Абай Құнанбайұлы«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі (6 сынып, II тоқсан )

 Абай Құнанбайұлы«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
Сабақ мақсаты: Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Сөздердің мағынасын анықта . Осы сөздерді қатыстырып шағын мәтін жаз.
Ермек үшін жазу, ертегіні теру, орамды тіл, үлгі беру, көзі ашық, жастар деген сөздер қиынды түрінде әр топтың алдына тасталады.Әр топқа бір-бір түсіндірмелі сөздік берілуі керек. Оқушылар топта осы сөздердің мағынасын анықтағаннан кейін, осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады. Сөйлемдер бір-бірімен мағыналық байланыста мәтін түрінде болу керек.
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Салыстыр. Алғашқы шумақтағы ойды талда. «Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар» деген жолдардағы қарама-қайшы ойды анықта.
Оқушылар Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін бірлесе отырып оқиды. Оқушылардың түсініп оқуына уақыт беріледі. Топ ішінде бір бала дауыстап оқуына немесе іштей жеке оқуларына болады. Әсерін арттыра түсу үшін мұғалім аудио арқылы тыңдатуға болады.
Оқушылар алдымен бірінші шумақтағы ой мен өздерінің жазған шағын мәтіндегі ойды салыстырады. «Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар» деген жолдардағы қарама-қайшы ойды анықтайды, пікірлерін жұпта айтады.
2- тапсырма
Абай Құнанбайұлы өлеңнің 2-шумағын қара сөзге айналдырып жаз. Бұл жолдарда қандай адамды сынайды? Неліктен?
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды.
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.
3- тапсырма
Өлеңнің идеясы қандай?
_______________________________________________________________________________
4- тапсырма
Үлгі бойынша өлеңге сатылай кешенді талдау жаса.
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Бағалау дескрипторы
Оқушылар бірін-бірі жұпта бағалайды
Жанрды анықтайды 
Өлеңдегі сөздердің мағынасын анықтайды, түсінеді 
Идеясын анықтайды 
Өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды 
Мұғалім қолдауын қажет оқушыға ізденіп, шағын жоба жазып келуге тапсырма:
Абай Құнанбайұлының балалық шағы мен өскен ортасы қандай? Қосымша ізденіп оқығаннан кейін, сыныптастар арасында сауалнама жүргізу. Мысалы сыныпта 20 адам болса:
• Абайдың шыққан тегін білетін адам саны -16
• Телғара деп еркелеткен аты болғанын білетін адам саны -9
• Абай Құнанбаев өлеңдерін орта жастан асқанда жазғанын білетіндер-4
Сауалнама жүргізу арқылы оқушы ақын жайлы тереңірек білдіру мақсаты қойылады, ал бала үшін қызығы – басқалардың білімін анықтау. Зерттеу жүргізу маңыздылығын сезіну.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 440



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!