Уақытыңды бағала (3 сынып, II тоқсан )

 Уақытыңды бағала (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Тақырыбы: Уақытыңды бағала
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу, келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру
3.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
• басқаның пікіріне қатысты өз көзқарасын білдіруді үйренеді;
• сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
• мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,
Оқушылардың көбі жасай алады:
• басқаның пікіріне қатысты өз көзқарасын сұрақтарға сүйене отырып білдіреді;
• сызбада берілген мәліметтер негізінде қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• басқаның пікіріне қатысты өз көзқарасын білдіреді және негіздейді
• сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу,үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: Миға шабуыл (Ұ.) «Ғажайып алаң» әдісі
Ғажайып алаңдағы ұяшықты таңдау. Ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру.
-Кеше қандай оқиға есіңде қалды?
-Қандай сабақ болды?
-Бір сабақта неше минут отырдың?
-Қандай көмек бере алдың?
-Кімнен көмек алдың?
-Туған күнің қашан?
-Былтыр қандай сыйлық алған едің?
-Кешегі күнді қайта артқа жылжыта аламыз ба?
-Өткен жылды, айды ,күнді артқа жылжыта алар ма екенбіз?
Қ.Б: мадақтау арқылы
Ендеше, әр бір өткен кезеңді уақытты қайтара алмаймыз. Ол тарихта қалады.
Бүгінгі тақырып: Уақытыңды бағала
М.К Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өткізбеу керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жүмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жүмсауы керек.
Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек.
3.1.5.1 1-тапсырма (Ұ) Бейнематериал тамашалау. «Карусель» әдісі Сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге топтасады. Шеңберде сөйлеуге нақты уақыт беріледі. Мысалы, 20 секунд.
Көрген бейнематериалға өз көзқарасын білдіру. Пікірталасқа қатысу. Ой қорытындысын жасау.
- Неліктен қызметші уақытын қайтарып бере алмады?
-Өтіп кеткен жарты сағат уақыт Эйнштейнге неліктен қымбат болды?
-Өзің кеше өткен уақытыңды қайтарып ала аласың ба?
Дескриптор:
-бейнематериалға өз көзқарасын айтады
-пікірталасқа қатысып, қорытынды жасайды
Қ.Б: «Жарайсың!», «Керемет!», «Өте жақсы!»
Саралау: пікірталасқа қатысып, өз көзқарасын білдіруде жылдам және қорытыныдылауы сараланады.
2-тапсырама
3.1.5.1 «Мозайка» әдісі арқылы үш топқа біріктіру
1-топ «Сағат» 2- топ «Күн» 3-топ «Түн»
Бейнематериалды тамашалау. «Уақытыңды бағала» тақырыбында жоспарлап сөйлеу.
(Т) «Төрт сөйлем» әдісі
Пікір: Уақытты жоспарлау бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен жазыңдар.
Дәлел: Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер
Мысал: Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.
Қорытынды: Жоспар бойынша қорытынды шығарыңдар.
Дескриптор:
-уақытты жоспарлау бойынша пікір жазады
-дәлеледер мен мысалдар келтіреді
- уақытты жоспарлауда қорытынды шығарады
Қ.Б: топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс береді
Саралау: кейбір оқушылардың күрделі дереккөздермен жұмыс жасай алуы сараланады
Сергіту сәті: Жұмбақтар шешу
1.Сырт-сырт соғады
Уақыт озады. /сағат/
2.Тілдерімен жүреді
Уақытты біледі. /сағат/
3.Үш тілі бар, үшеуі де жүреді (сағат)
4. Тық-тық ұрып,
Шегесін қадап.
Мезгілді саған,
Айтады санап. (сағат)
3-тапсырма
3.3.4.1, 3.3.5.1, 3.3.6.1 «Нұсқаулықтар» әдісі
(Ө,Қ) «Уақытыңды бағала» тақырыбында нұсқаулық жазу. Бір күндік уақытын қалай жұмсайтынын жазу және уақытын қою.
1.Таңғы жаттығу______________________________
2.Таңғы ас___________________________________
3.Сабаққа бару________________________________
4.Сабақтан қайтып келу________________________
5.Түскі ас____________________________________
6.Үй жұмыстарына көмек беру__________________
7.Үйірмеге бару_______________________________
8.Таза ауада дем алу /ойнау_____________________
9.Үй тапсырмаларын орындау___________________
10.Кешкі ас___________________________________
11.Түнгі ұйқы_________________________________
Дескриптор:
-нұсқаулық жазады
-уақытын қояды
Қ.Б: көңіл-күй смайликтер арқылы ынталандыру
Саралау:Көмек қажет ететін оқушлыраға күрделі тапсырма орындауда қолдау жасау.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 151



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?