Шәкен Айманов Кенжетайұлы (1914 - 1970)

 Шәкен Айманов Кенжетайұлы (1914 - 1970)

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары, Қазақ консерваториясының театр бөлімінде ұстаздық қызметке енді ғана бет бұрып, шәкірттерге дәріс оқып жүрген жас кезім еді. Қыстың қақаған таңертеңгілік аязды күндерінің бірінде, аталған оқу орнының табалдырығын аттай берген сәтімде, алдымнан кларнет аспабын ойнауға машықтанып жүрген Роллан есімді студент жігіттің қарсы жолыға кеткені. Өңі өзгеріп кетіпті. Таң атпай түнеріп алған Ролланға не болды деп, ым қаққаным сол екен: — Естімедің бе, кеше Мәскеуде Шәкен Айманов жол апатынан қайтыс болыпты. Қарғыс атқыр, қаңғыған бір көлік оны абайсызда қағып кетіпті -деді, апыл-ғұпыл, асығыс сөйлеп. Өзінің ерні кемсеңдеп, көңілі босап тұр. Тұла бойымды діріл билеп, бір түрлі күйге үшырап қалғандаймын. Ұнжырғам түсіп, еңсем езіліп-ақ қалды. Қайран, Шәкен аға! Серілік салтынан, кісілік қалпынан айнымаған сырбаз аға! Анадайдағы орындықтардың біріне отыра кетіппін. Отыра кеткенімді қайтейін, асыл аға туралы аласапыран ойлардың иіріміне енгендей әлем-тапырық хал кештім. Кинодағы кейпіне сонау мектеп жасындағы кездерімізден қанықпыз ғой. Открытқалардағы суреттерін жинастырып, оларды төс қалтамыздан түсірместей өнерге өлердей ғашық шақтарымызды қалай ғана оңай ұмыталық?! «Бір ауданда», «Ән шақырады» атты көркемфильмдердің Шәкен Айманов есімімен тығыз байланысты екендігін эрқалай біліп-ақ қалған тұсымыз. Ұлы Жамбылдың 20 жасынан бастап, 90 жасына дейін шебер ойнап көрсете білген Шэкен Аймановтың өзі сонда небәрі 33 жаста-ақ екен. Жоғарыдағы кино экрандарынан көріп, даңқына сырттай іңкәр болып жүрген сүйікті актеріңмен (иэ, сүйікті актерімізбен, оның режиссер екендігін жүре келе түсіндік қой) бір қауышу арманы қиялымыздан кетпейтін.

1966-шы жылы ұлы актер Серәлі Қожамқұловтың 70-жылдығы М. Әуезов театры сахнасында зор салтанатпен аталып өткені еске түсті. Неге екені белгісіз, сол жолғы салтанат кеші түгелімен теледидардан бүкіл республика жұртшылығына тікелей эфир арқылы көрсетілді. Біздер, атақты өнер шебері, Шәкен Аймановтың көп жылдардан бергі сахналық серіктесі (партнері) Хадиша Бөкееваның екінші курста оқитын шэкірттері, Серағаңа арнау өлеңдер оқитын болып, әзер дегенде кеш бағдарламасына іліккен едік. Қас қылғандай, ақындығым үстап кетіп, өлең сөздерін мен жазармын ба! Әлі орта көрмеген, тәжірибесіз сарыауыз студенттер бірінен кейін бірі сөздерін үмытып, дүйім жүрттың алдында әбден абдырап элекке түстік. Оның үстіне, менің шайырлығымның да күйқылжып түрғаны шамалы болар. Сонымен, қойшы эйтеуір, «ах, бых» деп шатып-бұтып, өлең сөзді де бітірдік-ау! Жастардың жүрексінгендерін сезген зал толы халық (ұялғандарынан да болса керек) самарқау ғана қол соққансыды. Қайсыбіреулері күлісіп жатты. Бір кезде, сахнаға шығу кезегі орта бойлы, дөңгелек жүзді, айқабақ, қияқ қасты кісіге тиді. Аспай-саспай, керіліп-созылып, маңғаздана сөйлейтін әлгі кісі сазайымызды берсін келіп: -Қазақтың киелі сөзінің бет-жүзін айғыздап, жаңағы жастар неткен… (жетесіз дегені шығар деп үқтық). Үлкен сахнаға шығар алдында, үлкен артист жөнінде салиқалы сөз айтқан жөн болмас па? Қайдан келген қамсыз-мүңсыз балалар еді, элгілер — деп таусыла кеп толғансын. Оның эйгілі жазушы-драматург Ғабит Мүсірепов екендігін сонда ғана барып білдік. Бүрындары атын естігеніміз болмаса, Алматыға жаңа келген біздер үлы қаламгерді қайдан үшырата қойды дейсіз?! Жасып-ақ қалдық. Елге қарар бет жоқтай. Кірерге тесік таппай, теңселе, түнеріп түрғанбыз. Көп кешікпей, кең иықты, зор денелі 50-лер шамасындағы жігіт ағасы мінбеге көтерілді де, эдеттегідей мерейтой иесіне айтылар мадақ сөздерді бүршақтай жаудырды. Отырғандарды күлкіге көміп тастады. Өткір ой, тапқыр сөздің хас шебері дерсіз оны. «Шәкен ғой», «Айманов қой» дескен күбір-сыбырларға елең етісіп, құлақ тоса қалыстық. Реніш пен уайымнан жас жүрегіміз езіліп, барынша қабаржып түрған біздерге, кенет «жан біте» бастады. — Серэліні сахна серісі еткен осынау өнер отауының өзі де, төрі де эбден киелі һэм жауапты. Жаңағы өрімдей жастарды көрдіңіздер ғой, олар әдейі шатасайын деп шатасқан жоқ. Оларды киелі сахнаның сүсы, шошытып жіберген. Бэріміз де қүлап-сүрініп бір кезде солай бастағанбыз. Әлі күнге дейін толқып шығамыз жүрт алдына. Сөз де, әрекет те тәжірибемен шыңдалады.

