Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

 Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 4-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С 8.3.3. 1 - шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу;
Сабақ мақсаты: шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
«Жоғалған сөздер» тәсілі
Мұғалім интерактивті тақтадан өлеңнен үзінділер көрсетеді. Оқушылар үзінділеріндегі «жоғалған сөздерді» тауып жазады.
• Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
______________________ жан табалық.
Білімді сол кісіден ізденелік!
«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.
«¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬______________________ өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге» делік.
Тапқан іске таласпай, шын көнелік!
Жұртқа күлкі болмалық, жөнделелік!
Арамдықпен, алдаумен күн өткізбей,
________________________________!
Бұл Абай _______________________
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.
Тегін білсең –аласың, бос береді,
Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан.

Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,
____________________ ойға алалық.
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық!
• Оқушылар «жоғалған сөздердің» мағынасын анықтайды.
Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.
Топқа бөлу
Мағынаны тану
1-тапсырма Ж. «Жолаушының қойын дәптері»
1- қадам: Оқушыларға 3 бөліктен тұратын кестені сызып, бірінші бөлікке сабақта не туралы сөйлескенін, екінші бөлікке не туралы білгенін, үшінші бөлікке қандай ғибрат алғанын жазады.
Не туралы
сөйлестім? Не туралы білдім? Өлеңнен қандай ғибрат алдым?
2-қадам: Кестеге жазғанын жұбына оқиды, бір – бірінің жауаптарын тыңдап, ой бөліседі.
2- тапсырма ТЖ.
«Домино»
Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы шығарманың көркемдік-идеялық құндылығы бойынша оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.
Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетеді.
3- тапсырма Ж.,ЖЖ.
Оқушылар шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, ұсынылған тақырыптардың біріне әдеби эссе жазады.
Тақырыптар:
1. «Жастарға» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойыңызды талдап жазыңыз.
2. «Жастарға» өлеңін¬дегі ақынның ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын талдап жазыңыз.
Дескриптор:
 1 . Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды;
 2. Өз пікіріне нақты дәлелдер келтіреді;
 3. Әдеби эссеге қойылатын талаптарды сақтайды.
Қалыптастырушы бағалау.
Оқушылар жұбымен бір-бірінің жұмысын оқып танысып, комментарий жазады.
 Өлеңнің көркемдік-идеялық құндылығы эсседе қалай ашылған?
 Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап көрсете алған ба?
 Эссе авторы өз ой-пікірін, жеке көзқарасын қаншалықты шығармашылықпен жеткізе білді?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 038



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!