Қазақ жазуы (8 сынып, I тоқсан )

 Қазақ жазуы (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ жазуы
Оқу мақсаттары: Ж8.3.6.1 - БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• қазақ жазуының тарихи кезеңдерін анықтайды;
• бас әріппен жазылатын күрделі атауларды орынды қолданады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
Алдымен оқушылар сөздер тізбегіндегі сөздерді басшылыққа алып, «Қазақ жазуы » туралы жұбымен әңгімеле
Әңгімелесу барысында төмендегі сұрақтарға жауап береді:
1. Төте жазу дегенді қалай түсінесің?
2. Ұлттық құндылықты сақтауда ана тілі қандай роль атқарады?
3. Қазіргі қоғамдағы қарым – қатынас барысында жастар қандай тілді жиі қолданады? Нелікен?
Мәтінмен жұмыс кезеңі
1-тапсырма
Оқушылар мәтінді мұқият оқып, қазақ жазуы тарихының даму кезеңдері туралы жұбымен пікірлеседі және мәтіндегі бас әріппен жазылған күрделі атауларды анықтап, орфографиялық норманың сақталуына көңіл бөледі.

Қазақ жазуы
Қазақ жазуы - қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5-4ғ) пайдаланған көне («Есік жазуы») жазуы сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ т.б. тайпалардың көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру – тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон – Енесей, Талас ескерткіштеріне негіз болған «руна» жазуы (5 – 12ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 - ғасырдан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, (Қытай қазақтары ағарту жүйесінде) бір кездерде (1929 – 40; Қытай 1960-1970) қолданыста болған латын жазуы, кириллица жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі қазақ жазуының негізі болып табылады....
Бағалау критерийі:
Негізгі ақпаратты анықтау Дескриптор Балл
Білім алушы:
қазақ жазуы тарихының даму кезеңдерін анықтайды
Тарихи әліпбилер туралы мәліметпен танысып, «Қазақ жазуының тарихы әріден басталған» тақырыбында өз ойларынортаға салып пікірлеседі..
1. «Есік жазуы» (б.з.б. 5 – 4 ғ.) қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы;
2. Руна, ұйғыр жазуы (5 – 12 ғ.) –. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы;
3. Араб жазуы - 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан жазу;
4. Латын жазуы 1929 – 1940 жылдары аралығында қолданыста болған жазу;
5. Кирилл жазуы 1940 жылдан кейін
6. Төте жазу Қазақстанда 30 - жылдарға дейін қолданылған жазу;
7. 1940 жылы орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі қолданысқа енді.
3-тапсырма.
Оқушылар мәтіндегі қарамен берілген сөз оралымына көңіл бөліп, осы сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдерін анықтап, көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, орынсыз қолданылған сөздерге түзету енгізеді
Тәуелсіздік және қазіргі қазақ тілі
Алаш ұлт-азаттық қозғалысының Тәуелсіздік үшін күресі ең бірінші рухани дүниеміздің өзегі – тілдің бостандығ басталған еді. Cонау 1905 жыл қарашасында Мәскеуде өткен Ресейдің жергілікті және қалалық қайраткер съезінде 5 миллионға жуық қазақ халқының атынан аса көрнекті саяси реформатор, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейхан сөз сөй, өз халқының ана тіліне бостандық берілуін, ісқағаздарының қазақ тілінде жүргізіл, қазақ мектебінің қудаланбауын айтуы жайдан-жай емес болатын....
4-тапсырма.
Оқылым мәтініндегі ақпараттарды қолданып, алған білімдерін пысықтау мақсатында оқушылар «Қазіргі қазақ жазуы» тақырыбына мақала жазады.
Дифференциация:
«Қазақ жазуы: Кеше.Бүгін.Ертең» тақырыбына материалдар жинап, ақпараттарды салыстырып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді және постер арқылы таныстырады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 524



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?