Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 3-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

 Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 3-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• жыраудың өз тұлғасы мен әмірші бейнесіне;
• жыраулық дәстүрге сай берілген ақыл-кеңестерге талдау жасайды.
Сабақ барысы:
1. «Жұбыңды тап» жаттығуы. Мұғалім жаттығу шартын түсініреді: оқушылар дөңгеленіп тұрады, жетекші 3-ке дейін санайды, «1» деген кезде барлық оқушы басын төмен қаратады, «2» дегенде көздерімен жұптарын іздеп, бір-біріне белгі береді, «3» дегенде жұптасуға келіскендер бір-бірінің қолдарынан ұстайды.
2. Өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру.
ЖЖ. «Глоссарий» стратегиясы
Тапсырма: тізімде берілген сөздерді бір қарап шығып, мәтінмен байланысты болуы мүмкін дегенін белгілеп қойыңыз. Толғауды қайтадан оқып шығып, тізімге оралып, олардың мағынасы мен мәтіндегі қолданысын қайта қараңыз.
ГЛОССАРИЙ МАҒЫНАСЫ МӘТІНДЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ
көкшілі су айдынында, сұңқар
алдаспан наркескен қылыш
Қағба Меккедегі мұсылмандар құлшылық еткенде бет түзейтін қасиетті орын
күлік сәйгүлік, жүйрік жылқы
Жұптар бір-бірінің жауаптарын тексеріп бағалайды.
3. Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
4. Т. Оқушыларға толғау мәтіні таратылады. «Әмірші» және «Жырау» бейнесін ашатын тапсырмаларды топ мүшелері ақылдасып таңдайды. Әрқайсысына қатысты сипаттамаларды мәтіннен тауып, тілдік көрінісін талдайды.
БИ ТЕМІР БЕЙНЕСІ ЖЫРАУ БЕЙНЕСІ
Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің.
Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
Білерді білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан Қағбамсың! Көбең семіз торыңмын,
Көп құлыңның бірімін.
САЛЫСТЫРУ, БАЛАУ:
Сен – алтынсың, мен – пұлмын,
Сен – жібексің, мен – жүнмін,
Сен – сұлтансың, мен – құлмын,
Сен – сұңқарсың, мен – қумын,
Жемсауыңа келгенде, Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!
Талдаудың түйіні:
«...Жалпы, Би Темірге қарата айтылған осы екі толғауда өте дарынды жыраудың қайсар бейнесі мен текті батырдың алып тұлғасы айқын көрінеді. Шалкиіздің ақындық таланты қайтпас батыр­жыраудың образын айшықтаған. Мұндағы батыр­жырау өзінің тектілігі мен кемеңгерлігі жағынан әміршіден асып түспесе, кем түспейді, ол ержүректілік пен қаһармандылықтың, парасаттылықтың эталоны, көркемделген шыңы болып көрінеді. Сырттай қарағанда Би Темірді мақтап­марапаттаған болып көрінетін жолдар, шынтуайтына үңілсек, әміршіні дәріптеуден гөрі жыраудың өз бейнесін аша түседі, оны толығырақ сипаттайды. Бұл жолдарда әмірші қаншалықты
жоғары көтеріле көрсетілсе, жырау да өзін соншалықты биіктете түседі, сөйтіп, жасырын тұрған «әмірші мен жырау» деген оппозициялық ой өте шебер, көркем әрі нәзік айтылады».
С.Қасқабасов.
Қабілеті жоғары оқушылар Мәтіндегі «Мен» сөзінің қолданысын талдайды: бұл жерде жырау «мен» деу арқылы өзінің қоғамдағы орнын аңғартып тұрғанын, «меннің» ар жағында халықтық «біз» ұғымы жатқанын түсіндіре алуы керек.
Қабілеті төмендеу оқушыларға bilimland.kz курсынан тақырыпқа қатысты тест тапсырмаларын орындатуға болады.
Дескриптор
• толғау мәтінін қайтадан оқып шығады;
• әмірші мен жырау бейнесіне қатысты үзінділерді анықтайды;
• тілдік ерекшелігін/қолданысын талдайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 812



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі