Құрғақшылықты зерттейміз (3 сынып, IV тоқсан )

 Құрғақшылықты зерттейміз (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Құрғақшылықты зерттейміз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.4.2.7 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау
Сабақ мақсаттары: Өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, диалогке қатыстыру. Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп,әңгіме құрап айта білуге үйрету.Мәтіннен болымды және болымсыз етістіктерді анықтап, ажырата білуге дағдыландыру.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, жағымды көңіл- күй орнату.
(Т)Қызығушылықты ояту.«Сөздер тізбегі»
Мақсаты:Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, сөйлем құрастыра білу қабілеттерін дамыту.Сабақтың тақырыбын ашу.
1.Оқушылар сөздер тізбегін айтады,қарсы топ сөйлем құрастырып шығады.
2.Мұғалім құрғақшылық жайлы сөздер тізбегін айтады, оқушылар сөйлем құрастырады.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау.
(МК) Тыңдалым алды жұмыс.
«Сөз сыры»
Оқушылар берілген сөздерге қарап, мәтін мазмұнын болжайды, жұпта мәтін/ сөйлемдер құрастырып көреді. Жаңа сөздердің мағынасын таниды.
Мақсаты:Оқушылардың айтылым және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
• Су тасқыны
• Бай мен кедей
• Алтын, нан
• шөл
• ағашқа мінуі
• бір үзім нан
• алтын, күміс -тас
• арпа, бидай - ас
(Ө) Тыңдалым. Оқушылар мәтінді тыңдай отырып, тапсырмаларды орындайды. Жұпта жұмыстарын бір-бірімен салыстырып, тексереді. Соңында түпнұсқамен салыстырады. Жұпта мәтінді бір-біріне мазмұндайды.
Тыңдалым мәтіні:
Баяғыда бір бай мен кедей көрші тұрыпты. Бай өте жақсы өмір сүріпті. Ал кедей егін егіп, өз еңбегінің нанын жеп күнелтеді екен.
Бір жылы көктемде қатты су тасқыны болады. Бай бар алтынын көтеріп, биік ағаштың басына шығып кетіпті. Кедей де нанын алып, ағаштың басына шығады. Су тасқыны бірнеше күнге созылады. Қарны ашқан бай кедейге:
– Әй, кедей, мына бір кесек алтынды алып, маған бір үзім нан берші, -дейді.
– Алтының өзіңе, нан бере алмаймын,- дейді кедей. Екінші күні бай тағы да:
– Алтынымның жартысын берейін, бір үзім нан берші, –деп жалынады. Кедей бере алмайтынын айтады. Ақыры, аштан өліп бара жатқан бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Байға жаны ашыған кедей өз нанымен бөліседі. Келесі күні су тоқтап, олар ағаш басынан түседі. Содан бері бай мен кедей араласып, жақсы көрші болған екен. Халықтың «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дегені осыдан қалған болар.
(Ө) «Ойлан, жаз» Оқушылар берілген тапсырмалардың бірін таңдап, орындайды. Тапсырмалар қиындық деңгейіне сай сараланған.
І. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
• - Мәтін не туралы?
• ________________________________________________________________
• - Мәтіннен қандай ой түйдің?Жаз.
• ________________________________________________________________
• - Мәтіндегі қай сөйлем негізгі ойды білдіреді? Жаз.
• ________________________________________________________________

- Мәтінді қалай атауға болады? ____________________________________

2-тапсырма:Мәтіннен 3 болымды етістікті көшіріп жазып,болымды етістікке айналдырып жаз.
____________________________________________________
____________________________________________________
____________________________________________________

Дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалайды:
-мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтінің негізгі ойын анықтайды;
- мәтінге тақырып (ат) қояды.
-болымды/болымсыз етістіктерді ажыратады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 938



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.