Биотехнология жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )

 Биотехнология жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Биотехнология жетістіктері
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.1.1. мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Мәтіннен негізгі, қосымша, детальді ақпаратты анықтайды
Пікір білдіреді.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушыларға «Қазақстандық ғалымдардың жетістіктері» туралы видеоматериал көрсетіледі:
Мұғалім оқушыларға осы видеоматериалға берілген комментарийді оқиды:
Арай Жиенбекова:
Осы жоба болашақта жемісін берсе,шетелдіктер де тәжірибелерімен бөліссе!
Одан әрі сынып оқушылары өз комментарийлерін береді.
Мұғалім оқушылардың ойын түйіндеп, сабақтың тақырыбымен, бағалау критерийлерімен таныстырады.
Оқылым алдындағы тапсырма.
Мұғалім оқушыларға негізгі, қосымша, детальді ақпарат туралы қысқаша түсінік береді.
• Негізгі ақпарат – мәтіндегі басты ақпарат, негізгі ой. Бұл ақпаратсыз мәтіндегі ой түсініксіз болады. Негізгі ақпарат көбіне бірінші немесе екінші сөйлемде беріледі.
• Қосымша ақпарат – негізгі ойды толықтырып, дәлелдейтін ақпарат. Көбінесе мәтінде мысалы, сондықтан деген сөздер арқылы беріледі.
• Детальді ақпарат – мәтіндегі мысалдар, жалқы есімдер, фактілер, деректер, сандар.
Оқылым тапсырмасы.
Оқушыларға мәтін таратылады. Олдар мәтінді мұқият оқып, төмендегі сұрақтарға дәптерге жауап береді (жеке жұмыс)
Биотехнология саласындағы жетістіктер
Қазақстанда биотехнология саласы жақсы дамып келеді. Мысалы Отандық ғалымдар биоүйлесімді желім әзірлеп шығарды. Оны медицина мен биологияда қолдануға болады. оның көмегімен қарапайым хирургиялық тігістерді алмастыру мүмкін болады. Бұл жоба бойынша Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары екі жылдай шұғылданды. Бүгінгі күні дүние жүзінде медициналық желім жасап шығарумен бірнеше ғана ғылыми топ айналысады.
Қазір Биотехнология орталығы басқа да бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде. Жеке зерттеу блогі ауыл шаруашылығы саласына арналған. Мысалы, ғалымдар бактериалды ген егілген мақтаның ерекше сортын жасап шығарды. Мұндай мақта сортын жетілдіру келешекте өнімділіктің артатынына әкеледі.
Бидайдың, картоптың жаңа сорттарын да биотехнологиялық әдістердің көмегімен жасап шығарудамыз. Олар топырақтың сортаңдануына, құрғақшылыққа, кейбір зиянкестерге төтеп бере алады.
Орталықтың басты міндеттерінің бірі – осы саланы мол табысты бизнес көзіне айналдыру. Орталықтың мамандары адам өмірін жақсартуға бағытталған инновациялық жаңалықтарды ашуға дайын.
Тапсырма
Мәтіндегі негізгі ақпарат пен қосымша, детальді ақпаратты анықтап жазыңыз.
Дескриптор
• Мәтін мазмұнын түсінеді
• Мәтінен негізгі, қосымша, детальді ақпаратты анықтайды
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
1. Мәтіндегі мәселеге үш кейіпкердің (ғылыми жоба жазып жүрген оқушы, дәрігер, жобаға қаржы бөлген демеуші) атынан пікір білдіріңіз.
Оқушылардан «пайым, бизнес көзі, төтеп беру, қанаттандырады, қамтамасыз ету, серпіліс» сияқты сөздерді қолдану талап етіледі
Қазіргі таңда қай салаға ғылым мен технология жетістіктері керек деп ойлайсың
Оқушылар тапсырманы дәптерге орындайды. Тапсырманы аяқтағаннан кейін мұғалім оқушылардың деңгейлеріне қарай өзара дәптерлерін алмастырады. Оқушылар бір-бірінің жұмысымен танысады, бағалап, жазбаша комментарий береді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 200



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!