Анамның ақ сүтіндей қасиетің

Анамның ақ сүтіндей қасиетің

Тамаша тілім барда айнала маң,
Жан бар ма асыл сөзден жайнамаған?
Анамның ақ сүтінен жаралғандай,
Өзіңнен артық тілді қайдан алам!

Анашым ақ бесікті тербеткенде,
Әлдилеп мол мейірімен әндеткенде.
Жаныма шәрбат болып енген тілім,
Табынам әз қасиет бар деп сенде.

Сәбидің бесігінен басталатын,
Әз тілім, неткен таза, асқақ атың?!
Ардақтап ана тілдің мөлдір үнін,
Жыр жазып, ән айтайық аспандатып.

Шетқақпай шерменде боп тілім енді,
Тағдырың жүрегімді тілімдеді.
Дүбәра, тіл білмейтін туысқаным.
Ұялтып жүрсің әбден бүгін мені.

Ағайын, бұл – базына өтінішім,
Жаутаңкөз ана тілдің өкініші.
Басында мәртебе бар өз тіліңді
Аялап қатарға қос, үлкен-кіші!

Анамның ақ сүтіндей қасиетің,
Сол үшін жөніміз бар бас иетін.
Өзіңсің. Сенің ғана құдіретің,
Болашақ қазақтарды өсіретін.

Автор: Ақмаржан Таубаева
28.06.1990 жылы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі