Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты Әңгіменің композициялық құрылысына талдау (6 сынып, III тоқсан )

 Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты Әңгіменің композициялық құрылысына талдау (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты. Әңгіменің композициялық құрылысына талдау.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады:
Әңгіменің мазмұнын баяндайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Әңгіменің мазмұнын баяндап, шығарманың композициясын анықтайды.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Әңгіменің мазмұнын баяндап, шығарманың композициясын анықтап, сюжеттік дамуын сипаттайды.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды өлең жолдары арқылы 4 топқа бөлу. Топ өздеріне түскен өлең жолдарының мағынасын айтып өтеді.
Атандым Мұқан палуан, бала жастан.
Ішінде күштілердің болдым астам.
Талай-талай жерлердің дәмін татып,
Өтті дәурен осылай біздің бастан
Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын, үй тапсырмасын пысықтаймын.
II. Қызығушылықты ояту.
Күш атасы Қажымұқанның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаянын тамашалау.
Қажымұқанның өмірі мен шығармашылығы туралы ойларын ортаға салу.
1.Қажымұқан қай жерде,қай жылы дүниеге келген?
2.Болашақ чемпионның әкесі қандай болатын?
3.Бала Мұқанның балалық шағы қалай өтті?
4.Қажымұқанның балуандық жолы қай жылдан басталады?
5.Ол ең алғаш қай жерде өнер көрсетеді?
6.Қажымұқанмен күрескен әлем чемпиондары.
7.Қажымұқан қазақ тарихында алатын орны.
8.Қажымұқанның лақап атаулары.
9.Қажымұқанның майданға қосқан үлесі.
III. Мағынаны тану кезеңі. Топтық жұмыс
1-тапсырма:
Әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасаңыз.
Композиция
Басталуы
Дамуы
Өрбуі
Шиеленісуі
Шарықтау шегі
Шешімі
1. Басталуы: Мұқанның саудагер Иван Ногичке жалданып жұмыс жасау.
2. Дамуы: Орлий Масликовтың қызметіне ауысуы.
3. Шиеленісуі: Бір шана шөпті бай үйіне жая сүйретіп келуі.
4. Шақыртау шегі: Иван Лебедевтің мектебінен дәріс алуы, өзіне жақын дос табуы.
5. Шешімі: Париж сахнасында өнерін көрсетіп, құрметке бөленуі.
Дескриптор:
- шығарманың композициясын анықтайды.
- шығармадағы эпизодтарды композициялық құрылысқа жіктейді;
2-тапсырма
Композиция бойынша әңгімені өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.
Дескриптор:
- композиция құрылымы бойынша әңгіменің сюжеттік дамуын өз сөзімен әңгімелейді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 572



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі