Көне жазба дәстүрінің жалғасы (8 сынып, I тоқсан )

 Көне жазба дәстүрінің жалғасы (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Сабақтың тақырыбы: Көне жазба дәстүрінің жалғасы
Оқу мақсаттары: О8.2.3.1 - мақала, аннотация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• мақала, аннотацияның құрылымын анықтап, тілдік қолданыста пайдаланады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
Оқушылар сабақтың тақырыбына қатысты сөздерді естерінде сақтап, берілген кестені толтырады.
Кестені жылдам толтырған топ мүшелері «Гол» деген белгі береді. Кестедегі сөзді дұрыс әрі уақытты тиімді пайдаланған топ өзара бағалау арқылы анықталады.
Үлгі:
Сөз Менің анықтамам Сөздіктегі анықтама синоним сөйлем
Графика Жазуға бағытталған әріп Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді. Таңба Қазіргі таңда қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты шаралар басталды.
Алфавит
Мерзімді баспасөз
Орфография
Бағалау критерийі:
Сөздің мағынасын анықтау Дескриптор Балл
Білім алушы:
Өзіндік анықтама беру
Синонимдерді орынды қолдану 3
Сөйлем құрылымын сақтау
Уақытты тиімді пайдалану 2
Барлығы
1-тапсырма.
Мәтінмен жұмыс кезеңі
Оқушылар мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап береді(жұптық жұмыс).
Ескі жазба дәстүр әр түрлі даму кезеңдерін бастан кешіріп, өзінің жалғасын тауып, халқымыздың тарихын танып, білуде үлкен рол атқарады. Осыған зер салсақ, қазақ халқы мен қазақ тілінің даму тарихында араб пен латын алфавитінің ролі айрықша болғаны белгілі. Біріншісі – қазақ жазба тілінің қалыптасуындағы алғашқы басқышы еді. Қазақтың алғашқы мерзімді баспасөзі де, көркем шығармалары да араб алфавитімен жазылып, жарық көрді. Екіншісі - Совет үкіметінің елді жаппай сауаттандыру шараларын іске асыру арқылы қазақ халқының жалпы мәдениетін , әдебиетін, тілін дамытудағы үлкен құралы болды. 1940 жылы қабылданған қазіргі қазақ алфавиті орыс графикасына негізделіп жасалды. Осы күнгі алфавитіміз қазіргі қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктерін толық қамтитын графикалық жүйе болып қалыптасты. Қазақтың қазіргі алфавиті мен орфографиясы әдеби тіліміздің жаңа сатыға көтерілуіне, сан алуан стильдік тармақтарының дамуына ықпал етті.Ол дамыған ұлтымызға қалтықсыз қызмет ететін дәрежеге көтерілді.
А.Аманжолов «Түркі филологиясы және жазу тарихы»
1. Халқымыздың тарихын танып, білуде не көмектеседі?
2. Қазақ тіліндегі алғашқы газет –журналдар қандай алфавитпен жазылды?
3. 1940 жылы қабылданған қазіргі қазақ алфавиті қандай графикаға негізделді?
2-тапсырма.
Алдымен оқушыларға аннотация туралы білім беріледі.
Аннотация – кітаптың, мақаланың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.
• Аннотация туралы ақпаратпен танысып, жұптық тапсырманы орындағаннан кейін, оқушылар төмендегі ғалымдардың пікірі туралы ой бөліседі.
Аннотация рецензияның «ең шағын түрі»,
ол «шығарманы қысқа, тұжырымды баяндап береді, кеңірек үгіттеуді көздейді»
профессор Т.Амандосов
Аннотация сол шығарманың негізгі
мән-маңызын қысқаша түйіндейді
ғалым Т.Кәкішев
3-тапсырма.
Оқушылар А.Аманжоловтың «Түркі филологиясы және жазу тарихы» туралы жоғарыдағы мақаласымен танысып, талдау жүргізгеннен кейін, осы мақала туралы аннотация жазады.
Аннотация жазу барысында төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алу керек:
• мақаланың жазылу тарихы немесе уақытын қамту;
• автор туралы мәлімет келтіру;
• мақаланың қандай мақсатта жазылғанын көрсету;
• деректерге сілтеме жасау;
• мақаланың құндылығы, кімдерге арналғанын айту;
• мақалаға баға беру
Дифференциация:
Кейбір оқушылар ғылыми мақалаға жазылған аннтацияны іздестіріп, талдау жүргізеді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 203



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?