2-сабақ Тіл және сөйлеу (3 сынып, I тоқсан )

 2-сабақ Тіл және сөйлеу (3 сынып, I тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Тірі табиғат
Сабақ тақырыбы: 2-сабақ Тіл және сөйлеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу;-
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мәтіннің тақырыбын қоя алады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- мұғалімнің көмегімен оқып, тыңдаған материалдар бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады,
пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- мәтіннің тақырыбын табады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар
бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, оларға
жауап береді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі қарқынмен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбын табады, өз бетінше негізгі ойды анықтай алады;
- оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрады, мазмұнын сауатты жазады;
- мәтін мазмұнына сай сұрақтарды өз бетімен құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) Ауызекі және жазбаша сөйлеу түрін салыстыру. Ой қорытындысын жасау. «Венн диаграммасы» әдісі.
ІІ. Негізгі бөлім
(МК, Ө) Көркем жазу.
Кең жолды дәптерде жазу машығын қалыптастыру. Әріп элементтері мен сөздер:
6-жаттығу Мұқият тыңда. Сөйлеу мәнері кімге тән екенін анықта.
(Т. Ж) 7-жаттығу Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.
(Хал, салем хат, даңғыл) сөздерінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.
Халдеріңіз қалай, ата, әже? Ауырмай, сырқамай жүрсіздер ме? Көкем жұмысын істеп жатыр ма? Бізде аман-саумыз...
Өтепберген Ақыпбекұлы
• Хатты әрі қарай жалғастырып, жаз.
(МК. Т. Ж) 8-жаттығу
8-жаттығу. Тапсырмалар арқылы сөйлеудің қай түрі жүзеге асырылғанын анықтатып, дәлелдеулер жасатылады. Кестеге сөйлеу түрі мен оған сәйкес тапсырма тұсына «+» таңбасын қояды. Жұмыстарын топта жариялап оқиды.
Сөйлеу түрлері 6-жаттығу 7-жаттығу
1 тапсырма 2 тапсырма
ауызша
жазбаша
Бағалау дескрипторы:
- Берілген ақпарат бойынша рольге енеді;
- Сөйлеу мәнері кімге тән екенін табады;
- Хатты жалғастырып жазады;
- Сөйлеу түрлеріне ажыратады;
- Тілдік және этикалық нормаларды сақтап сөйлейді;
- Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.
Сергіту сәті (Ұ, Ж, қ) «Айна» әдісі
Мақсаты:Оқушылардың ым, дене қимылы арқылы ширату жаттығуларын орындай отырып, сабаққа қызығушылығын аудару.
(Ө. Т, Ж, қ) Тыңдалым. Тіл- қарым-қатынас құралы
Мақсаты: Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, жауап береді. Дайындаған сұрақтарын топ алдында айтып, сұраққа жауап алады. Ақпаратты есте сақтай отырып, сөйлеу мәнеріне зер салады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды, жоспар құрады. Жоспар бойынша мазмұндама жазады.
Бағалау дескрипторы:
- Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді;
- Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің ерекшеліктерін біледі;
- Мәтінге жоспар құрады;
- Мазмұндама жазады;
- Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жаза отырып, жазу қарқынын жеделдетеді.
(ЖЖ) Шығармашылық үзіліс. «Көңілді алфавит» ойыны
Мақсаты:Оқушылардың білімді ой елегінен өткізіп, саралауға негізделген. Есте сақтау қабілетін дамытатын жаттығудың бірі. Жұпта өзара ақылдасып, ойларымен бөлісіп, шешім қабылдайды.
Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, сабақта оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып, тақырып туралы білімдерін ортаға салады. Мысалы, «Тіл, сөйлеу, ауызекі сөйлеу, жазбаша сөйлеу, қаратпа сөз т б»
. Бағалау дескрипторы:
- тақырып туралы білімдерін ортаға салады;
- өтілген тақырыпты есте сақтайды;
- тіл және сөйлеу тақырыбындағы білімді меңгереді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 482



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі