Ұшу және ұшу көліктері туралы оқу (2 сынып, IV тоқсан )

  Ұшу және ұшу көліктері туралы оқу (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы: Ұшу және ұшу көліктері туралы оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) Т/А3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру және мазмұндау
О1 Ақпаратты түсіну
Сабақ мақсаттары: Баяндау арқылы оқиғаны өз бетінше мазмұндай алады
Сөйлеу қабілетін дамытады және көпмағыналы сөздерді қолдана бастайды.
Тыңдаушыны қызықтыру үшін көркем-бейнелі сөздерді (сын есім, т.б.) пайдаланады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.
Аспанға қарап ай көрдім
Төменге қарап жер көрдім
Оңға, солға бұрылып
Егеменді ел көрдім.
Оқушылар шеңберде тұрып бір-біріне сәттілік айтады.
“Мен-саған,сен-маған” ойыны
1) Саяхат деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2) Қайда саяхат жасауға болады?
3) Саяхатқа немен шығуға болады?
4) Сен қайда саязатқа бардың?
5) Саяхат сөзінде неше дауыссыз дыбыс бар?
II. Қызығушылықты ояту. Жұмбақ жасыру:
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді
Проблемалық сұрақ. Қандай ұшу көліктерін білесіңдер?
Сонымен бүгінгі тақырыбымыз не жайлы болмақшы?
Сабақтың тақырыбы: Ұшу және ұшу көліктері туралы оқу
Мақсаты: Тыңдаушыны қызықтыру үшін көркем-бейнелі сөздерді (сын есім, т.б.) пайдаланады.
Ұшу көліктері жайында не білесіңдер? ББҮ кестені толтыру
Білемін Білдім Білгім келеді.
Саяхатқа немен шығуға болады?Көліктермен
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
/ Барлық оқушылар ұшқыштар туралы, ұшақтар туралы біледі.
Ә/ Ұшқыш болу қиын екенін біледі
а) Көпшілігі ұшақ түрлерін біледі.
ә) Автор туралы біледі
б/ ұшқыштар мерекесін біледі
а)Аспан әлемі туралы біледі.
ә) Ұшқыш пен ғарышкерді ажырата алады
(МК) Бағытталған оқу әдісін қолданып, бірнеше күн бойы тақырыпқа байланысты таңдап алынған әңгімелер жиынтығын оқу Барлық әңгімелер ұшу және ұшу көлігі туралы болуы керек. Әр әңгімені оқымай тұрып, мұқабасын сыныпқа көрсету. Оқушылардан оны әдеби шығармаға жатқызуға бола ма, оның сюжеті не туралы болуы мүмкін деп сұрау Әңгіменің атын дауыстап оқу. Тақырып не жайында, әңгіме не туралы болуы мүмкін?
Сөздерді оқу әдістерін қолданудың жолын көрсету. Оқушыларды сол әдістерді өздігінен пайдаланып оқуға ынталандыру. Таныс емес сөздерді түсіну үшін түрлі әдіс қолдануға талаптандыру.
Мәтінмен жұмыс.
Қасым Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді» өлеңді оқу, талдау.
1. Мөлдір тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан,
Самолеттей сұңқармен
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді.
Көңілі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан,
Ұшқыш болғым келеді.
Ар – намысын ақтаған,
Жүректе жыр жаттаған,
Туған елім – ұясын
Жан – тәнімен сақтаған,
Ұшқыш болғым келеді.
Жаны жерлерге қонбаған,
Жатқан көңілі талмаған.
Асыл затты сұңқардай
Өз ұясын қорғаған,
Ұшқыш болғым келеді!
(Ұ) Әр әңгімені бірнеше сабақ бойы оқыту.. Әңгіменің маңызды тұсына келгенде тоқтап, енді не боларын болжауларын сұрау Неліктен олай ойлайтындарын анықтау.
(Ұ) Әңгімелерді бір-бірімен салыстыру.. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Ұнатқан әңгімелерді талқылау. Әңгіме сюжеті мен баяндау тілін қолданып, өз ойларын түсіндіріп берулерін сұрау..
Тақтамен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Байқоңыр.
Ғарышкерлер мекені -
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай соған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр!
Топпен жұмыс.
Түрлі түсті қағаздан.ұшақ маркаларын құрастыру арқылы топтастыру:
1-топ Тікұшақ
2-топ: Зымыран
3-топ: Ұшақ
4-топ:Әуе шары
Бейнефильмнен үзінді «Менің балалық шағымның аспаны»
Ойын «Кім көп біледі?» (Орысша – қазақша сөздіктер)
Планета – Ғалам Зымыран - ракета
Космос – Ғарыш Жер шары - глобус
Космонавт – Ғарышкер Көк аспан – синее небо
Самолет – ұшақ Жұлдыз – звезда
Сергіту сәті. «Көңілді күн»
Үйге тапсырма беру: «Менің алғашқы ұшағым» шағын мәтін жазу.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 443



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?