Мұхтар Әуезов «Көксерек» (7 сынып, III тоқсан )

 Мұхтар Әуезов «Көксерек» (7 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Балалар мен үлкендер
Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Көксерек»
Оқу мақсаты: Б/С2. Заманауилығы мен жаңашылдығы
7.Б/С2.Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру
Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.
Сабақтың мақсаты: Шығарма мазмұнын толық түсіну;
Әдеби шығарманың жанрын анықтау;
Шығарманың жаңашылдығын анықтау;
Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені түсіну.
Сабақ барысы:
Алдыңғы сабақта өткенді қайталау:
• Шығарманың жанры:
• Тақырыбы:
• Идеясы:
• Шығарманың жазылуына не себеп болды?
Дескрипторлары:
1. Шығарма мазмұнын толық түсінеді;
2. Әдеби шығарманың жанрын анықтайды;
1-тапсырма.
1) «Коллаж әңгіме»
Түрлі-түсті суреттері бар журналдардан әртүрлі суреттерді қиып алып, флипчартқа жабыстырып, тақырыпқа қатысты әңгіме құрастырыңыздар.
2) Шығарманың жаңашылдығы неде деген сұраққа жауап беріңіздер.
Күшік асырап, ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды, мені атты. (Абай).
Дескрипторлары:
1. Тақырыпқа қатысты әңгіме құрастыра алады;
2. Шығарманың жаңашылдығы неде екенін анықтай алады.
2-тапсырма. «Ыстық орындық» әдісі
Сынып оқушыларын 4 топқа бөлеміз. Әр топтан бір оқушы «Ыстық орындыққа», шығарма авторы, басты кейіпкер, Құрмаш пен әжесі, шақырылады. Қалған оқушылар қоятын сұрақтарын талдап алады (әр кейіпкерге әр топтан бір-бір сұрақтан. Сонда 4 кейіпкерге 4 сұрақ дайындайды).
Үлгі сұрақтар
1.Авторға: «Шығарма атауының сырын түсіндірсеңіз»
2.Құрмашқа: «Сіз ауыл адамдары мен әжеңіздің ескертпесіне неге құлақ аспадыңыз?»
3. Көксерекке: «Сіз неге Құрмашты өлтірдіңіз?»
Дескрипторлары:
1. Берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре алады;
2. Сұрақтарды жүйелі құрастыра алады; талқылауға белсенді қатысады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 235



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі