№14-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )

 №14-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат»
Сабақ тақырыбы: №14-сабақ Мәтін және оның түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтіннің түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
- тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін анықтай алады;
- сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді
Оқушылардың көбі:
- диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
- тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
- диалогке белсенді қатысады
Оқушылардың кейбірі:
- берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
- әңгімелеу мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
- диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) Психологиялық ахуал. Парталас жұбына ыстық лебіз білдіру.
ІІ. (Т) Өткенді бекіту.
Оқушыларға сұрақтар тізбегі беріледі: не істеді? қандай? неліктен?
- Осы сұрақтарды қойғанда қандай ой туындауы мүмкін? Мәтіндермен байланысы бар ма? Болса қандай?
- Өткен сабақта не туралы айттық?
Ө; Ұ; Қ) Мақал-мәтелдердегі жасырынған сөздерді табу. Талдау жасау.
«Сіз» деген ,
«Біз» деген көмек.
Үлкенге – құрмет,
Кішіге – .
Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы жанды жылытар.
Шешуі: әдеп, ізет, сөз.
Мақалдардың мағынасына талдау жасап, түсіндіреді.
Жасырынған сөздерге қарап жаңа сабақтың тақырыбын болжату.
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.
ІV. Негізгі бөлім
3.2.4.1 (Ұ; Т; Қ) Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтау. Мәтінге ат қою. Пікірлерін жазу.
52-жаттығу. Мәтінді оқиды. Мәтіннің не туралы екенін сұрақ-жауап әдісі арқылы анықтап, мазмұнын айтады.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, ат қояды.
Балалар нені дұрыс істемегенін топта талқылап, олардың әрекетіне өз пікірлерін жазады.
Жазған жұмыстарын топта жариялап, талқылайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
Бағалау дескрипторы:
- мәтінді дұрыс түсініп оқиды;
- мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
- мәтінге ат қояды
3.3.5.1 (МК; Ө; Қ) Мақалды көркемдеп жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
53-жаттығу. Мақалды көркемдеп жазады. Мақалдың мағынасын топта талқылайды.
Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
Бағалау дескрипторы:
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі таза, қатесіз жазады.
(МК; Т) Ұсынылған тақырып бойынша қойылым дайындау.
Топтық тапсырманың мақсаты түсіндіріледі. Қамқорлық тақырыбына оқушылармен әңгіме ұйымдастырылады. Өз пікірлерін білдіреді. Әрі қарай мұғалімнің басшылығымен «Қамқорлық» тақырыбына сахналық қойылым дайындайды.
Жұмыстарын топта жариялайды.
Мақсаты: Әр оқушының нақты іс әрекетін тудыра отырып, бірлесе жұмыс жасауға баулу. Тірек сөздерді пайдалана отырып, берілген тақырыпқа мәтін құрастыру.
Тапсырма: Тірек сөздердің көмегімен «Қамқорлық» тақырыбында әңгіме құрау. Әңгіме желісі бойынша сахналық қойылымды дайындап көрсету.
Мұғалім ұсынған тірек сөздермен әңгіме құрап сахналық қойылыммен таныстырады.
Тірек сөздер: жақсылық, жомарттық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік т.б.
3.2.1.1 (МК; Т; Қ) Сызба бойынша мәтін құрау. Дәлелдеу жасау.
54-жаттығу. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Өздері қалаған бір тақырып аясында сызбаны басшылыққа алып, көркем мәтін құрайды.
Орындалған жұмысты топта жариялап оқиды. Құраған мәтінінің көркем мәтін екенін дәлелдейді.
Мақсаты: Әрбір топ мүшесінің өз ойын толық жеткізіп, басқамен де келісімге, бітімге келе отырып жұмыс жасауға үйрету. Сызба бойынша берілген тақырыпқа мәтін құрастыру.
Тапсырма: Сызба бойынша әңгіме құрап таныстырады. Топтар бір-бірін дескриптор арқылы өзара бағалайды.
Бағалау дескрипторы:
• мәтін мазмұнының жүйесі сақталған;
• тақырыптан ауытқымайды;
• мәтін көркем мәтін жанры бойынша сызбаға сәйкес құрылған
3.1.3.1 (Т, Қ) Түрлі жағдаяттағы тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.
Шығармашылық үзіліс
55-жаттығу. Тапсырма топтық жұмыс түрінде орындалады. Суреттердің көмегімен «Жанды табиғат өлі табиғатқа айналуы мүмкін» тақырыбында көпшілік алдында сөйлеуге дайындалады. Оқушылар берілген тақырып бойынша топта талқылаулар жасайды.
Оқулықта берілген жоспарды толықтырады.
Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты орындау және оны қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді және қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Ү л г і:
• тапсырманы орындау барысында тақырыптан ауытқымау;
• жоспарларында жанды табиғаттың өлу себептерін, оны болдырмау жолдарын қарастыру;
• интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
• сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.
Жұмыстарын топта жариялау.
Топ ішінде межеге алынатын талқылау сұрақтары:
1. Табиғат туралы 1 сөйлемнен тұратын түсініктеме бер. (Табиғат – бізді қоршаған орта.)
2. Табиғат неше топқа бөлінеді? (Жанды табиғат және өлі табиғат)
3. Жанды табиғат пен өлі табиғатты байланыстыр, мысал келтір. (Мысалы: Сусыз адам да, өсімдік те, жан-жануарлар да тіршілік ете алмайды.)
4. Не себепті жанды табиғат өлі табиғатқа айналады? (Тіршілік етуін тоқтатады. т.с.с.)
Топтық тапсырма: «Жанды табиғат» және «Өлі табиғат» ұғымдарына ассоциация құру.
Әр топ өз ойларын қағазға түсіреді. Әр топтан бір-бір оқушыдан қағазға жазғанын оқиды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 282



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі