Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы. (8 сынып, I тоқсан )

 Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы. (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы:Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Оқушылар тірек сөздер бойынша тыңдаған мәтінін мазмұндай алады, сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолдана алады.
Сабақтың мақсаттары:
8.1.4.1.- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
8.4.2.1. – сөйлеу ағымындағы интонацияны құрамдас бөліктері: әуен, әуез,тембр,қарқын,кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
Сабақ барысы: Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін жұмбақтар жасырылатын болады:
Ұзын-ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер?
Кітап.
***
Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.
Кітап.
***
Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді,
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.
Кітап.
Тыңдалымалды тапсырмасы.
Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылып, кішігірім талқылау ұйымдастырылады:
- Сен кітап оқуды ұнатасың ба?
- Сен қағаз түріндегі кітапты ма әлде электронды нұсқадағы кітапты оқығанды ұнатасың ба?
Оқушылар «Кітап – рухани құндылық» тыңдалым мәтінін тыңдайды.
Тыңдалым материалы.
1-тапсырма.
Төменде ұсынылған сөз тіркестері арқылы мәтінді мазмұндап беріңдер.
Қалалық кітапханалар жүйесі.
***
Кітапхана қоры.
***
Орталық кітапхана.
***
Оқушылар мен студенттер.
***
Егде жастағы адамдар.
***
Бағалау критерийі Дескриптор
Білім алушы:
8.1.4.1.- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
8.4.2.1. – сөйлеу ағымындағы интонацияны құрамдас бөліктері: әуен, әуез,тембр,қарқын,кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану. Мәтінді мазмұндай алады.
Мазмұндау барысында негізгі ойды жеткізе алады.
Сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолдана алады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
2-тапсырма.
«Қағаз кітап пен электронды кітаптың айырмашылықтары» тақырыбында салыстырмалы талдау жүргізіп көріңдер. Ойларыңды төмендегі постерге бейнелеп беріңдер......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 525



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі