Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 11-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 11-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 11-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау
Сабақ мақсаттары: шығармадағы оқиғалар желісін, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тартысты анықтайды.
Сабақ барысы:
Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.
1. Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару.
«Семей полигонының тарихы» туралы инфографика көрсетіліп, сабақ мазмұнына қатысты кіріспе ой қозғау үшін оқушылар кестені зерттеп, негізгі ақпараттарды жіктейді.
2. Оқушылар Семей полигонын жабу туралы естіген әңгімелерін ойларына түсіріп, ортаға салады.
«Невада – Семей» қозғалысы, ақын, қоғам қайраткері О.Сүлейменов, Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланғаны т.т.
3. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийін оқушылардың өздері құрастырады.
4. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Мұғалім жазушы Роза Мұқанова туралы ақпаратпен таныстырады. Әңгіме жанры, оның ерекшелігі туралы баяндайды.
5. Т. «ДЖИГСО» стратегиясы
1-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:
1.Терең сайға бет алған Ләйлә-қыз.
2.Сезімсіз, жүрексіз, қатыгез Қатира.
3.Қарауылдағы той.
4.Қаралы Қарауыл.
5.Көрші ауданның басшы азаматтарының өтініші.
6.Екі тіршілік иесінің мәңгілік қоштасуы.
2-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).
3-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.
4-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды.
Қабілеті жоғары оқушылар сараптау топтарында үзіндіге талқылау жасауды ұйымдастырып, сұрақтарға жауап іздесе, қабілеті төмендеу оқушылар өзі оқыған үзіндінің мазмұнын айтумен шектеледі.
Дескриптор
• әңгіме мазмұнымен танысады;
• сараптау топтарында талқылайды;
• сұрақтарға жауап береді;
• тапсырмасын топта түсіндіреді.
Топтық бағалау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 4 191



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі