Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 5-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

 Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 5-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 5-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Суреттер толғайды
Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп, әңгімелеңіз немесе автор тілінде жиі қайталанатын эпифораларды қолданып, жыр жолдарын құрастырыңыз.
Бұл қандай сурет? Ненің кескіні?
Суреттегі елді мекендер Қазақстанның қай аймағында?
Осы жер-су атаулары туралы жазылған қандай шығармаларды білесіз?
Суреттегі тұлғалар туралы не айта аласыз? Олар сізге таныс па?
Суретке қандай атау берер едіңіз?
Сабақ тақырыбы мен мақсатын бірлесе талқылап таныстырады.
1-тапсырма. «Әдеби шеңбер» әдісі
Оқушыларға М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңінен үзінділер таратылады. Оқушылар жұппен үзіндіні оқып, мәтіндегі тарихи оқиғалар мен тұлғаларға, жер-су атауларына түсінік береді, шығарманың идеясын анықтайды.
1. Талқы себепшісі – «Сарыарқа» өлеңінің мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады. (кейіпкерлері, сюжет, қарым-қатынас, автор позициясы, т.б. бойынша)
2. Белгілеуші – өлең идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, маңыздылығын дәлелдейді.
3. Байланыстырушы – өлең идеясы мен автор көтерген мәселені өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.
4. Қорытындылаушы – автор позициясы мен идеясын, көтерген мәселесін қорытындылайды.
2-тапсырма. «Өзіндік пікір» әдісі
Оқушылар төменде берілген зерттеуші қорытындысына өз талдаулары негізінде пікір білдіреді.
Ақын пайымдауынша, ел болашағы барынша бұлдыр, мұнартқан сағым секілді болып көрінеді, сол себепті ол өткенді ойлап, соның қаймағы бұзылмай қайта оралуын көксейді. Бұл жырлар Шортанбай, Дулат шығармаларымен терең үндесіп өзара астасып отырады. Дәл осы сарынды Мұраттың “Сарыарқа” туындысына да тән деген жөн.
Мухатаева Қоңыр «Ы.Т.Дүйсенбаевтың ғылыми мұрасы» зерттеу еңбегінен
Топтық бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіреді сурет бойынша сұрақтарға жауап береді
эпифораларды қолданып, жыр жолдарын құрастырады
шығарма мазмұнына шолу жасайды
оқиғалар мен тұлғаларға, жер-су атауларына түсінік береді
шығарманың идеясын анықтайды
өлеңінің мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады
өлеңнің идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады
маңыздылығына дәлел келтіреді
автор көтерген мәселені өмірмен байланыстырады
автор көтерген мәселені қорытындылайды
зерттеуші қорытындысына өз талдаулары негізінде пікір білдіреді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 240



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі