№ 3-сабақ Өсімдіктер әлемі (5 сынып, II тоқсан )

 № 3-сабақ Өсімдіктер әлемі (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Сабақтың тақырыбы: № 3-сабақ. Өсімдіктер әлемі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу
Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады
ӘТН3 Лексикалық норма
Омоним, синоним сөздерді орынды қолданады
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар: 1) мәтін мазмұнын түсінеді; 2) сөздердің омоним, синоним табады;
Көптеген оқушылар: 1) нақты ақпараттарды анықтайды; 2) омоним, синоним сөздерді қолданады;
Кейбір оқушылар:1) нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады; 2) омоним синоним сөздерді орынды қолданады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
Сәлемдесу, сабаққа дайындық.
Бейнематериал тамашалау.
Сұхбат: - Ал сіздер пайдалы өсімдіктерді білесіздер ме? Олар несімен пайдалы?
Сабақтың тақырыбымен, мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.
Мағынаны тану
Оқылым алдындағы тапсырма.
 Берілген өсімдіктерді мұқият қарап, иісі, түр-түсі бойынша атын анықтай аласыздар ма?
 Оқитын мәтініміз не туралы болатынына болжам жасаңыздар.
 Бұл өсімдіктерді халқымыз қандай мақсатта пайдаланғанын білесіздер ме?
(Қазақстан жерінде өсетін пайдалы өсімдіктердің (адыраспан, сексеуіл т.б) гербарийін немесе суретін беру. Ол өсімдіктердің қасиетін халқымыз қалай пайдаланғанын сұрай, оқушының бар біліміне сүйену.)
Оқылым тапсырмасы.
«Қазақстан шөлдерінде қандай өсімдіктер өседі?» тақырыбындағы мәтінді оқыңыздар.
Қазақстан шөлдерінде қандай өсімдіктер өседі?
Қазақстан шөлдерінде аты айтып тұрғандай ыстыққа, құрғақшылыққа өте төзімді өсімдіктер өседі. Солардың кейбіреуімен таныстырамыз.
Ақ сексеуілдің ұшар басы ақшылдау болып келеді. Сексеуілдің ағашы өте мықты әрі ауыр болғандықтан, суға батып кетеді. Бұл таскөмір беретіндей жылу бөле алатын бағалы отын. Тамырының ұзындығы 10 метрден асып жығылатын сексеуілдің жер бетіндегі діңі бес метрден асады. Оның ұзын әрі кеңінен тармақталған тамырлары сусымалы құмды торлап алып, оның қозғалысын тежейді. Осы себепті сексеуіл құмды тоқтатуға таптырмайтын өсімдік болып табылады. Шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді.
Адыраспан өзіне тән өте күшті иісі бар көпжылдық өсімдік ақшыл сары немесе ақшыл түсті гүл атады. Оның түтіні адамды тыныштандырады, денені босаңсытып, дезинфекциялайды. Мөлшеріне қарай адыраспан емдеп, уландыра алады. Уы сабы мен гүлінде. Өсімдік талай рет адам баласын обадан, жұқпалы аурулардан сақтап қалған. Мың жыл бұрын Ибн Сина өзінің Ережелерінде адыраспанның масайтатын қасиеті бар екенін жазған. Адыраспанның есірткіге, тәуелділікке қарсы тұра алатын қабілеті бар. Сондықтан бұл өсімдік алкоголь мен никотинге тәуелділіктен емдеу үшін қолданылады. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышымасын емдейді. Тіс ауырғанда, ұмытшақтыққа шалдыққанда, тері бөрткенде т.б. аурулардан емдеу үшін адыраспанды пайдаланған.
Қисық қанатты шырыш Қарақұм, Қызылқұм, Балқаш маңы және Іле маңы шөлдерінде ылғалды, тығыздалған, кейде сусымалы құмда өседі. Құмды шөлде орналасқан қалаларды көгалдандыруға ыңғайлы. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Түрін қараңызшы?! Өте әдемі емес пе? "Шөл даланың ханшайымы" деп атауға болатындай.
Баттауықтың көпжылдық бұтасының өркендері сәуірдің ортасында немесе аяғында өсе бастайды. Баттауық Қазақстанда, Түркменияда, Өзбекстанда, Қырғызстанның кейбір ауданында, Солтүстік Кавказдың шығыс аудандары мен Әзірбайжанда кездеседі. Ол шөл және шөлейт жазықтар мен аласа беткейлерде, тығыз, саздақты немесе құмды жыныстарда өседі. Тауға қарай теңіз деңгейінен 400 метр биіктікке көтерілмейді.
Жусан көп жылдық, кейде бір-екі жыл өсетін шөптесін өсімдік. Қазақстан жерінде 100-ден аса түрі бар. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жусанды мал жейді, тұрмыста дәрілік өсімдік ретінде қолданады.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Мәтін мазмұнын түсінгенін байқау:
(Мұғалім бірнеше қарапайым, жеңіл, жауабы мәтіннен табылатын сұрақ береді. Оқушы берілген сұрақтардың қайсысы мәтінде жауабы бар сұрақ екенін табу керек.)
Бірнеше қарапайым, тағы бірнеше анықтауыштық сұрақ құрастырыңыз. (Тақтадан сұрақ түрлері туралы слайд көрсетіледі).
1. Қарапайым сұрақтар. Жадының жұмыс істеуіне, нақты фактілерді білуді талап ететін сұрақтар. Кім? Не? Қашан? Қайда? деген сұрақтарға жауап беруді сұрайды.
2. Анықтауыш сұрақтар Оқушыларға алған ақпаратты дәл мәтіндегідей емес, оқығанын түсініп, обьектілерді салыстыру, негізгі идеяны анықтау тапсырылады. «Менің түсінгенімше», «Сізді дұрыс түсіндім бе?» деген сияқты сұрақтар.
Оқушылар сұрақтарды қаншалықты дұрыс құрастырғандарын жұпта бағалайды.
Оқылымнан кейінгі тапсырма:
3-тапсырма.
Үш түсіндірме беріңіз.
Не себепті ... екендігін түсіндіріңіз.
Сіз неге ... ойлайсыз?
Сіз неге ... деп есептейсіз?
Үлгі : Не себепті сексеуіл ағашы суға батып кетеді?
Оқушының аты-жөні: Қарапайым сұрақ Анықтуыштық сұрақ
4-тапсырма. Омоним, синоним сөздерді еске түсіру. (Слайд бойынша сөйлеу)
Мәтіндегі сөздермен жұмыс.
Мәтіннен іріктелген сөздерге омоним сөздер бере отырып, омоним сөздердің мағынасын түсіндіру.
5-тапсырма. (жеке орындалады)
1. Мәтіннен алынған сөздердің омонимін тауып түсіндір, әрқайсысына сөйлем құрап көр: ат, ақ, бас, ауыр, бөл, от, жас, қыс, тән, мал, қанат, қала, т.б.
2. Мәтіннен алынған сөздердің синонимін тауып жаз: төзімді, ұшар басы, бағалы, жер бетіндегі, сусымалы, өзіне тән т.б.
Жаттығу жұпта бағалау парағы (кілт) арқылы бағаланады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 738



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!