Өзге ғаламшарлықтар (7 сынып, IV тоқсан )

 Өзге ғаламшарлықтар (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Ғылыми фантастика
Сабақтың тақырыбы: Өзге ғаламшарлықтар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/А5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау
7.ӘТН 2 Орфоэпиялық норма
Оқу мақсаты: - Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау
- Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Сабақтың мақсаттары:
Оқушыларды өз пікірлерін дәйек келтіре отырып айтуға, өзгенің жауабын тыңдап, өзіндік пікірлерін білдіре алуға, өз пікірлерін өзгенің пікірімен салыстыра алуға, өз ойын түсінікті, жүйелі айтуға дағдыландыру.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың назарына «Беймәлім ұшатын табақшалар» бейнематериалы ұсынылады. Бейнематериалда айтылған түрлі көзқарастарыдң қайсысымен келісетінін не келіспейтіндігін айтып, өзіндік пікірлерін білдіреді.
Сабақтың тақырыбы айтылады және сабақтың мақсаты, сабақтың құрылымы таныстырылады.
Беймәлім ұшатын табақшалар
Бағалау критерийі:
 Берілген сұрақтарға өзіндік пікірін білдіре алады
 Сұрақтарға сұхбат алды және сұхбаттан кейінгі берген жауаптарын өзара салыстыра алады
 Ойын дәйекті, жүйелі жеткізе алады
Тыңдалымалды тапсырма
Оқушыларға алдын ала төмендегі сұрақтар ұсынылады. Оқушылар сұрақтарға болжаммен жауап береді.
- Ғылыми-фантастикалық шығармалардың өзге шығармалардан өзгешелігі неде?
- Жазушылар неліктен ғылыми-фантастика жанрын жазады деп ойлайсыз?
- Ғылыми-фантастикалық кейіпкерлерді және ертегі, аңыз әңгімелерді бір деңгейде қарастыруға болады ма? Неліктен олай ойлайсыз?
- «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады» деген мақалды қалай түсінесіз?
Тыңдалым тапсырмасы.
Оқушылар Ж.Сахиевпен болған сұхбаттан үзінді тыңдайды.
Жоғарыда келтірілген сұрақтарға тыңдалым материалының мазмұны бойынша жауап береді. Алдыңғы берген жауаптарымен салыстырады.
Сонымен, оқушылар:
- Ғылыми-фантастикалық шығармалардың өзге шығармалардан өзгешелігі неде?
- Автор неліктен ғылыми-фантастика жанрын таңдады?
- Ғылыми-фантасикалық кейіпкерлерді және ертегі, аңыз әңгімелерді бір деңгейде қарастыруға болады ма? Неліктен олай ойлайсыз?
- Автор «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады» деген мақалды не себепті қолданып отыр?
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Бағалау критерийі:
 Әңгіме-ертегі-аңыздың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын таба алады
 Әңгіме-ертегі-аңызға тән қасиеттерді жіктеу барысында пікірлерін дәлелдей алады
Топтық жұмыс. Венн диаграмма
Сынып санақ әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді
Әр топ өзбетінше төмендегі тапсырманы орындайды:
 Ғылыми-фантастикалық әңгіме-ертегі-аңыз арасындағы ұқсастық пен ерекшеліктерге талдау жасайды.
Әр топ өз жұмысын қорғайды.
Оқушылар мен мұғалім алдын ала белгілі болған жетістік критерийлері арқылы бағалайды.
Дескриптор
Бағалау критерийі Тапсырма
№ Дескриптор Жұлдызша
Берілген сұрақтарға өзіндік пікірлерін білдіре алады
1 Сұрақтарға нақты жауап береді 1
2 Өзіндік көзқарасын білдіреді
3 Жауаптарын, пікірлерін салыстырады
Түрлі жанрдағы шығармаларды салыстыра алады
1 Топта жұмыс жасайды
2 Ғылыми-фантасикалық кейіпкерлердің және ертегі, аңыз әңгімелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді 1
3 Ойларын еркін жеткізеді 1.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 067



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!