Сиқырлы тон Үндестік заңы (5 сынып, I тоқсан )

 Сиқырлы тон Үндестік заңы  (5 сынып, I тоқсан )

Пәні:Қазақ тілі
Бөлім атауы: Киіну. Сән. Талғам
Сабақ тақырыбы: Сиқырлы тон. Үндестік заңы
Сабақтың оқу мақсаттары: ӘТН 2 Орфоэпиялық норма.
Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Орфоэпия мен орфография заңдылықтарын меңгереді;
Оқушылардың көпшілігі:
Ықпал түрлерін ажыратып, соған сәйкес айта алуға дағдыланады;
Оқушылардың кейбірі:
Ықпал түрлерін орынды қолданып, заңдылықтарына сәйкес айтып, дербес ой білдіреді.
Сабақ барысы: Оқушылармен амандасу. «Шаттық шеңбері» тренингі арқылы сабақ барысы мен сыныпқа сәттілік тілеу.
Шарты: ешкім ешкімді қайталамау керек.
Тон, Іліктон, Шентон, Оқалы тон сөздері арқылы 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз атауына анықтама береді.
Топ мүшелеріне үйге берілген «Сән әлемі» туралы кемінде 2 ақпаратпен бөлісу тапсырылады. Әр топтан 2 ақпарат тыңдалады. « Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағаланады.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады.
Орфоэпиялық норма – сөздердің үндестік заңына сай дұрыс айтылуы. Үндестік заңы: буын және дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі (сингармонизм) – сөздің бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып жалғануы.
Дыбыс үндестігі – дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, үйлесе, үндесе айтылуы.
Ауызекі сөйлеу кезінде дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ыңғайласа айтылады. Мысалы: жанбады - жамбады, жанған - жаңған. Айтылуда б дыбысының әсерінен (б айтылуы жағынан ерін дыбысы) н дыбысы еріндік м дыбысына өзгерсе, екінші мысалда ғ тіл арты дыбысы н тіл алды дыбысын ң тіл арты дыбысына ауыстырып тұр.
Дыбыс үндестігін ықпал деп атайды. Ықпалдың қазақ тілінде үш түрі бар.
1) Ілгерінді ықпал – қатар келган екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі. Мысалы: Қарагөз – Қаракөз
2) Кейінді ықпал – қатар келган екі дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі. Мысалы: аяқ – аяғы, төк – төге.
3) Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді, кейінді ықпал арқылы өзгеріске ұшырауы. Мысалы:
Жазылуы Айтылуы Жазылуы Айтылуы
Есжан Ешшан Жиенқұл Жиенғұл
Есен келді Есеңгелді Досжан Дошшан
Тон кию Тоңгию Шешіп алу шешібалу
Өзі күлдіргі Өзүгүлдүргү Алдар көсе Алдаргөсе
Оқушыларға әр ықпал түріне 1-1-ден мысалдар келтіртіп, шеңбер бойынша сөз тіркестерін айтқызу, ажырата білуін қадағалау.
Сұрақ:
– Ауыз әдебиетінің өкілі, шындықтың жаршысы, кедейдің жанашыры, өзі күлдіргі әңгіме айтып, жұртты күлдіріп жүретін, әділеттілікті жақтаушы, басында шашы жоқ, әділдікті өз хикаяларында орнатып, әлсіздің есесін қайтарып жүретін кейіпкер кім? (Алдаркөсе)
Тапсырма. Қазіргі тыңдайтын тыңдалымнан ықпал түрлерін ажыратып, дәптерлеріне түртіп отыру.
С. «Сиқырлы тон» бейнефильмді көреді. Бейнефильм бойынша талдау жүргізеді.
– Қандай үндестік түрін байқадыңыздар?
– Қандай ықпал түрін байқадыңыздар?
– Тон – қандай киім?
Оқушылар топта ақылдасып, болжап, ментальді карта әзірлейді.
Тон түрлеріне қатысты анықтама береді.
Тон – иленген қой терісінен, жүнін ішіне қаратып тіккен жылы қалың сырт киім. Тонның түрлері: жабағы тон, бүрмелі тон, қаптал тон, жарғақ тон, былғары тон, тұлып тон, шолақ тон, зерлі тон, қырықпа тон, іштік тон.
Іліктон – құдалыққа барғанда сыйға тартылатын әдемі тон.
Шентон – лауазымдылық киім, мундир.
Оқалы тон – оқа, түйме тағылған, сыйға тартылатын әдемі тон.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Ж. Тыңдалым материалдарының нәтижесі ретінде «Менің таңдауым» тақырыбында ақпараттық мәтін жазу. Ілгерінді, кейінді ықпал түрлерінің астын сызу.
Сөз саны – 40 сөз.
Бағалау критерийі:
 Таңдауы, талғамы көрінеді;
 Сән үлгілері туралы баяндайды;
 Ықпал түрлерін дұрыс ажыратады (2 қате кетуі мүмкін)
 Құрылымдалған мәтін жазады.
Жұптық бағалау жүреді.
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 336



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?