін деген мағынаны білдіретін есім.

СҰҢҚАР - бала сұнқардай көреген, батыл болсын деп қойылған есім.

СҮГІР - көне түркі тілінен келген сукур — хабар.

СҮГІРБАЙ - көне түркі тілінен - бала білгір ғылымнан, өнерден хабары, білімі мол болсын деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Сүгірбек.

СҮЙЕУ - ата-ана, туысқа тірек, таяныш болсын деп қойылған есім.

СҮЙІН - ырза болу, сүйіну, көңіл толу.

СҮЙІНБАЙ - көптің көңілі толсын, істеген ісіне разы болып сүйсінсін деген мәндегі есім.

СҮЛЕЙМЕН - көне еврей тілінде Шэломох — соломон — бейбіт, тыныш, қорғалған. Қысқартылып айтылу түрлері — Сүлей, Сүлейке.

СҮМБЕБАЙ - иран тілінен алынған сунба - мылтықтың сүмбесі. Бала сүмбедей тіптік, түзу, мүсінді, әдемі болып өссін деген тілекпен қойылса керек.

СҮНДЕТ - араб тілінен алынған суннэт — рәсім, әдет, дәстүр.

СҮТТІБАЙ - сүтке, жалпы аққа бай болсын деп қойылған.

СЫБАНҚҰЛ - бұл есімнің бірінші сыңары араб тілінен Шабан — тоқ, тойған; Бұл есімнің түбірі Сыбан, Шейбан, Шейбани, Шибан түрлерінде де кездеседі.

СЫДЫҚ - араб тілінен алынған седдик — шындық, растық, туралық; әрқашан тура айтушы; шыншыл, әділ.

СЫЛАН - көне түркі тілінен силан — тік, биік, сымбатты.

СЫМАҚ - иран тілінен алынған самеһ — жомарт, мырза.

СЫНДЫБАЙ - сымбатты, әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған есім.

СЫРБАЙ - араб тілінен алынған сиер — өмірбаян, табиғи жаратылыс, өмірдегі жағымды ісәрекет.

СЫРҒАБАЙ - араб тілінен алынған сыр + ға қосымша + бай; яғни бала өнер-білім, ғылым құпиясын жете білсін, соны меңгерсін деген тілекпен қойылған есім.

СЫРҒАБЕК - сырға берік, мықты болсын деп қойылған есім.

СЫРЫМ - көне түркі тілінен - шыдам, шыдамды, төзімді.

СЫРМҰХАМБЕТ - көне түркі тілінен сыр - шыдам, төзім, ұстамды + араб тілінен алынған Мухаммет, яғни төзімді, шыдамды, ұстамды Мұхамбет. Дыбыстың өзгеру түрі — Сырымбет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!