С Мұратбеков «Жусан иісі» (6 сынып, III тоқсан )

 С Мұратбеков «Жусан иісі» (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: С. Мұратбеков «Жусан иісі»
Оқу бағдарламасына сілтеме: Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
Сабақтың мақсаты: Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды М. Мақатаевтың бір шумақ өлеңімен топтарға бөлу.
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
Үй тапсырмасын пысықтау.
Оқу мақсаты, бағалау критерийлерін, құндылықтарды таныстыру, талқылау.
Қызығушылықты ояту
– Балалық шақ дегенді қалай түсінесіңдер?
– Адам өмірінде балалық шақ маңызды орын алуы мүмкін бе? Неліктен?
Оқушы жауабы мен жаңа сабақты байланыстыру.
Мағынаны тану
1.Ж. Тапсырма: оқулыққа сүйеніп, С. Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы дәптерде кластер жасату.
С.Мұратбеков – жазушы, ұстаз, Талдықорған өңірінің перзенті, алғашқы туындысы 1954 жылы жарық көрген, шығармалары: «Жабайы алма», «Ауыл оты», «Жусан иісі», 1936-2007 жылдары аралығында өмір сүрген т.с.с.
«Алыста қалған балалық шағым...» – деп басталады «Жусан иісі» әңгімесі. «Біздің ауыл Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді. Ұзыннан-ұзақ бір көше боп жоғарыдан төмен қарай созылып жататын», – деп жалғасады.
Демек әңгіменің авторға қатысы бар деп ойлайсыңдар ма?
«Ойымнан жарғақ сары тоны қаудыраған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық, ақсақ қара бала бір кетпейді.»
Әңгіме кім туралы деп ойлайсыңдар?
Әр топқа оқиға желісін білдіретін тақырыптар жазылған үлестірме қағаздар таратылады (екеуден). 2.Т.Тапсырма: берілген тақырып бойынша екі жақты түсіндірме кестесін толтырыңдар.
Кейіпкерлері
Негізгі оқиға (4-5 сөйлем)
Оқиғаның әрі қарай дамуына әсері (3-4 сөйлем)
Маған әсер еткен тұсы (3-4 сөйлем)
Ұсынылатын тақырыптар:
1.Балалық шақты еске түсіру, Аянмен алғашқы таныстық
2.Ауыл балаларымен достық
3.Хат тану
4.Тобығын тайдыру
5. Аянның ертегілері
6.Әжесінің қайтуы
7.Аян Бапай үйінде
8.Интернатқа кету
Дескриптор: - шығарманың сюжеттік дамуын талдайды; - өзіне әсер еткен тұсын әңгімелейді. Бағалау: «Бармақ» әдісі
Сергіту сәті: «Жусан иісі» әні
3.Т. Тапсырма: тақырыптарды негізге ала отырып, шығарма желісі бойынша оқиға картасын толтырту.
Оқиға картасы
Дескриптор:
- оқиға желісіне сүйеніп картаны толтырады.

Бағалау: «Бармақ» әдісі
Ой толғаныс
«Бақыт деген – сенің бала күндерің...» Хикаяттан алған әсеріңді бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, үзіндіні 15-20 сөзбен жалғастырып, мәтін құраңдар.
Сыныпта 4-5 оқушыға эсселерін оқыту.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 405



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі