Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңі және тарихи шындық (8 сынып, II тоқсан )

 Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңі және тарихи шындық (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңі және тарихи шындық
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И2. Автор бейнесі
Сабақ мақсаты: Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Ой қозғау
1. «Үш қиян» өлеңінің аудиоқұсқасынан 00.00.-2.00. аралығында үзінді тыңдайды.
2. Үзіндіде аты аталатын тарихи тұлғалардың тізбегін жасайды, сұрақтарға жауап береді.
3. Тарихи тұлғалардың автор шығармасындағы орны қандай?
4.Неліктен автор Асанқайғы, Қазтуған,
Орақ, Мамай, Телағыс, Шора, Исатай сынды аруақты ерлердің абыройын төккен жер деп зарланады?
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылармен бірге талқылап таныстырады.
1-тапсырма. Жуан-жіңішке сұрақтар
 Оқушыларға «Үш қиян» өлеңінің 1,2,3,4,5-бөлімдері таратылады.
 Мәтінді қатесіз түсініп оқиды;
 Мәтін мазмұны бойынша авторға бағытталған тың сұрақтар құрастырады;
 Автордың атынан сұраққа жауап беруге дайын тұрады;
 Басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдайды;
 Сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.
2-тапсырма. Авторға мінездеме
Оқушыларға «Үш қиян» өлеңінің 6,7,8,9,10,11,12-бөлімдері таратылады.
Үзінділерді топта оқып, автордың ішкі қаупі, толғанысы, жауапкершілігі, болжамы т.б. арқылы авторға мінездеме береді.
үзінділер автор көтерген мәселе (шынайылығы) қауіп-қатер, болжамдары авторға мінездеме
3-тапсырма. Ашық хат
«Неліктен сіз өз заманыңыздың ұнамсыз жағын ғана көрдіңіз?» деген сауалға дәлелді жауап алу мақсатында, авторға ашық хат жазады.
Топтық бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы автор бейнесін анықтайды аудиомәтіннен үзінді тыңдайды
тарихи тұлғалардың тібегін жасайды
сұрақтарға жауап береді.
жуан, жіңішке сұрақтар құрастырады
автордың атынан сұрақтарға жауап береді
автор көтерген мәселені анықтайды
автордың тебіреністерін табады
авторға мінездеме береді
авторға ашық хат жазады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 570



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?