Қазақстан эпиграфикасы (8 сынып, I тоқсан )

 Қазақстан эпиграфикасы (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан эпиграфикасы
Оқу мақсаттары: Т/А8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• қажетті ақпаратты тауып, жалқы есімдердің емлесін орфографиялық нормаға сай қолданады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
Төменде берілген сұрақтарға оқушылар жұбымен ақылдасып жауап береді:
1. Ен, таңба дегенді қалай түсінесің?
2. Таңба не үшін қажет деп ойлайсың?
3. Тасқа ойылып жазылған таңбалар нені білдіреді?
Мәтінмен жұмыс кезеңі.
1-тапсырма.
Оқушылар алдымен мәтінді мұқият тыңдап, берілген ақпараттан астарлы ойды анықтайды. Содан кейін, мәтінде кездескен географиялық атаулар қазақстанның қай өңірінде орналасқаны жөнінде жұбымен ойбөліседі.
Тыңдалым мәтін үзіндісі:
Түркі филологиясында ерекше орын алып, дамып келе жатқан және болашағы зор салалары – түркі эпиграфикасы мен түркі палеографикасы. Олар көне таңбаларының эволюциясын, яғни графиканың даму тарихын зерттеуді өзінің еншісіне айналдырған. Былайша айтқанда, эпиграфика тас, металл, сүйек, саз балшық т.б.бұйымдарға ойылып жазылған таңбаларды тексерсе, палеография қолжазба мен кітаптағы жазба таңбаларды зерттейді…
2-тапсырма.
Оқушылар тыңдалым мәтінідегі негізгі және қосымша ақпараттарды төмендегі кестеге толтырып, негізгі ақапартты басшылыққа алып, Қазақстан эпиграфикасы жөнінде әңгімелеседі (жұптық жұмыс).
Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат
Эпиграфика тас, металл, сүйек, саз балшық т.б. бұйымдарға ойылып жазылған таңбаларды тексереді, палеография қолжазба мен кітаптағы жазба таңбаларды зерттейді. Олар көне таңбаларының эволюциясын, яғни графиканың даму тарихын зерттеуді өзінің еншісіне айналдырған.
3-тапсырма.
Сынып оқушылары «Қазақстан эпиграфикасы» тақырыбындағы мәтінді тағы бір рет тыңдайды және мәтіндегі бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды анықтап, орфографиялық нормаға сай жазады.
Үлгі. Өзен атаулары: Талас, Іле, Сыр, Ертіс т.б.
4-тапсырма.
«Кезбе тілші» әдісі.
«Ұлттық байлық халық игілігіне қаншалықты деңгейде жұмсалуы керек?» сұрағына ортақ талқылау жүргізіледі. Топтарда талқылау басталғанда әр топтан бір «кезбе тілші» ерікті түрде шығып, басқа топтардағы оқушылармен сұхбаттасады. Сұхбаттасу немесе диалог құру барысында ғылыми терминдерді, ғылыми деректерді, жалқы есімдерді орынды қолдануы керек. Жинаған мәліметтерін өз тобының басқа мүшелерімен бөліседі.
Сұхбат жазудың алгоритмі:
1. сұхбат берушімен амандасу;
2. сұхбат алу мақсатымен хабардар ету;
3. сұхбат алу мақсатына орай сұрақтарды іріктеу;
4. сұхбат беруші үшін қолайлы тілдік қорды қолдану;
5. сұхбат берушінің жауабына қарай сұрақтарды өзгерту.
Әр топ бірін – бірі төмендегі бағалау критерийімен бағалайды:
Сұхбаттаушыға арнайы сұрақтар қою және қойылған сұрақтарға дәйекті
жауап беру Дескриптор Балл
Білім алушы:
терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданады ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 820



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?