Бала құқығы (8 сынып, III тоқсан )

 Бала құқығы (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Бала құқығы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу
8.3.1.1 тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар оқылым стратегияларын қолданып үйрену керек.
Тизистік жоспар құрастыру керек.
Сабақ барысы: Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау.
Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі.
Оқылым алдындағы тапсырма.
Оқушыларға Баланың негізгі құқықтары туралы презентация ұсынылады. Оқушылар әрқайсына түсінік беріп, өз өмірімен байланыстып айтады.
Оқылым тапсырмасы.
Мұғалім оқушыларға «Бала құқықтары туралы заңнан» үзінді мәтінді ұсынады. Оқушылар баптарды оқып, әр бапты жұпта талқылап, бір сөйлеммен тақырыпша қою арқылы оқиды. Кейін жұптар бір-бірінің тақырыпшаларын топта талқылайды.
Мемлекеттің ертеңгі мықты тұғыры – жас ұрпақ. Өскелең ұрпақ қамын ойлау, балалық шақ­тың басымдығын мойында­татын терең моральдық құнды­лық екені де сөзсіз. Отанымыз алғашқы қадамынан бастап-ақ бала құқықтары туралы әлемдік конвенцияға ерекше мән беріп, соның талаптарының аясында жұмыс жүргізумен келеді. Бұл халықаралық келелі құжаттың елімізде жүйелі жүргізілуі жө­нін­дегі Жарлыққа Елбасы 1994 жылы қол қойған болатын. Соны­­­мен қатар Президент өзінің ба­ғ­­­дар­ламалық сөздерінде бала құ­­қы­ғын қорғау ісіне, жетім және ата-анасының қарауынсыз қал­­ған­­дардың құқықтарын қор­ғау­ға мән беріп, басым шаралар­ды нақтылап берді. Әсіресе балалар үйінде тәрбиеленушілер санын мүмкіндігінше қысқарту, ондағы жұмысты тиімді ұйым­дас­тыру, жетім және ата-анасы­ның қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ұлттық деректер қорын құру жөнінде де нақты тапсырмалар жүктеді. Бүгінгі таңда республикамызда 6 миллионға жуық бала бар десек, оның 27 274-і жетім және ата-анасының қарауынсыз қал­ған­дар. Екінші деректегі, яғни балаларды отбасыларға орна­ластыру бойынша қазір жүйе­лі жұмыстар жүргізіліп, бұл оң өзгеріске бастап, көптеген өңірлерде жетім балалар азая бастады. Бұған нақты мысалдар келтірер болсам, осы санаттағы балалардың, яғни 20841 (76 пайыз) ұл мен қызды мейірімі мол, алақаны аялы азаматтар өз отбасыларына алып, өнегелі тәрбие беріп келеді. Тек 6223 (22 пайыз) жетім және ата-анасының қамқорлығына зәру бала 132 білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелерінің қамқорлығында екенін еске сала кетелік. Оның ішінде бір мыңнан астам ғана бала тұл жетім, қалған 83 пайызы әлеуметтік жетімдер санатына жатады. Олар ата-аналарының кері кетуінен жетім қалған балалар. Мына жайды да жұртшылықтың назарына салар болсам, 2017 жылдан бастап, тағдырлы балаларды ниет біл­дірген отбасыларына беру мә­се­лесі заңнамалық тұрғыда рет­тел­ді. Баланы қамқорлығына ал­ған отбасыларды мемлекет қар­жы­­лай қолдап отыруға кепіл­дік берді. Бала асырап алушыларды да материалдық жағынан ынта­лан­дыру ісі өз шешімін тапты. Ай­талық, жаны жомарт аза­­мат­тар­ға 75 айлық көрсет­кіш көле­мін­де төлемақы бе­ру көз­дел­ген. 2015 жылдан бүгінге дейін 1239 бала қам­­қор­шы­сын тапса, оларға Үкімет есебінен 174 мил­лион тең­­геге жуық жәрдемақы төлен­ді. Бұл шаралар балалар үйлерінің азаюына әкелуде. Соң­ғы 5 жыл шамасында балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер саны 40 пайызға азайып, 10 