№ 103 сабақ Негізгі және туынды сын есім (3 сынып, IV тоқсан )

 № 103 сабақ Негізгі және туынды сын есім (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Су тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: № 103 сабақ Негізгі және туынды сын есім
Оқу мақсаты: 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;
3.4.2.4 негізгі және туынды сын есімді анықтау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріппен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
-сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады;
– сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды сын есімдерді анықтайды;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
-сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады
-негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрай алады;
-сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі;
-туынды сын есімдер жасай алады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) «Мен қандаймын?» ойыны. Сынып оқушылары шеңбер жасап тұрады.
Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Мират - мейірімді, Азат - ақылды, Заир - зейінді т.б
Сын есім туралы білімдерін еске түсіреді.
2. (Ө, Т, Ұ) Су – тіршілік көзі дегенді қалай түсінесің? сұрағына жауап табу үшін әр топқа қағаз таратылады. Тапсырма «Консенсус» әдісі бойынша жүргізіледі. Әр оқушы қағаздың шетіне өз ойын жазады. Жазып болған соң, топ мүшелері ақылдаса отырып, қағаздың ортасын «Су – тіршілік көзі» ортақ пікірін жазады. Топ ішінен бір оқушы шығып, өз ойларын ортаға салады. Қалған топ мүшелері пікірді толық түсіну үшін сұрақтар қойып немесе пікірлер айта алады.
Ықтимал жауаптар: суды ішеміз, шомыламыз, су еріткіш, судан электр қуатын алады, су ауруларды емдейді, су жолымен адам қатынайды, су арқылы үйді жылытады.
ІІ.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.1.1.1, 3.4.2.3 (МК; Ө; Ұ) Оқулықпен жұмыс.1- жаттығу.
1. Мәтінді тыңда.
Мұғалім «Мұраттың бастауы» әңгімесін оқып береді. Оқушылардың мәтінді тыңдау барысында тірек сөздерді белгілеп отыруы қадағаланады.
Ықтимал жауаптар: жартас, бастау, ойпаң, салқын су
Мұғалім тарапынан қойылған ашық сұрақтарға оқушылар жауап бере отырып, өздері белгілеген тірек сөздермен сәйкестігін тексереді.
- Балалар қай жерде ойнады? ( жартастың түбінде)
- Бұрын бұл жерде не болған? (Бұрын бұл жерде бастау болған)
- Мұрат бастауды қандай белгілеріне қарап тапты? (Дымданып жатқанына қарап тапты.)
- Мұрат қандай жерді қазуға кірісті? (Ол ойпаң жерді қазуға кірісті.)
2.Түсіндірме сөздікпен жұмыс
Құрақ, дымданып, ойпаң, бастау
Бастау- бұлақ, өзен суының басталатын жері.
Бұлақ туралы қосымша мағлұмат беріледі.
Топ оқушыларына сұрақтар жазылған парақшалар таратылады.
3.Жабық сұрақтар:
1 топ
- Мұрат қайнарды қандай белгілеріне қарап тапты?
- Мұратқа қайнарды табуға бойындағы қандай қасиеттері көмектесті?
2 топ
- Бұлақ суының адамға қандай пайдасы бар?
- Мәтін не себепті «Мұраттың бастауы» деп аталған?
3 топ
-Бұл мәтінге тағы қандай ат қояр едің?
-Неліктен бастаудың суы салқын әрі мөлдір болады?
4 топ
- Бастау сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?
-Мұрат не себепті ойпаң жерді қазуғ кірісті?
4.Мәтіннен сын есімдерді табады.Сұрақ қояды.
Кішкене, ойпаң, мөлдір, салқын
Топ оқушылары қалаған сөзіне сөйлем құрастырады.
Бағалау дескрипторы:
- тірек сөздерді белгілей біледі;
- ашық сұрақтарға жауап береді;
-жабық сұрақтарға жауап береді;
-мәтіннен сын есімдерді табады;
Сергіту сәті
«Күн, жер, су» ойыны.
«Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді.
«Жер» дегенде, бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды.
«Су» дегенде, қолдарымен толқынды бейнелейді.
ІV. 3.4.2.4, 3.3.6.1 (МК; Ө; Ж; Ұ, Қ)
Көркем жазу
Сс Сс Сс Сс
Су- тіршілік көзі. Бұлақты жер, тұрақты жер.
2-жаттығу. Мәтінді көркем жазу. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау. Олардың қай сөз табына жататынын анықтау.
Тапсырма «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі арқылы жүргізіледі. Жұпта бір - біріне түсіндіреді, пікірлеседі. Қателерін түзетеді. Өзара бір - бірін бағалайды.
Ықтимал жауаптар: Сулы, нулы, көңілді. Су- түбірі, зат есім, -лы қосымша (жұрнақ), сулы – сын есім, ну- түбірі,сын есім, -лы қосымша (жұрнақ), нулы- сын есім, көңіл-түбірі, зат есім,-ді
қосымша (жұрнақ), көңілді- сын есім
(Т) Сын есімдерді салыстырып, ой тұжырым жасау.
Қарамен жазылған сын есімдердің құрғақ, қалың деген сын есімдерден өзгешелігі неде екенін анықтап, ой тұжырым жасайды. Жасаған ой қорытындыларын оқулықта берілген жаңа ақпаратпен салыстырады. Түсіндіру, талдау жұмыстары жүргізіледі.
Ықтимал жауаптар: құрғақ, қалың- сын есімдері түбір сөзден болған сын есім, ал сулы, нулы, көңілді - сын есімдері жұрнақ жалғану арқылы жасалған.
Бағалау дескрипторы:
- сөздерді сөз құрамына талдайды;
- сөз таптарына талдайды;
- ой тұжырым жасай алады;
3.3.6.1. (Ө; Ж;Т, Ұ, Қ), 3- жаттығу.
Негізгі және туынды сын есімдерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу.
Бұл тапсырманы ВЕНН диаграммасы арқылы салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылығын табады. Оқушылар жұпта, сонан соң топта талдап, топтан бір оқушы шығып, сынып алдында жұмыстарын қорғайды. Оқушылар «Бас бармақ» арқылы баға береді.
Ықтимал жауаптар:
Ұқсастығы: Барлығы да сын есім, қандай? сұрағына жауап береді.
Айырмашылығы: Жаңа, көк, жүйрік- негізгі сын есімдер, түбір сөзден жасалған. Әдепті, сүтті, атақты, көктемгі- туынды сын есімдер,жұрнақ жалғану арқылы жасалған.
Бағалау дескрипторы:
- сын есімдерді салыстырады;
- ұқсастығы мен айырмашылығын табады;
3.3.6.1. (Ө; Ж; Қ) Шығармашылық тапсырма
Берілген зат есімдерге – дай, -дей жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жаса. Туынды сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра
Оқушылар тапсырманы алдымен өз бетінше орындап, жұпта тексереді. Қате болса, түзетеді. Негізгі және туынды сын есімдер туралы дәлелдеулер жүргізеді.
Бағалау дескрипторы:
-туынды сын есім жасайды;
-сөйлем құрастырады;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 127



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!