Аңыз-ертегілер оқимын Еліктеймін жаңалық енгіземін және оқиғаны ойдан шығара аламын (2 сынып, III тоқсан )

 Аңыз-ертегілер оқимын  Еліктеймін жаңалық енгіземін және оқиғаны ойдан шығара аламын (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Аңыз-ертегілер оқимын. Еліктеймін жаңалық енгіземін және оқиғаны ойдан шығара аламын
Оқу мақсаттары: 2.2.10.1 мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу
Сабақ мақсаттары: Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, тақырыбы мен мақсатын айтып, топқа бөлу.
Психологиялық дайындық орындау.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Кім тапқыр?»
оқушылар суретке қарай отырып, сабақтың тақырыбын анықтау керек.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критерийін анықтау
(Ұ,Т) «Блиц турнир»
Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өткен білімдерін қайта жаңғырту.
Сұрақтар:
- Сөз неден тұрады?
- Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?
- Сөйлем неден құралады?
- Сөз бен сөз тіркесінің айырмашылығы неде?
- Мәтін неден құралады?
- Сөйлем дегеніміз не?
- Мәтіннің қандай түрлері бар?
- Мәтін болу үшін нені ескеру керек?
(Ұ, Т) «Сиқырлы қорапша» ойыны
Мақсаты: Сөздерден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрауға дағдыландыру.
«Сиқырлы қораптың» ішінде түрлі заттар салынған. Оқушы таңдалған зат атауын қатыстыра отырып сөйлем құрау керек.
/Әрбір топтан кезекпен оқушылар шығып тапсырманы орындайды/.
(Т) Суретпен жұмыс.
Мақсаты: сурет бойынша әңгіме құрастыра білуге дағдылану.
Топ бойынша сюжетті суреттер арқылы ұнаған ертегі бойынша өз нұсқаларын жазады. (жоспарын құрастырады, сипаттау сөздер тізбегін құрастырады)
Дифференциация
Жазушылар (оқушылар )әңгімені өзгерте алады. Қабілеті жоғары оқушылар өз әңгімелерін жаза алады, ал қабілеті төмен оқушылар мазмұнын айта алады.
Әрбір топқа сипаттау сөздерді жазатын және жоспар құрастыруға парақшалар таратылады.
(Т) Мәтінмен жұмыс.
Мақсаты: Мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.
Тапсырма орындалып болған соң, топ мүшелері сұрақ қоя отырып, мәтін түрін анықтайды.
• Әрбір топ өздерінің құрастырған мәтіндерін оқиды, негізгі ойын анықтайды, мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырады.
Топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 178



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!