Лай судағы тіршілік (3 сынып, IV тоқсан )

 Лай судағы тіршілік (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су –тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Лай судағы тіршілік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін) өз көзқарасын білдіру;
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу.
Сабақ мақсаттары: аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін) өз көзқарасын білдіру;
түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• мәтіннің тақырыбын тауып, негізгі ойды анықтай аламыз;
• алынған мәліметтен салыстыра сипаттау мәтінін құруды үйренеміз .
(Т) Оқиық және жауап берейік
Мәтінді оқы.Онда қандай мәселе көтерілген. Мәтінге тақырып қой. Тобыңмен ой бөліс.
«Үш түрлі күнделік» әдісі.
Мәтіннен ерекше әсер еткен немесе ой салған дәйексөз келтіру Жеке түсінік беру:
осы дәйексөзді жазуға не мәжбүр етті?
Қандай ой тудырды?
Осыған байланысты қандай сұрақ туындады? «Мұғалімге хат» және сұрақтар
Кестенің бірінші бөлігіне мәтінде өзінің назарын аударған немесе ерекше толғандырған (келісетін, келісе алмайтын, қызықтырған т.б.) үзінділерді жазады. Үзінділер жекелеген сөздер, сөз тіркестері, фразалар немесе қысқа сөйлемдер түрінде келтіріледі. Оқушылар мәтінді түгелімен көшірмеуі тиіс.
Қағаздың ортаңғы бөлігі «Түсіндірме» деп аталады. Мұнда оқушы сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін көрсетеді: ол неліктен бұл үзінділерді жазып алды, оның себебі қандай?
Осы арқылы ол мәтін бойынша өз пайымдауын білдіреді. Бұл баған сол жақтағыға қарағанда маңыздырақ болғандықтан, көлемді әрі тұтас сөйлемдерден тұрады.
Мысалы бірінші бөлікке «Қазір өзен суы қап-қара болып жатыр» деп жазады екінші бөлікке былай деп жазуы мүмкін: «Бұл сөйлемді жазуыма себеп болғаны: бұрын өзен суы мөлдір, тап-таза болатын. Судың ластануына не себеп болды? Су қашаннан бері ластанды?».
3-бөліктегі мұғалімге жазылатын хатта «Өзен енді бұрынғы қалпына келе ала ма?» деген сұрақ қойылуы мүмкін.
(Т) Ойланайық және табайық. Сызбаны толтыр. Өзенде қандай өзгерістер болды?
Зерттеуге дейін Зерттеуден кейін
Дифференциация. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.
Жазайық.Көп нүктенің орнына мәтіннен тиісті сөздерді тауып, сөйлемдерді аяқта. (Бағдаршам арқылы бағалау)
1. Өзен суы таза және балығы көп болатын.
2. Қазір өзен түсі қап –қара болып жатыр
3. Сасық судан демалу демалу мүмкін емес.
4. Зертханада өзен суын тексеру үшін сынама алдық.
5. Өндірістік зауыттар болмаса да, балықтар өліп жатыр.
Ойымызбен бөлісейік
Балықтардың жаппай қырылып қалуына не себеп болды? Берілген пікірлердің қайсысы дұрыс деп ойлайсың? Өз көзқарасыңды білдіріп, қысқаша жаз.
Мен бұл пікірмен келісемін, себебі ... .
Мен бұл пікірмен келіспеймін, себебі ... .
1. Суға түскен қоқыстардан балықтар қырылып қалған.
2. Күннің қатты ыстығы балықтарға әсер еткен.
3. Шіріген өсімдік қалдықтарынан қырылған.
4. Балықтарға ауа жетпеген.
Иә, келісемін Жоқ, келіспеймін
Дәлелдемелер Дәлелдемелер
Бұл кесте әр оқушыда болады. Оқушылар алдымен жеке орындайды. Содан кейін сызба бойынша нәтижесін шығарады. Мұғалім оқушыларды ұстанған бағыттарына («иә», «қарсы») қарай бөледі. Оқушылар өз бағыттарын қайткенде де қорғап шығу үшін өз топтарында салмақты дәйектемелер дайындайды. Қарсы жақ олардың дәлелін тыңдап, талқылайды. Сонан соң өз бағытын қорғауға қатысты дәлелін мәлімдейді. Мұғалім пікірсайыс қоры- тындысын шығарады
Дифференциациялық тапсырма
Оқушыларға сыныптағы заттарды салыстыр.
Қабілеті жоғары оқушылар.
Әріптері ауысқан балық аттарын тауып жаз.
Кеңөм…………………………. Батан……………………….. Азанс……………………….. Іебрек……………………… Нартош…….............................
Қабілеті төмен оқушылар
Мысалы, Мағжанға қарағанда Сәулет ұзынырақ. Шкафтың түсі мына сөмкенің түсіне қарағанда қоңырлау. Бордың түсі ақ, ал Айманның жейдесі ақшылдау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 771



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі