№120-сабақ Мәтін және сөйлем Ашықхат жазу (3 сынып, IV тоқсан )

 №120-сабақ Мәтін және сөйлем Ашықхат жазу (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мерекелер. Демалыс мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: №120-сабақ. Мәтін және сөйлем. Ашықхат жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, ашықхат мәтінін құрап жазады;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
- үлгі негізінде ашықхат мәтінін құрап жазады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
- ашықхат мәтінін өз бетінше құрай алады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ж, Қ) «Бинго» тәсілі. Оқушылар бір-біріне үй тапсырмасында тақырып аясындағы жинақтаған мақал –мәтелдерін бір біріне таныстырады. Тыңдағаны бойынша «Бағалау парағын» толтырады.
Бағалау парағы
Аты жөні Мақал мәтелдің тақырыпқа сай болуы Мақал мәтел саны
Талқылау. Өзара бағалау. Тақырыпты аша білген достарым.... Ұсыныс...
(МК, Ұ) Тақырыпты анықтау. Суретпен жұмыс.
8-тапсырма. 97-бет
• Суреттерге қандай тақырып қоюға болады? Неліктен?
• Оқиға қай уақытта орын алды деп ойлайсыңдар?
• Адамдар қандай сезімде?
• Суреттегі оқиғалардан қандай өнеге алар едің?
Сабақтың лексикалық тақырыбы мен оқу мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін белгілеу.
3.2.3.1 (Ө, Ж, Ұ; Қ) Мәтінді оқу. Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және оларға жауап беру.
5-жаттығу. Мәтінді іштей оқу. «Инсерт» әдісі (2-2,5 мин)
V
білемін −
келіспеймін +
жаңалық ?
білгім келеді
Ақпаратпен бөлісу
- Күнделікті өмірден білетін мәтіндегі ақпараттар қайсы?
- Сен келіспейтін ақпарат кездесті ме?
- Қандай жаңа ақпарат білдің?
-Тағы не білгің келеді?
Талқылау
Саралау
- Аналар мерекесі қай күні аталып өтеді?
- Балалар анасына қандай сыйлық жасады?
- Бұл күні тағы кімдерді мерекемен құттықтауды естен шығармау керекпіз?
- Бауырлар сыйлықты жасауға қалай үлес қосты?
- Бұл отбасында неше бала бар деп ойлайсың?
- Балалардың бойынан қандай жақсы қасиеттер байқадың?
- Мәтінге тағы қандай тақырып ұсынар едің?
Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастыр.
Жұпта өзара сұрақтарды жетілдіру. Топта сұрақтарды өзара талқылап, топ сұрақтарының тізбесін әзірлеу.
ДЖИГСО әдісі, топтар өзара сұрақтарға жауап жазады.
Өзара құрастырылған сұрақтарды бағалайды.
Маған ең ұнаған сұрақ, себебі...
Менің ұсынысым, осы сұрақты әлі де ... осылай жетілдіруге болады. Ал сендер қалай ойлайсыңдар?
Дескриптор
- пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастыра алады;
- сұрақтарға жауап жазады.
(Ө; Ж; Қ) Мәтіннен қаратпа сөзі бар сөйлемдерді тауып жазу.
Мәтіннен қаратпа сөзі бар сөйлемдерді тауып жазады.
Қаратпа сөздің сөйлемдегі орнын ауыстырып, сөйлемді қайта құрап жазу.
Өзара жұпта жазба жұмыстарын тексеру. Бір-бірінің қатесін жай қарындашпен түзету, бірге талқылау.
Саралау: оқушыларға құрамында қаратпа сөзі бар сөйлемнің сызбасын ұсыну арқылы қолдау көрсету.
Сергіту сәті
Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.
3.3.5.1 (МК; Ө; Қ) Есте сақтау диктанты.
Өлеңді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
6- жаттығу. Өлеңді іштей оқып, жаттау. (2 минут уақыт)
Өлеңді хормен айту. Жеке жатқа айту.
Өз бетінше өлеңді тиісті тыныс белгілерін қойып, сауатты жазады.
Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
«Бағдаршам» тәсілі
Қатесі жоқ – жасыл түс
1 қате - сары түс
Бірнеше қате – қызыл түс
3.3.5.1 (МК; Т; Қ) Сұрақтар мен сөздерді сәйкестендіру. Ашықхат жазу.
7- жаттығу. Ашықхат мәтіні бөліктерінің сұрақтары мен сөздерін сәйкестендіреді. Үлгі:
Қымбатты/ Ардақты ... ...
... ... мерекеңізбен/туған күніңізбен құттықтаймын.
Сізге ... .... тілеймін.
Ізгі ниетпен ... ...
Талдау:
Қандай ыстық лебіз, жақсы тілектер жазуға болады?
Талқылау:
• Анаңа арнап ашықхат жазатын бауырыңа қандай кеңес берер едің?
• Ал өзің ашықхат жазатын болсаң, қандай тілектер жазғанды дұрыс санайсың?
Талқылау барысында оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруға көңіл бөліну керек. Мысалы, қажымас қайрат, көктемдей құлпырып, әдемі ... т.с.с.
Өзіндік жұмыс. Анамызға құттықтау ашықхатын жазу.
«Галерея» әдісі. Өзара бағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалған ашықхаттар көрмесін ұйымдастыру. Өзара бағалауды түрлі түсті стикерлер арқылы ұйымдастыру. (Оқушылар ашықхатта көрмесін аралап оқып шығын, өзіне ұнаған, ашықхат қрылымы сақталған және қатесіз жазылған 5 ашықхатқа жасыл түсті стикер, қате кездескен жұмыстарға сары түсті стикер жабыстырады.)
Дескриптор:
• ашықхат құрылымын сақтайды;
• сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;
• сөздерді қатесіз жазады.
Мұғалімнің басшылығымен қателер талқыланып, түзету жұмысы орындалады. Қатемен жұмыс барысында қате жазылған сөздер талқыланған соң, есте сақтау диктантын ұйымдастыру ұсынылады. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 974



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?