Туған күн (Мерейтой 80 жас)

 Туған күн (Мерейтой 80 жас)

Сексеннің сеңгіріне секірген апамызға дүниедегі бар жақсылықты тілегіміз келеді. Амандық болсын, жамандық болмасын! Арамызда аман-есен жүре беріңіз! Немере-шөберелеріңіздің есейгенін көріп, олардың үйлену тойларына қатысып, төрінде дәл қазіргідей қуанып отыра беріңіз! Гүлдей жайнап жүз жасаңыз, апа!

Қиясына өмірдің өрлеп көрді,
Ел-жұрты үшін ерінбей еңбектенді.
Ортамызда ақылшы Алма апамыз,
Сеңгіріне сексеннің сергек келді.

Еркелетіп немере, шөберсін,
Кәрілікті апамыз елемесін.
Үрім-бұтақ, ұрпағы құттықтаймыз,
Тіршіліктің қызығын көре берсін.

Атақты сексен келдің бе,
Алайын деп сырымды.
Сезікті сексен, келдің бе,
Табайын деп мінімді.
Сүйкімсіз сексен, келдің бе,
Қатырғалы буынды.
Айналдырмай аулақ жүр,
Көрсетпеймін шенімді.
Тұсауым жоқ аяқта,
Сүйенгем жоқ таяққа.
Сыр алдырман сексенге,
Тоқсан, жүзің қай жақта?
Кіндік кескен, кір жуып,
Мәтібұлақ жартасты,
Қозы жайған, қой баққан,
Өскен жерлер алғашқы.
Жүрген өлкем сұлутөр,
Қордай, Жайсаң, Қоңырбел,
Тұрған жерім "Киров-ты".
Шалқыған өлкем Жетісу,
Жүрген жерім думан ду,
Салқын сая көк торғын,
Мөлдір бұлақ, орман ну,
Аралаған Алатау,
Қазақ, қырғыз тамаша-ау!
Алтай, Арқа, Көкшетау,
Айналасы бақша-бау,
Кенді көне Қаратау,
Кеннің қоры ана тау,
Орал, Орда, Маңғыстау.
Барған жерім ән шырқау,
Тоғыз бардым Мәскеуге,
Елдің тойын бастауға.
Бардым бірде Кавказға,
Алып Жамбыл қарт барда,
Ұлы Отанның көп жерін,
Өнеріммен көргенмін.
Ел алғысын көп алып,
Ел уызын емгенмін...

Тай уйреттім тепсеңге,
Келді Кенен сексенге.
Екі Кенен тумайды,
Алатауға ексең де.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Оқырман Олжас
    Оқырман Олжас 24.12.2021 02:29
    1 + 3 -
    Маған 80 жас әкемізге тілек керек аты Назымхан нағашы әжем
    1. Әке 80 жас туған күніңмен
      2 + 1 -
      Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
      Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
      Құтты болсын сексен жасың, әкетай,
      Өзіңізді бір құдайым демесін.
      Бәйтерексіз жапырағы жайқалған,
      Барша жұртқа жақсылығы байқалған.
      Есен болсын ұрпағыңыз көрінген.
      Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
      Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
      Жас қосылсын, әкетай, жасыңызға,
  2. 80 жас
    80 жас 10.01.2021 16:36
    1 + 1 -
    80 жасқа тілектер керемет ?