мың­нан 6 мыңға төмендеді. Ал 4445 бала өздерінің туған отбасы­на орал­ды. Осыған байланыс­ты елі­мізде 50 балалар үйі қайта ұйым­дас­­тырылып, біразы жабылды. Қазіргі уақытта елімізде отба­сы­лық типтегі үш SOS балалар ауылы жұмыс істейді. Әлемде мұн­д­ай балалар ауылының жұ­мыс істей бастағанына 60 жыл болды. Ол балалар мүддесін, құқық­­тарын қорғайтын, қажетті­лі­гін өтейтін әлеуметтік ұйым болып саналады. Осындай ауыл­дардың біздегі ұзын санына келсек, 9 мемлекеттік, 4 үкі­мет­тік емес балалар және отбасы үлгі­сін­дегі үйлер жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – ата-ана­сы­ның қамқорлығынан айы­рылғ­ан балаларды жасытпай, за­ма­ндастарының қатарында қо­ғам дамуына сай бейімдеу, б­ұған қоса ертеңгі болашағын анық­­тауға көмектесу. Өмір­лік дағ­ды ұстанымдарын орнық­ты­­ру­ға жәрдемдесу, отбасы­лық, моральдық-рухани құнды­лық­тар­ды танып, білуге дағды­лан­дыру. Бұған қоса отбасылық үлгі­дегі 26 балалар үйіне қамқор бола отырып, орайы келсе туыс­тарын табуға сеп болу. Он­дай үйлерде қазір 118 бала тәрбие­ле­ніп жатыр. Балалар үйінің тәрбиеленуші­лерін әлеуметтендіру мақсатында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде 2014 жылдан бастап балалар үйінің әрбір тәрбиеленушісіне жоғары оқу орнында, колледждерде маман­дық алуына мүмкіндік жасау мақ­сатында арнайы есепшоттар ашылған. Бұл жұмыстың аясында 7779 тәрбиеленушіге 5 мил­лиард теңгеден астам сома­ға қайырымдылық көмек көр­сетілді. Бүгінгі таңда ЖОО мен колледждерде ақылы негізде 245 түлек білім алуда. Оларды әлеуметтік жағынан бейімдеу және өз бетінше өмір сүруге да­йындау үшін жастар үйлері де ашыла бастады. Онда ЖОО және колледждерде білім алу барысында талаптанып жүрген 16-23 жас аралығындағы балалар үйінің түлектері тұрады. 2013 жылдан бастап осы санат­тағы балалардың баспана алу құқығы бірінші кезекке шы­ғып, олардың арасында заңды тұлға­лар­дың баспанасын сақ­тап қалу жауапкершілігі де заңмен бекітілді. Балалар үйлері­нің түлектері үшін ЖОО және колледждерге түсу кезін­де мемлекеттік білім беру гранты­ның 1 пайызы қарастырылғаны белгілі. Олардың білім алу барысында тегін баспанамен, тамақ, киіммен, медициналық көмек, оқулықтармен қамту, стипендия алу бойынша да көп жағдай қарастырылған. Осы санаттағы балалар асыраушысынан айырылғандығы, мүгедектігі дәйектелсе, жәрдемақы алуға құқысы бар. Жетімін жылатпаған халқы­мыздың шапағатты азаматтары, бүгінгі тілмен айтсақ, меце­нат­­тары да қол ұшын беруде. Бұл бойынша еліміздің бар­лық аймағында кәсіпкерлер, ірі мекемелер, бизнес құры­лым­дар қызметкерлері жанашыр­лығымен жетім балаларға қолдау көрсету ісінде кешенді жоспар жүзеге асырылуда. Осының шең­берінде білім алған жастар жұмысқа орналасып, баспанаға қол жеткізіп, ел дамуына өз үлестерін қосуда.
Оқылым мәтіні бойынша орындалатын тапсырма:
1. Мәтін тақырыбын анықта.
2. Мәтін идеясы қандай?
3. Мәтіндегі негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты түрлі-түсті қарындашпен бояп, ажыратып қой.
Жазылым тапсырмасы.
Балаларға заң түсінікті болуы үшін оқушылар өздері баптарға қойған тақырыпшаларға қысқаша тезис құрайды. Мұғалім тезисті жоспар құрау үшін баптарды жұптарға бөліп береді. Кейін барлық тезистерді жинақтап, бір шағын кітапша құрастыруға болады. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 091



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Оқырман каусар
    Оқырман каусар 18.02.2021 14:34
    0 + 0 -
    Мемлекеттің ертеңгі мықты тұғыры – жас ұрпақ. Өскелең ұрпақ қамын ойлау, балалық шақ­тың басымдығын мойында­татын терең моральдық құнды­лық екені де сөзсіз. Отанымыз алғашқы қадамынан бастап-ақ бала құқықтары туралы әлемдік конвенцияға ерекше мән беріп, соның талаптарының аясында жұмыс жүргізумен келеді. Бұл халықаралық келелі құжаттың елімізде жүйелі жүргізілуі жө­нін­дегі Жарлыққа Елбасы 1994 жылы қол қойған болатын. Соны­­­мен қатар Президент өзінің ба­ғ­­­дар­ламалық сөздерінде бала құ­­қы­ғын қорғау ісіне, жетім және ата-анасының қарауынсыз қал­­ған­­дардың құқықтарын қор­ғау­ға мән беріп, басым шаралар­ды нақтылап берді. Әсіресе балалар үйінде тәрбиеленушілер санын мүмкіндігінше қысқарту, ондағы жұмысты тиімді ұйым­дас­тыру, жетім және ата-анасы­ның қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ұлттық деректер қорын құру жөнінде де нақты тапсырмалар жүктеді. Бүгінгі таңда республикамызда 6 миллионға жуық бала бар десек, оның 27 274-і жетім және ата-анасының қарауынсыз қал­ған­дар. Екінші деректегі, яғни балаларды отбасыларға орна­ластыру бойынша қазір жүйе­лі жұмыстар жүргізіліп, бұл оң өзгеріске бастап, көптеген өңірлерде жетім балалар азая бастады. Бұған нақты мысалдар келтірер болсам, осы санаттағы балалардың, яғни 20841 (76 пайыз) ұл мен қызды мейірімі мол, алақаны аялы азаматтар өз отбасыларына алып, өнегелі тәрбие беріп келеді. Тек 6223 (22 пайыз) жетім және ата-анасының қамқорлығына зәру бала 132 білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелерінің қамқорлығында екенін еске сала кетелік. Оның ішінде бір мыңнан астам ғана бала тұл жетім, қалған 83 пайызы әлеуметтік жетімдер санатына жатады. Олар ата-аналарының кері кетуінен жетім қалған балалар. Мына жайды да жұртшылықтың назарына салар болсам, 2017 жылдан бастап, тағдырлы балаларды ниет біл­дірген отбасыларына беру мә­се­лесі заңнамалық тұрғыда рет­тел­ді. Баланы қамқорлығына ал­ған отбасыларды мемлекет қар­жы­­лай қолдап отыруға кепіл­дік берді. Бала асырап алушыларды да материалдық жағынан ынта­лан­дыру ісі өз шешімін тапты. Ай­талық, жаны жомарт аза­­мат­тар­ға 75 айлық көрсет­кіш көле­мін­де төлемақы бе­ру көз­дел­ген. 2015 жылдан бүгінге дейін 1239 бала қам­­қор­шы­сын тапса, оларға Үкімет есебінен 174 мил­лион тең­­геге жуық жәрдемақы төлен­ді. Бұл шаралар балалар үйлерінің азаюына әкелуде. Соң­ғы 5 жыл шамасында балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер саны 40 пайызға азайып, 10 мың­нан 6 мыңға төмендеді



    Оқылым мәтіні бойынша орындалатын тапсырма:

    1. Мәтін тақырыбын анықта.

    2. Мәтін идеясы қандай?

    3. Мәтіндегі негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты түрлі-түсті қарындашпен бояп, ажырат
  2. Оқырман каусар
    Оқырман каусар 18.02.2021 14:34
    0 + 0 -
    мен мен мен мен мен мен мен мен мен мен білмеим
  3. Оқырман каусар
    Оқырман каусар 18.02.2021 14:33
    0 + 0 -
    мен мен мен мен мен мен мен мен ен мен білмеим