Шеберлікке ұласады. Жаңағы жастардың қанаты қатаяды. Сенімдері бекиді. Небәрі өнер оқуының студенттері екен. Хадиша аман болса, күні ертең-ақ оларды қыранша баптап, сахна саңлақтарына айналдырары сөзсіз — деп, өзіне біткен ашық даусымен саңқылдай сөйлеп, сөзін тәмамдады. Бір ағамыз біздерді сынады. Бір ағамыз біздерге сенім артты. Әжептэуір серпіліп қалдық. Сол жолы Шәкен аға қорғай сөйлеген жасөспірімдер тобы, шынымен-ақ кейіннен халық артистері, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері атанды. Асыл да, ардақты ағаның көрегендігі осылайша есте қалды. Шэкен ағаны сондай жақсы көріп кеттік. Жас қауымның меселін қайтармай, жігерін жасытпай өйтіп-бүйтіп мақтаған болып, жақтаған болып, жүрт алдында біздерді ақтап алуы — үлкен суреткердің азаматтық, адамгершілік кең мінезділігі екен де. Міне, сөйткен Шәкен ағадан шын айырылып, қайғыға көміліп отырғанымыз мынау.

Бір сәт сахна салтанаты жетімсіреп қалғандай. Театр шымылдығы бұдан былай ашылып-жабылуын мүлде тоқтатардай әлем-жәлем күйге тап болдық. Жетпіс бірдің жаңа жылына тура бір апта қалғанда қазақ өнерінің басына қаралы қасірет орнады. Шайқалған өзен-көліңді, қарасаң көз тояр тау-тасыңды, орман-тоғайыңды дэл Шэкендей таспаға тартар хас шеберден айырылу — қазақ қауымын ауыр мүңға бөлегені рас. Иә, содан Серағаң кешінде жастарды іш тарта сөйлеген Аймановтың ізінен қалмай, жалынып-жалбарынып жүріп, оның студент жастармен кездесуін өтіндік. Аяулы аға тілегімізді қабыл алғанымен, консерваторияға барып-келіп ырғалып жүруге уақытының кем екендігін үқтырып, киностудияға келуімізді талап етті. «Жазған құлда» шаршау бар ма? Қайсыбір үстаздарымызды ортамызға алып, болашақ режиссерлер мен актерлер «Қазақфильмге» қарай жөңкілдік. (Киностудия ғимараты ол кездері қазіргі Төле би-Қалдаяқов көшелерінің қиылысында орналасқан-ды). Алдын-ала келісілген уәде бойынша, бекітілген 40-50 минөттік кездесудің табаны күректей 3 сағатқа созылғаны, тіпті де таңқаларлық жай емес еді. Әжімді жүзі алаулап, қысыңқы да, қуақы көздері риясыз күлімдеп, қарқылдай күлген сәттерінде батыр тектес зор денесі түгел селкілдеп кетер Шәкен Айманов сипаты (жақын жерден қарағанда) тіпті ғажап. Сөз жоқ, сүйкімді жан. Төбесінен ғана ұқыпты қысқартылған қатты да қайратты шашы барынша тікірейе түскен. Сөйлеп-сөйлеп келіп, табан астынан қарқылдай күле жөнелгенде, бейне бір шатыр-шүтыр найзағай от шашып өткендей әсер қалып отырды. Ара- арасында, «қых», «қых», «қых» деп тереңнен түрлендіріп шығарар өзінің «коронный» күлкісі екен, соған тәнті болыстық. Қосыла күлістік. Кез келген сауалдарға жауабы даяр. Тосылу, қысылу дегенді білсейші?! Юморы неткен табиғи. Тілі өткір, эзілі ащы. Бейнелі сөзге тым үста. Қысыңқы көздерін алысқа үзатып, неше бір тарих сырларынан әңгіме өрбітпеді десеңізші, арыс аға Айманов?! Киносы бар, театры бар жүзден аса көркем бейнелер кескіндеп, оннан астам фильмдер түсірген эйгілі суреткердің айтар ойының қомақтылығына кім шек келтірер, тэйірі! Нағыз өнерпаздың бүйірі қызғаны соншалық, санаулы минөттерге эрең келіскен ол бірнеше сағаттардан соң біздерді эзер жібергендей болды. Кэсіби ортақ эңгімеге эбден разы болған студенттер қауымы кереметтей эсерге бөленіп, барынша бір желпінісіп тарастық-ау, сол жолы.

