Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» Адамгершілік имандылық ұлттық болмыс (8 сынып, I тоқсан )

 Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» Адамгершілік имандылық ұлттық болмыс (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» Адамгершілік, имандылық, ұлттық болмыс
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар: (Оқу бағдарламасына сілтеме) 8.Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
1-тапсырма. TED әңгімелері (talks)
төмендегі тақырыпшалар бойынша 3-5 минуттық TED әңгімелерін (talks) топта дайындау тапсырылады.
Ахмет Йасауи сақтандырған 5 нәрсе:
1. Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық бол.
2. Менмен, тәкәппар болма.
3. Дүние - мүлік үшін арыңды сатпа.
4. Арамдықтан аулақ бол.
5. Еріншек болма.
2-тапсырма. 9-хикметтен берілген үзінділерді өздері құрастырған TED әңгімелерімен (talks) салыстырады, имандылық қағидаларымен байланыстырады.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын бірлесіп талқылайды.
Мағынаны тану
1. Мұғалім оқушылардың пафос ұғымы бойынша түсінік береді.
Пафос (гр. pathos — сезім,құмарлық), құлшыныс, құштарлық, асқақтық, қуатты сезім мен терең шабыт мағынасында қолданылған. Ежелгі грек әдебиетінде Пафосты қаламгердің шығармашылық ойының сын-сипатын айқындауда, туындыларында заман бейнесінің бейнеленуі дәрежесін бағалауда негізгі көрсеткіш ретінде таныды. Пафос арқылы ақын-жазушының қоғамдық-әлеуметтік идеалын анықтау да қалыптасты. Көркем шығарманың идеалы мен оның Пафосының тығыз байланыста болатындығы осы екі ұғымды бірде ыңғайлас, бірде қарама-қарсы сапада қарастыруға негіз болды. Пафос қаламгердің “соты” мен “үкімі” деген де көзқарас бар.
2. Әдеби-теориялық ұғымды шығарма мазмұнымен байланыстырады.
1-тапсырма. Оқушылардан оқулықта «Даналық кітабынан» берілген өмірдің мәні мен ақиқат туралы үзінділерді оқу тапсырылады. Оқушылар Йасауи сақтандырған бес нәрсе негізінде шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.
Әдебиетшілер - хикметтердің тақырыбы мен идеясын талдайды, идеясымен автор көзқарасымен келісіп-келіспейтіндіктеріне пікір білдіреді.
Тарихшылар – тарихи кезеңге қатысты сөздер мен сөз тіркестерін, өлең жолдарын теріп жазып, тарихпен байланыстырады, авторлық пафоспен келісіп-келіспейтіндіктеріне пікір білдіреді.
Этнографтар – шығармадағы ұлттық және адами құндылықтарға зерттеу жүргізеді, автор көзқарасымен келісіп-келіспейтіндіктеріне пікір білдіреді.
Лингвистер – автор қолданған көркем тіркестерді теріп жазады, автор қолданысына пікір білдіреді.
Топтық бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіреді
TED әңгімелерін (talks) топта дайындайды
сабақ тақырыбына қатысты тақырыпшалардың мағынасын ашады
TED әңгімелерін (talks) 9-хикметпен салыстырады
имандылық қағидаларымен байланыстырады
әдеби-теориялық ұғымды түсінеді
өмірдің мәні мен ақиқат туралы үзінділерді оқиды
Йасауи сақтандырған бес нәрсе негізінде хикметтердің идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады
авторлық пафос, идея мен көзқарасқа ғалым тұрғысынан пікір білдіреді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 916



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!