6 - сабақ Мәтін түрі және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

 6 - сабақ Мәтін түрі және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: 6 - сабақ. Мәтін түрі және құрылымдық бөліктері Мектеп:
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
• жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
• тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін анықтай алады;
• мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
• тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
• тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
• сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
• әңгімелеу мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді .
Сабақ барысы: Психологиялық ахуал
Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
( Ұ) Өткенді пысықтау. Сызба арқылы бұзаудың белгісі, түрі, түсі, ерекшелігін атау, берілген тиісті сөзді орналастыру.
Заттың белгісі Түрі, түсі Ерекшелігі
Көркем жазу
(Сөз құрамында «ұ» дыбысы бар жануар атаулары)
Ұұ құстар, тұлпар, ұлар, құлан, құндыз, бұғы...
( М.К. Т.Ж) Оқушыларды «Мозайка» әдісі арқылы топқа біріктіру.
1- топ «Құстар»
Оюды сипаттау. Өлең не туралы болатынын болжау. Өлеңнен қарлығашты сипаттайтын сөздерді табу.
2-топ « Тұлпар»
Оюды сипаттау. Өлең не туралы болатынын болжау. Өлеңнен жылқыны сипаттайтын сөздерді табу.
3 топ « Бота»
Оюды сипаттау. Өлең не туралы болатынын болжау. Өлеңнен ботаны сипаттайтын сөздерді табу..
Қ.Б: Топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды
( М.К. Ұ) Оқушыларға заттың, ғылыми мәтінде және көркем мәтінде қалай суреттелетінін түсіндіру. Айырмашылығын қорғаған жұмыстары арқылы дәлелдеп көрсетіп беру.
Зат ғылыми мәтінде нақты, ал көркем мәтінде бейнелі суреттеледі.
Ғылыми мәтінде заттың қайда кездесетіні, сыртқы бейнесі ( түрі), адамның қалай пайдаланатыны ескереледі.
24-жаттығу ( М.К Ж.Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс»
«DEAL» әдісі арқылы тақырып пен суретке қарап, өлеңнің мазмұнын болжап, сипаттау мәтіні екенін дәлелдеу.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Суретте не бейнеленген?
- Ол қандай іс-әрекет жасап жатыр?
- Мазмұнын қалай болжауға болады?
- Сипаттау мәтін екенін қалай дәлелдер едің?
D – баяндау, суреттеу ( оқығанды, көргенді сипаттау )
E – түсіндіру( құбылыс, оқиға бойынша түсінгенін суреттеу )
A – талдау( ақпаратты талдау,қорытынды жасау, )
L – байланыс( болжамдар жасау )
Дескриптор;
-мазмұнын болжайды
-сипаттау мәтіні екенін дәлелдейді
Қ.Б: ою-өрнектер арқылы ынталандыру
25-жаттығу ( Ж.Ж) «Венн диаграммасы» жұптаса отырып жұмыс жасайды.
Мәтінді оқып, «Бүркіт» мәтінімен салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын жаз.Мәтіннің соңғы сөйлемін жаз.
-Ғылыми мәтін дегенміз не?
-Көркем мәтін дегенміз не?
-Екі мәтінді қандай белгілері бойынша салыстырамыз?
Дескриптор;
-мәтіндерді салыстырады
-айырмашылығын айтады
-ұқсастығын айтады
Қ.б: «Басбармақ» әдісі арқылы жұптар бір-біріне кері байланыс береді.
Есте сақтау диктанты. 26-жаттығу ( Ж.Ж) «Кім жылдам?» әдісі арқылы жаңылтпашты жаттап алып, жатқа жазу керек. Кейін жазған жаңылтпашын өзі тексереді
Атам томағаламаған бүркітті
Мен томаламағанда,
Кім томалағайды?
Дескриптор;
-жаңылтпашты жатқа жазады
Қ.Б: өзін-өзі смайлик арқылы бағалайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 208



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!