Қаныш Сәтпаев (6 сынып, II тоқсан )

 Қаныш Сәтпаев (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Қаныш Сәтпаев
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.
Сабақтың мақсаты: Көлемді ақпараттарды оқи отырып, ойын ықшамдап жинақы мәтін жазуға үйрену.
Сабақ барысы: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында алдымен мұғалім мынадай тапсырманы орындауға шақырады:
1-тапсырма.
 Кестеде жасырылған тірек сөздерді тауып, мәтіннің атауын анықтаңыздар және атауын топта талқылаңыздар.
Г Е О Л О Г . Ғ
А П Р Я Қ О Л А
Б А Я Н А У Ы Л
И Н Ж Е Н Е Р Ы
Ғ Ө Һ А Ы И Т М
А Ф П Р Ш Р Т И
Б А Р Л А У Ш Ы
2-тапсырма
 «Жинақы мәтін» дегеніміз не? Ол қалай жазылады?
 Жинақы мәтін жазу үшін алдымен неге назар аударылады?
 Жинақы мәтіннің жазылуы түрлерін топта талқылау арқылы еске түсіріңіздер.
Оқушыларды жинақы мәтіннің жазылуы туралы ақпараттары аз болса, мұғалім қосымша толықтыра кету керек.
3-тапсырма.
Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып оқуға және мәтінді жинақы мәтінге айналдырып жазуға шақырады.
Алдымен мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпараттарды белгілеп, қосымша ақпараттарды сызады. Сонан кейін екінші рет оқып, жинақы мәтін жазады.
Түпнұсқа мәтін Жинақы мәтін
Қаныш Сәтпаев
Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің естелігінен мына бір жолдарды келтіре кетсек артық болмас: "Қаныштың бір ерекшелігі – ол химикпен де, биологпен де, физикпен де, медикпен де, тарихшымен және тілші-әдебиетшімен де өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе білуі...” – деп жазыпты ол. Бұны тілге тиек етудегі ойым кемеңгер ғалымның "сегіз қырлы бір сырлы” екенін аузы дуалы адамның сөзімен нықтай түсу десем, бұған қоса ол домбыраға қосылып ән айтып, мандолинада еркін ойнайтын әрі әндер тарихын жетік білетін. Содан да ол 1926 жылы А.В.Затаевичтің өтінішімен Мәскеуде домбырамен сүйемелдеп, Баянауыл өңірінің 25 әнін жаздырған. Қаныш ағаның осы еңбегін жоғары бағалаған Қазақстанның халық әртісі А.В.Затаевичтің өзі былай дейді: "Томскінің технология¬лық институтында білім алған Қаныш Имантайұлы жас қазақ инженері. Осы жинақ үшін тек әндер мен әуендер саласында ғана емес, сондай-ақ мәтіндері жөнінде де бірқатар құнды деректер берген, мәтіндерді орысша аудармасымен қамтамасыз еткен, Баянауыл әндерінің тамаша білгірі және жақсы орындаушысы...”
Болатбек МҰЗАФАР, "Руханият” тарихи зерттеулер ғылыми-практикалық орталығының маманы
4 –тапсырма.
Мұғалім мәтіндерін алдымен топта оқып бөлісуге шақырады. Оқушылар топта бір-бірінің жазылымдарымен танысып, бір-бірінің жұмыстарының соңына «бір ұсыныс, бір тілек» жазу арқылы өзара бағалайды. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын аралап бақылап, қажет деп тапса, қосымша уақыт беру арқылы жұмыстарына түзету енгізіп, ақырғы нұсқасын жазуларына мүмкіндік береді.
Оқушылар топта өзара ақылдаса келе орталарынан бір оқушының жұмысын сынып алдында бөлісуге ұсынады. Үздік жұмыстың иелері «автор орындығына» отырып оқиды.
ДЕСКРИПТОРЛАР
 оқылым мәтінінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді белгілейді;
 қосымша ақпаратты білдіретін сөйлемдерді сызып тастайды;
 жинақы мәтін талаптарын есіне түсіреді;
 жинақы мәтін жазады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 048



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі