Расул Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі Әңгімедегі автор мен кейіпкер бейнесі (6 сынып, IV тоқсан )

 Расул Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі Әңгімедегі автор мен кейіпкер бейнесі (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Расул Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі. Әңгімедегі автор мен кейіпкер бейнесі
Оқу бағдарламасына сілтеме: А/И2. Автор бейнесі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгейдегі дағдылар
Сабақтың мақсаты: Шығармадағы автор бейнесін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңінің бейнебаянын көрсету.
Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийі таныстырылады.
Оқушыларды әңгімедегі кейіпкерлерінің аттары арқылы 3 топқа бөлу.
1-топ – Автор
2-топ - Суретші
3-топ – Суретшінің анасы
Мағынаны тану кезеңі
I. «Ойлан,бөліс,талқыла!» әдісі.
1.Тікенек басындағы құстың оқиғасы мен суретші өмірінде қандай ұқсастықтар бар? Айырмасы қандай?
2.Анасы адасқан ұлын неге кешірмеді?
II. Топтық жұмыс. «Сөздік гол» ойыны.
Сынып бұрышында ілінген сөз тіркестерін екі тілде аударып, шығармадағы қолданысын анықтайды
Сөз тіркесі Орыс тілінде Ағылшын тілінде Шығармадағы қолданысы
Авар ұлты
Елді аңсау
Дескриптор:
1.Жасырынған сөз тіркестерін рет-ретімен дұрыс табады;
2.Сөз тіркестерінің аудармасын дұрыс табады;
3.Сөз тіркестерінің шығармадағы көрінісін анықтайды .
Бағалау: «Бармақ» әдісі
III. Топтық жұмыс
2-тапсырма
«Қос жазба» күнделік әдісі.
Шығармадан баяндаушының немесе кейіпкердің көзқарасын, пікірін білдіретін үзінділерді белгілеңіз. Осы үзіндіден баяндаушының немесе кейіпкердің көзқарасын «қос жазба» күнделігі арқылы түсіндіріңіз.
Мұғалімге нұсқау:
-екі кестенің сол жағына әңгімеден үзінділер жазылады, оң жағына түсіндірме жазылады.
-үзінді –әңгімеден алынған үзінді, ал түсіндірме неге осы ойды таңдады, ол несімен маңызды екенін түсіндіреді.
1-топ – Автор
2-топ - Суретші
3-топ – Суретшінің анасы
Үзінді Түсіндірме
...Жер жүзін талай шарлап, алыстағы бөтен елдердің жарқ-жұрқ еткен астаналарында да болыпты...
...менің ұлым баяғыда өліп қалған...
...Кезінде туған жерімнен жанып тұрған жас жүрегімді алып кетіп едім. Енді еліме тек қаудыраған қу сүйегімді қайтаруға хақым бар ма?
Дескриптор:
- Әңгімеден баяндаушының немесе кейіпкердің көзқарасын, пікірін білдіретін үзінділерді анықтайды;
- Баяндаушының немесе кейіпкердің іс-әрекетін, көзқарасын өз пікірімен түсіндіреді;
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 696



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!