1969-шы жылы Шәкен Айманов, Алматының Жастар театрында (қазіргі Ғ.Мүсірепов театры) «Жас Абайды» қойды. Оның көпшілік сахналарына қатыстық. Репетиция жүргізу тэсілдері қызық. Айғай-үйғай атымен жоқ. Мамыражай тыныштық қалыпты нық ұстанады. Артистерге аз сөйлеп, көп ұқтырады. Көрермендер залының түкпірінен анда-санда сараң ғана тіл қатады. Актер біткен аяқтарының ұштарымен жүреді. Әдеттегі тарс-тұрс, орынсыз жүріс-тұрыс әбден ұмыт қалғандай. Мүлдем басқа атмосфера! Әлде Шәкен ағаның мысы баса ма? Сұсы деуге дэтіміз бармайды. Қатқыл сөзін естіген емеспіз.

Мәдениеті жоғары. Домбырасы қолында, эуені аузында, үзіліс кезінде эн төресі — «Екі жиренді» «еңіретеді». Бүкіл артист қауымы қасында. Қос шек дамылдаған сэттерде, оларға қойылым идеясы, кейіпкерлер мақсат-мүдделері жайында тиянақты түсінік береді. Жол мегзейді. Бағыт сілтейді. Әсіресе, жас Абайды кейіптеуші Алтынбек Кенжековке көбірек шүқшияды. Қайрайды. Баптайды. Әзірлік аяқтала бере, Айманов мырза, «қорамсаққа қол салады, қол салғанда да аямай мол салады». Қасым, Шапай, Мұхтар, Алтынбектердің де сарыла күтері осы сәт. Біздер де жалма-жан, «Столичныйға» (жастар театры ол кезде қазіргі Абылайхан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болатын) қарай жүгіріп бара жатамыз. Ағаның сарқыты бэрімізге бағалы. Біздер түгіл, біздерден де гөрі ересектер аға дастарханын әрқалай тәбәрік түтар еді. Бір қарасаңыз, элдебір артистермен сағаттар бойы сарылып, шахмат тақтасына телміріп отырар арыс ағаның тым ойлы кескінін байқайсыз. Шэкеннің дархандығы, жомарттығы жайлы аңыз көп. Мәскеу сапарларында орталық қонақүйлердің біріне тоқтаған бетте, (көп нөкері қасында) сол Мәскеу түбінен жаңа сойылған нән сиырды алдырып, өзінің байырғы әріптестері Н. Крючков, Б.Андреев, Ю.Саранцев, Б.Иванов, Б.Мансұров, Э.Оразбаевтарға қазақы дастархан жайып, өз ұлтының меймандостық қасиеттерін барынша паш етіп жатар екен. Сол сияқты, өзінің жақсы көретін ағалары М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Қ. Қуанышбаев, Е.Өмірзақовтарға еркелей жүріп, талай күлкілі оқиғалардың бас кейіпкеріне айналар Айманов әрекеттері өз алдына жатқан бір хикаят дерсіз! «Әй, Шәкен-ай!» деп, жақсы көре еркелетер екен жан ағалары оны. Заманымыздың заңғар қайраткер түлғасы Д.Қонаевтың кеңесімен өзінің «Аққу эніндей» болған соңғы күрделі жүмысы «Атаманның ақыры» фильмін ел-жүртына естелікке тастап кеткендей. Бұған дейін «Махаббат туралы аңыз», «Дала қызы», «Алдар көсе», «Атамекен», «Біздің сүйікті дәрігер», «Найзатас баурайында», «Тақиялы періште» сынды сан көркем фильмдердің жұмбақты құлпын ашқан Айманов режиссурасы «Атаманға» нағыз атамандық даярлық тәжірибесімен келген еді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?