27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )

 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: 27-сабақ. Ч, щ дыбыстары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу;
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.2.5.1* берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың барлығы:
- берілген тақырып бойынша түрлі дереккөздерден ақпарат алу, жүйелеуді үйренеді;
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- үлгі негізінде ч-щ әрпі бар сөздерді есте сақтап сауатты жазады;
- жіберілген қателерді талдау арқылы табады.
Оқушылардың көпшілігі:
- берілген тақырып бойынша түрлі дереккөздерден ақпарат табу жолын біледі, жүйелейді;
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- сөз құрамында ч-щ дыбыстарын ажыратып, сауатты жазады;
- жіберілген қателерді сөздермен сәйкестендіру арқылы табады.
Оқушылардың кейбірі:
- берілген тақырып бойынша түрлі дереккөздерді іріктеп, ақпарат табу жолын, жүйелейді;
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрай алады;
сөз құрамында ч-щ әрпі бар сөздерді сөйлем құрамында сауатты жазады;
жіберілген қателерді өз бетінше түзетеді.
Сабақ барысы: (Т, Қ) Ребус шешу. Топ оқушылары үйде құрастырған ребустарын алмасып, шешеді. Сыныпқа жұмыстарын таныстырады. Көрмеге орналастырады. Ең қызық, ең күрделі ребустарды белгілеу.
Кері байланыс: «Қай ребус ұнады? Неліктен?»
(Ұ) Сабақ мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін белгілеу. Артиуляциядық жаттығу.
3.4.1.3 (ОТ; Ө; Ұ; Қ) Есте сақтау диктанты. Ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу.
31-жаттығу. Кестедегі сөздерді жаттау (30 сек). Жатқа жазу. Жазған жұмысын тексеру, өзіндік бағалау.
Саралау
- ч-щ әріптерінің астын сызу;
- кестедегі әр бағаннан 1 сөзден таңдап, өзара байланыстырып 1 сөйлем құрастырып жазу.
Ш, щ, ч дыбыстарын жеке-жеке айтып, өзара салыстырады. Сөз құрамында ш, щ, ч дыбыстарының орнын анықтайды. Кестедегі жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді. Анықтамамен танысу.
3.1.1.1 (МК; Ө; Ж; Қ) 32-жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқу, тірек сөздерді белгілеу. Ашық және жабық сұрақтарға жауап беру.
Тірек сөздермен алмасу.
Ащы, ашшы сөздерінің айтылуы мен жазылуын салыстырып, тұжырым жасайды. Щ әрпі қай сөздерде жазылатынын айтып, дәлелдейді.
- Өлеңнен қандай пайдалы ақпарат алдың?
- Автор осы өлең арылы не туралы айтқысы келді?......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 232



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі