Театр тағылымы (8 сынып, IV тоқсан )

 Театр тағылымы (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Театр өнері мен мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Театр тағылымы
Оқу мақсаттары: Ж8.3.1.1 - тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;
ӘТН 8.4.4.4 – жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
Жинақталған материалдан тезистік жоспар құрады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
«Менің пікірім» әдісі.
«Біз көбіне өнерге қатысты сөз бола қалса, қазақ өнерінің қаранары, актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі деп айта береміз. Бұл тіркестерге құлақтың үйренгені соншалық өнер мен театр бір мағынада айтылатын синоним сөздер сияты естілетін болып кетті...»
Оқушылар топта ұсынылған үзіндіні талқылайды, өз пікірлерін білдіреді. «Өнер», «Қаранар», «Актер», «Театр» сөздеріне түсінік береді.
Сұрақтар:
1. Мәдениет пен өнерге байланысты қандай мақал-мәтел не қанатты сөздер білесіздер. Сіз айтқан мақал-мәтелдің не тұрақты тіркестің мағынасын түсіндіріп көріңіз.
Мәтінмен жұмыс кезеңі
Алдымен, оқушылар «Тарихын тағылым тұтқан театр» тақырыбындағы мәтінмен танысады. Содан кейін мәтіндегі деректерді басшылыққа алып материал жинақтайды және жинақталған материалдарды қажеттілігіне қарай топтастырады. ЖЖ
2-тапсырма. Тезистік жоспар құру
Мәтін бойынша тезистік жоспар төмендегідей ретпен көрініс табады:
Негізгі идеялар:
1) Қалибек Қуанышбаевтың өмірі мен өнерінен сыр шертетін көрменің көркемдік әлемі жұртты таңғалдырады.
2) Аңыз актерді құнды жәдігерлер арқылы өзгеше қырынан таныды.
Жақсы жақтары:
Ұлт театрының абыз ақсақалы Қалибек Қуанышбаевтай аңыз актердің аяулы есімі һәм тағылымды жолын актерлер шынайы көрсетеді.
Әлсіз жақтары:
Талантты жастардың бар мүмкіндігі мен шеберлігін шыңдап, жаңа белеске шығаруда нақты қадамдардың жасалмауы
Бағалау критерийі:
Тезистік жоспар құру Дескриптор Балл
3-тапсырма.
Оқушылар мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерге көңіл бөліп, айтылу мақсатын анықтайды және көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, сөйлемді толықтырады.
Ла Скала театры
Италия... Милан қаласы... орналасқан Ла Скала театры 1778 жылы 3 тамызда Антонио Сальеридің «Признанная Европа» операсы... ашылды. Театр сахна... әйгілі өнер майталман... Пуччини, Беллини, Верди, Росини операларының тұсау... кесілді. 2004 жылы театр үлкен күрде.. жөндеуден кейін өз шымылдығ... «Признанная Европа» операсымен ашты.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 961



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі