Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын Сөз құрамы (2 сынып, III тоқсан )

 Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын Сөз құрамы (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы: Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз құрамы
Оқу мақсаты: 1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
Сабақтың мақсаттары:
2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Суреттерді көрсетіп, сабақтың тақырыбын болжату. Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Сабақтың мақсатын қою.
(Ж) Сілтеме бойынша бейнематериалды көрсету, сұрақтар қою.
-Бейнематериал не туралы?
-Спорттың адам өміріне пайдасы қандай?
-Сендер спорттың қай түрін ұнатасыңдар?
(Т) Сабақтың басында көрсетілген суреттер бойынша әңгіме құруды сұрау.
(1. (1.Қалың киінген бала, басында тымақ. Анасы шарф байлап беріп жатыр. 2. Тұмаумен ауырып жатқан сол бала. 3. Сол бала қалың киінген. Жанында екі ұл бала бар. Олар оны мазақ етіп тұр. 4. Сол ұл бала футбол ойнап жүр)
(МК,Ұ) Оқушыларға «Шыбық тимес шыңқ етер» өлеңін тыңдату. Тыңдап болғаннан кейін төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұрау.
-Бұл өлең не жайында?
-Өлеңде не жазылған?
- Өлеңдегі бала қандай?
- Саматқа ұқсағыларың келеді ме?
- Саматтың достарының жасағаны дұрыс па?
Сөздікпен жұмыс.
Өлең ішіндегі түсінбеген сөздерді сөздіктен тауып, мағынасын түсіндіру. «Қам су, қара су, зауқы соғу, Брюссель» деген тірек сөздердің мағынасын анықтау жұмысы жүргізіледі. Сөздермен ауызша сөйлем құрауды ұсыну.
(Ж) Венн диаграммасы бойынша өлең мен суретті салыстырады.
Сурет Ұқсастығы Өлең
(Ө) Жұмбақтарды шеш. Зат есімдердің астын сызып, сөз құрамына талда.
Табанға қанжар байладым,
Бетінде айна ойнадым (коньки)
Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң ұшып жоғары,
Жерге түсре домалап (доп)
Үйге: Карточкамен жұмыс.
Қажетті сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді аяқта.
Балалар ... алды. Мен ... тебемін. Біз таудан ... сырғанаймыз. Мұз айдынында ... тебеміз. Айбек ... киді. Мен ... сатып алдым. Мен ... спортымен айналысамын.
Қажетті сөздер: доп, велосипед, шаңғымен, коньки, былғары қолғап, спорттық форма, еркін күрес.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 776



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!