Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» 1-сабақ (5 сынып, II тоқсан )

 Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» 1-сабақ (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» 1-сабақ
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Б/С2. Заманауилығы мен жаңашылдығы
Сабақтың мақсаты: Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.
Сабақ барысы:
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.
Қызығушылықты ояту.
«Кейіпкерді тап» ойыны.
Ортаға 3 оқушы шығады. Әр бір оқушының артына кейіпкердің есімі жабыстырылады.
Оқушы сыныпқа сұрақ қою арқылы кейіпкерді табу керек.
Ескерту. Оқушы сыныпқа тек жабық сұрақ қоя алады.
Сейтқұл, Атымтай Жомарт, Антон,
Санамақ арқылы 4 топқа бөлінеді.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.
Күтілетін нәтижелер белгіленеді.
Мағынаны тану кезеңі. Ой шақыру. Жұптық жұмыс.
«Шумақты толықтыр»
_____________________ ,
________________ еңбек.
_____________________ ,
______________ жеңбек.
Талқылау.
Тапсырма. Топтық жұмыс.
Әңгіме бойынша қалып қойған сөздерді табу.
1.Француз жұртының бір білімді.........
2 . ......қайыр сұрап алып жүруші еді.
3.Қасымдағы кісі тоқтап, тұрды да............
4.Сонда ойыма түсіп,..................
5. Ел ішінен........... сұрап жиып жүрдім.
6. Сен қарауға еп есті кісі көрінесің......... көрінеді.
7. Ол шүберектерді алып, .............сатады.
8. .............деген үлкен школда оқып жүргенде жігіт күнімде.
9. ................. мен саған ақыл айтайын.
10. Версаль қаласындағы қайтып тұрушы едім.
Талқылау. Топтар ортаға шығып, жұмыстарын қорғайды.
Кері байланыс.
Топтық жұмыс. (Әр оқушыға қызыл, сары, көк түстердегі қағаз қиындыларын үлестіріп беру. Осы қағаздарды көтеру арқылы өзге топты бағалайды.)
Қызыл түс – түсініксіз, кемшіліктерін атап кетер едім.... немесе ұсынысым бар
Сары түс – сұрағым бар
Көк түс – барлығы жақсы, түсінікті
Тапсырма. Топтық жұмыс.
«Концептуалдық кестемен» жұмыс
Бүгінгінің Атымтай Жомарты Қыпшақ Сейтқұлдың жолын
жалғастырушылар Кәсібінен ырыс тапқандар
кімдер?
Талқылау. Топтар ортаға шығып, жұмыстарын қорғайды.
Кері байланыс.
Топтық бағалау. (Әр оқушыға қызыл, сары, көк түстердегі қағаз қиындыларын үлестіріп беру. Осы қағаздарды көтеру арқылы өзге топты бағалайды.)
Қызыл түс – түсініксіз, кемшіліктерін атап кетер едім.... немесе ұсынысым бар
Сары түс – сұрағым бар
Көк түс – барлығы жақсы, түсінікті
Шығармашылық сауал.
 Антон сияқты сенің бірге болған досың тіленшілік қылып тұрса не істер едің?
 Антон қандай қиындықтар көрді деп ойлайсын?
 Болашақта кім болам деп армандайсың?
 Арманына жету үшін не істеу керек?
Талқылау
АА+ «Екі бетті күнделік» стратегиясы. Портрет, мінездеме, көркемдегіш құрал қоса отыра жазуы керек.
Жетістік критерийлері:
 Кейіпкерлерді, іс-әрікеттерді біледі;
 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 848



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?