Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Эльбурс)

 Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Эльбурс)

Кавказдың таулары,
Өзені, көлдері.
Көк орай шыршамен өрілген таулары,
Нәр алған сияқты ғажайып көркіңнен.
Шыңына шықтым да,
Эльбурс тауының,
Үн қаттым өзіңе,
Аппақ қар үстінде.
Көңілім қобалжып,
Тұрса да сол сәтте,
Ешкімге ұқсамас,
Болмысың бір басқа.
Жаратқан өзіңді,
Тау қылып ерекше.
Көк тастан көмкеріп,
Күмбездеп қойғандай.
Шыңына шыққанда,
Көк тас та күңіреніп.
Найзағай жарқылдап,
Қаһарын көрсетті.
Ұғындым сол кезде,
Ғажайып күш барын.
Қызықтап, таңқалып тұрсам да,
Биледі бойымды қорқыныш сезімі.
Әлемде биік тау,
Эверест болса да.
Сен биік көріндің,
Көз жетпес шыңыңмен.
Әркімге көрінбес,
Бұлттардан тау асқан.
Ақ киіз төсеген,
Қонақжай көркіңмен.
Сол кезде ұғындым,
Тауда бір күш барын.
Құс қонбас құзға да,
Құштарлық қылатын.
Өзені құздардың,
Сарқырап ағатын.
Жел менен сырнай да,
Сыбызғы тартатын.
Ғажапсың, көркемсің, биіксің,
Сондықтан сұрапыл қаталсың.
Мінезін сан қилы, құбыла қалатын.
Пиғылы жаманды түзетіп алатын.
Ұқсаттым өзінді, ер түрік ту еткен,
Көк бөрі қасқырға.
Бүгін де өзіңе, бой түзеп қарап тұр,
Өрнек болып өрілген, кавказдың таулары.
Биіктіктен қарасам,
Еңсең биік бәрінен.
Төмендегі ел мекен.
Көрінеді бір уыс.
Басыңда жатыр күміс қар,
Етегің толған ел мекен.
Мұң қасірет төндірмей,
Бойынды мәңгі тік ұста.
Бас ием саған Эльбурс.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?