Астананың тұрғындары (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

  Астананың тұрғындары (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астананың тұрғындары (1-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру
6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.
Сабақтың мақсаттары: Мәтінді түсініп оқу, негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау;
Сөйлесу кезінде дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.
Сабақ барысы: Сергіту сәті
Мұғалім оқушылармен қызықты ақпаратты бөліседі. Кейін бұл мәліметті диалогқа пайдалануға болады.
Қызықты ақпарат
Әлемде атауы «астана» деген мағына беретін екі астана бар. Бірі – Қазақстан астанасы, екіншісі – Сеул қаласы (Оңтүстік Корея)
Оқушыларға картадан осы екі астананы табу тапсырылады. Оқушылардың назарына Дүниежүзі географиялық картасы мен Қазақстан картасы ұсынылады.
Жұптарға 1 сөйлесу картасынан ұсынылады. Оқушылар картада берілген сұрақтарды талқылайды. Содан соң келесі жұпқа қосылады. Олармен бірге карталарындағы сұрақтарды бірге талқылайды. Осылайша барлық сынып толықтай бір жерге жинақталып, барлық сұрақтарды талқылап шығады.
Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылап, сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Оқылым алды тапсырма
Тапсырма сыныппен орындалады. Оқушыларға Астанадағы түрлі мәдени орындардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар білетін ғимараттары бойынша тәжірибелерімен бөліседі.
 «Керуен» сауда орыны
 «Думан» ойын-сауық орталығы
 Бәйтерек
 Хан шатыр
 Опера және балет театры
 Silkway сауда орыны
Оқылым тапсырмасы
Оқушыларды екі топқа бөлінеді. Мұғалім әр топқа бөлек мәтін береді. «Астана тұрғындары» деп аталатын мәтіндерде Қазақ Ұлттық өнер университетінің 9-сынып оқушысы Ақбике АЛҒИ және Астанадағы Б.Момышұлы атындағы №70 мектеп-лицейдің 3-сынып оқушысы Әмина ҚАЙЫРБЕКОВАмен болған сұқбаттан үзінді берілген.
Жұмыс алгоритмі:
- Олар топ ішінде мәтін оқиды.
- Астананың әсем жерлері туралы тұсын тауып, астын сызады.
- Мәтіннен «Кейіпкердің Астананы жақсы көретінін қай тұстан байқауға болады?» деген сұраққа жауап іздейді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Екі топтың мүшелері диалог құрып сөйлесу үшін бір-бір жұп таңдайды. Мұғалім оқушыларға сынып бөлмесінің ішінде еркін қозғалып жүруге, яғни өздері қалаған жерде (партада, тақтаның, терезенің алдына, бөлменің ортасына, тек сыныптан шығып кетпеу керек) тұрып сөйлесуге мүмкіндік береді.
Диалогтың сұрағы: Елордамызды әлемге танытуда балалардың үлесі қандай?
Тапсырманың шарты:
- Мәтін мазмұнындағы негізгі және қосымша ақпараттарды қолдану.
- Диалог мазмұнында «Елордамызды әлемге танытуда балалардың үлесі қандай?» деген сұраққа жауап беру.
- «Сергіту сәтіндегі» Астана қаласының географиялық орналасуы туралы мәліметтерді пайдалану.
Дескриптор:
• мәтін мазмұнын түсінеді;
• мәтіннен Астана қаласы туралы сөйлемдерді табады;
• мәтіндегі сөз тіркестерін пайдаланып, диалогқа қатысады;
• сөйлесуде кейіпкер туралы ақпараттарды пайдаланады.
Бағалау
Мұғалім бағалау критерийлері бойынша не сәтті, не сәтсіз болғанына тоқталып, сындарлы кері байланыс береді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 045



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?