Шеруге шығамыз №4 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

 Шеруге шығамыз №4 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Шеруге шығамыз №4
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
4.2 Тыңдаған/оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту
3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
тыңдаған және оқыған материалдың мазмұнын мұғалімнің қолдауымен жазады, каллиграфиялық жазуын сақтайды.
Оқушылардың көпшілігі:
тыңдаған және оқыған материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазады, каллиграфиялық жазуын сақтайды.
Оқушылардың кейбірі:
тірек сөздерді қолданып мәтіннің мазмұнын айтады және жазады,
жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
Сабақ барысы: «Шаттық шеңберіне» шақыру
Оқушылар бір-бірімен амандасады. Амандасу сөздерін еске түсіреді:
Армысың!
Сәлем!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіз бе!
Амнсызсыз ба!
Қайырлы күн!
Қайырлы кеш! т.б.
Ой шақыру
(Ұ) Суретке мұқият қара. Сұрақтарға жауап бер.
- Суретте не бейнеленген?
- Бұл мейрам қалай аталады?
- Бірлік күні қашан тойланады?
Сабақтың тақырыбын болжату
(Шеруге шығамыз)
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• Тірек сөздерді қолданып мәтіннің мазмұнын айтамын және жазамын;
• жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтаймын.
Мағынаны тану
Жаңа сөздер
(ЖЖ) Сөздерді суретпен салыстыру арқылы меңгерту.
Бірлік
Шеру
Алаң
Дамыту жолдары:
˗ сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
˗ сөздермен сөйлемдер ойластыру;
˗ дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
˗ сөздерді дауыстап айтқызу.
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын
Жіктік жалғауды қайтала.
Мұғалім сөздің басын дауыстап айтады, кез-келген оқушы жалғауын жалғастырады. Оқушы қателессе, қасында отырған көршісі түзетеді.
Мен мерекелеймін
Сен мерекелейсің
Сіз мерекелейсіз
Ол мерекелейді
1-тапсырма:
(Ұ) Мәтінді тыңда. Түсінгеніңді айт. Мәтінді екі рет тыңдайды. Бірінші тыңдағанда тірек сөздерді жазып алады. Екінші рет тыңдаған соң тірек сөздерге сүйеніп мазмұнын айтады.
2-тапсырма:
(Ұ) Мәтінді түсініп оқы.
Мәтінді мұқият тізбектеп дауыстап оқиды. Түсінбеген сөздерді талқылайды. Мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді.
1 мамыр – Бірлік пен достық күні. Бұл күнді барлық адамдар мерекелейді. Бірлік болса, адамдар жақсы өмір сүреді.
Меркеде алаңда өткізеді. Адамдар ән салады, би билейді. Адамдар бір–біріне: «1 мамыр құтты болсын!», «бірлік күні құтты болсын!» – дейді.
Кері байланыс
Тапсырма қызықты болды ма?
3-тапсырма:
(Ж) Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, жаз.
Тапсырманы дауыстап оқып, талқылайды. Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазады. Жұптар жұмыстарымен алмасып өзара бағалайды.
1. 1 мамыр – ... пен достық күні.
2. Біз Бірлік күнін ... .
3. Мен ... барамын.
4. Шеру алаңда ... .
5. ... орталықта.
Қажет сөздер: шеруге, мерекелейміз, Бірлік, алаң, өтеді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 488



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?