Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

 Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақ тақырыбы: Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 1-сабақ
Осы сабаққа қатысты оқу мақсаттары:
8.1.4. 1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
8.2.4.1 - шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Cабақ мақсаттары:
Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады;
Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту ЖЖ. «Арқадағы сурет»
Жұптағы бір оқушы тақтаға, екіншісі қабырғаға қарап
отырады. Қабырғаға қарап отырған оқушы бір парақ
қағазға берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) сурет
салады. Тақтаға қарап отырған
оқушы суреттің атын атамай, сипаттап айтып беріп
отырады. Уақыт біткенде, суретті көріп, қаншалықты
дәл салынғанын анықтайды.
Оқушылар сабақ мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.
Топқа бөлу
Оқушылар балмұздақ таяқшаларын таңдап алады. Әр таяқшада оқушының аты мен топ саны көрсетіледі.
1-тапсырма. ЖЖ. «Айтарым бар» әдісі
Оқушыларға толғаудан төмендегідей мәселелер ұсынылады:
1. Аспанды бұлт құрсайды -
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды -
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды -
Күйбендескен көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды!
2. Жақсыңнан мені кем көрдің,
Жаманыңмен тең көрдің.
3. Бостаны бар-ды теректің,
Болаты бар-ды беректің,
Тұсыңдағы болған нартың қорлама,
Тұсыңдағы болған нартың қорласаң,
Табылмас-ты керекте.
4. Жақсы да келер бұ көпке,
Жаман да келер бұ көпке,
Түгел іс қойып болмас бір кепке.
 Жұптар осы мәселелердің біреуін таңдап алады.
 Мәселені жұпта талдайды;
 Орындап біткен соң, осы мәселені талдаған өзге жұптармен топқа бірігеді.
 Әр топ өз мәселесі бойынша постер қорғайды.
 Постер қорғайтын оқушыны мұғалім балмұздақ таяқшалары арқылы таңдайды.
Мәселе
Мәселенің өзектілігі
Дәлел
Бағалау критерийі Дескрипторлар
Өз көзқарасын дәлелді жеткізу үшін көркем шығармадан үзіндіні орынды пайдаланады.
Мәселенің өзектілігін анықтайды;
Сөзінің дәлелі ретінде толғау мазмұны, өмірден алынған мысалдар келтіреді.
Мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіреді;
Мәселеге қатысты түйінді пікір айтады.
2-тапсырма. Ж.
«Екі жақты күнделік» стратегиясы
Толғаудан үзінді Өз үзіндім
Бағалау критерийі Дескрипторлар:
Өзіне ұнаған үзіндіні қайта өңдеп, креативті жазады. Толғаудан өзіне ұнаған үзіндіні таңдайды;
Үзіндіні өз стилімен қайта өңдеп, креативті жазады;
Көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, метафора – 3-2-1) орынды қолданады;
«Екі жақты күнделік» кестесін толтырады.
Оқушылар жазбаларын ауысып (5 мин) оқиды. Өздеріне ұнаған жазба жұмысының сәтті тұстарын басқаларға айтып береді (3 мин)......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 952



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі